Талдықорған: +8°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ИНКЛЮЗИВТІ  ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

14 тамыз 2024
РУХАНИЯТ
ИНКЛЮЗИВТІ  ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл-ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Олар да өз қатарынан қалмай, барынша толық білім алуға құқылы. Сондықтан ұстаздар үнемі ізденіс үстінде жүріп, баланың толық білім алуына жағдай жасайды. 


Баланың денсаулығына байланысты ақыл-ой кемістігі төмен болғандықтан мұғалімнің білім деңгейі анағұрлым жоғары болғаны жөн. Инклюзивті білім беретін ұстаз үнемі ізденіс үстінде жүруі керек. Себебі, баланың жас деңгейіне, ақпаратты қабылдап, қорытындылауына көмек көрсете отырып сапалы білім беру басты міндетіміз. 

Бірінші, баланы қоршаған ортаға бейімдеуге көп күш жұмсап, олар да осы қоғамның белді мүшесі екенін айтып отырудан жалықпаймыз. Егер баланың моторикасы дұрыс дамымай, қалам ұстауға саусақтарының ыңғайы келмесе моторикалық жұмысты күшейтеміз. Баланың бар ынта-жігерін шыңдап, жұмыстан нәтиже шығарғанша тер төгеміз. Сондықтан түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеріп, тәжірибеде қолданамыз. Мысалы, «Өзін-өзін үйрету қаламсабы» атты әдіс-тәсілдің оң нәтиже бергенін оқушыларымның жұмысынан байқаймын. Өз бетінше тапсырманы орындау арқылы олар көптеген дүние үйреніп, соның нәтижесін көруде. Оған, ең бірінші, оқушы қуанады. Себебі, бұл бала үшін үлкен жеңіспен пара-пар. 

«Айналадағы әлем». Аты айтып тұрғандай бұл әдіспен білім алған балалар айналамен етене танысады. Қарапайым ғана қоршаған ортадағы заттарды айту, жаттау тәсілдерін қолданып, жетістікке жетеді. Мәселен, балаға сыныптың ішіндегі әрбір затты таныстырып, жаттату арқылы оқушының мектеппен байланысын қалыптастырамыз. Сонымен қатар ұстаздық тәжірибемде жақсы нәтиже көрсеткен «Жұмсақ кілемше» әдісін ерекше атап өткім келеді. Бұл әдістен оқушыларым әріптерді айтып қана қоймай жаттап, жеке қалташаларға дауысты, дауыссыз әріптерді жинап үйренеді. 

Жалпы, бала қиялын қанаттандырып, олардың білім алуы үшін психологиялық интерактивті жаттығулар, әдістерді меңгерту арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың жарқын болашағына жол ашуға болады. Мүмкіндігі шектеулі балалар да басқа оқушылардан қалыс қалмай, тең қоғамда білім алуына толық құқығы бар. Сондықтан да мұндай балалардың болашағы жарқын, келешегі кемел болсын десек, қоғам болып атсалысайық. 

Мадина БАЙТҰРСЫНОВА, 
 Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектептің
 педагог-ассистенті
Талдықорған қаласы 

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.