Елімізде жүргізуші куәлігінің берілу тәртібі қатаң қадағаланбақ. Бұл туралы ел халқына Жолдауында Мемлекет басшысы жеткізді.
«Жүргізушілерді даярлау деңгейінің де төмендеп кеткені жасырын емес. Жүргізуші куәлігін арнайы оқымай-ақ алатын жайттар бар. Үкімет, әкімдер, Ішкі істер министрлігі батыл қадам жасауы керек. Депутаттар бұл мәселені назарда ұстауға тиіс» – деді Президент.
Мемлекет басшысы автокөліктердің техникалық жағдайын бақылап-тексерудің де маңыздылығын ескертті.
Жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және интеллектуалдық жүйені енгізу арқылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. Бұл – жергілікті ғана емес, республикалық жолдарға да қатысты мәселе. Осы салаға жауапты мекеме автокөліктердің техникалық жағдайына тиісті бақылау жасауы қажет, деді Тоқаев.
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ





