Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің Алматыда өтетін жекпе-жегінде кімге қарсы жұдырықтасатыны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматыда өтетін бокс кешінде шаршы алаңға қайта оралатын Данияр Елеусіновтің қарсыласы белгілі болды. IBO тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы 28 қыркүйек күні AllStarsBoxing кешінде филиппиндік Джо Нойнэйға қарсы жұдырықтасады. Бұл Даниярдың кәсіби мансабындағы он екінші жекпе-жегі болса, Джо үшін 28 жекпе-жек болмақ.
Сондай-ақ бұл кеште IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Жанқош Тұраров та шаршы алаңға шығады.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов (11-0,6 КО) соңғы жекпе-жегін Астанада болған «Чемпиондар түні IBА» – «Astana Arlans» турнирінде өткізді. Ол 6 раундтық кездесуде Джабулани Макхенсені төрешілер шешімімен ұтқан еді.
Фото: Instagram.com/ yeleussinovdaniyar





