Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЖАЗ — ШАРУА АЙЫ

4 шілде 2024
ЭКОНОМИКА
ЖАЗ - ШАРУА АЙЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ауылдықтар жем-шөп дайындауға қызу кірісті. Өйткені, табиғат берген мол ырыздықты уақытылы жинап алмаса, қыс қысқанда қиналып қалатынымыз рас. Төрт түлік азығын әзірлеуге ауа райы да қолайлылық танытып тұр. Еңбекке қызу кіріскендер дала төсін дүбірге бөлеп, бел жазбай тер төгуде. Мал азығын әзірлеуге күреңбелдіктер де белсене атсалысып жатыр.


Аудан бойынша биыл 312,7 мың тонна мал азығын дайындау жоспарланған. Соның ішінде шөп, сабан, пішендеме, сүрлем және мал азықтық жем бар. Бүгінге дейін қысқа қажет азықтың 119, 4  мың тоннасы әзірленіп, шөптің 114,7 тоннасы жиналды. Сондай-ақ, өңірде 117 399 гектар егістік жерді игеру көзделген, соның бүгінде 26 мың 85 гектарына күздік бидай себіліпті. Осы уақытқа дейін тырмалануы тиіс алқаптардағы жұмыстар да толық біткен. Бұдан бөлек, жаздық дәнді дақылдардың тұқымын себу, картоп отырғызу сияқты шаруалар талапқа сай орындалған.

Ал бағалы дақыл саналатын тәтті түбір тұқымы 700 гектар жерге себіліп, жұмыстар уақытылы іске асты. Сонымен бірге биылғы егістік алқаптарына қажет минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерге сұраныс пен өтінімдер берілді. Өңірдегі шаруашылық құрылымдарын тұқым дәрілейтін улы химикаттар мен пестицидтер және минералды тыңайтқыштармен қамту ісі де өз деңгейінде атқарылған. Шегіртке тектес, басқа да аса қауіпті зиянды организмдердің, өсімдік зиянкестерінің жаппай таралып, ауылшаруашылығы дақылдары өнімдеріне зиянын тигізуге жол бермеу мақсатында жұмыс тобы құрылған. 

Айта кетейік, ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге биыл 515 тоннаға жанар-жағармайға келісімшарт жасалып, бүгінгі күнге 1160 тонна жанармай алыныпты. Шаруа қожалықтарына көктемгі науқанға қажет жанар-жағармай 250 теңгеден таратылған. Қазіргі уақытта ауылшаруашылығы техникаларын қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ететін 3 сауда орны жұмыс істейді. Оның екеуі Сарыөзек ауылында, біреуі  Қоғалы ауылдық округінде орналасқан. Ауылдық округтердегі  шаруашылық құрылымдарында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу кезінде техника қауіпсіздігін сақтау үшін арнайы журналдар толтырылып, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау туралы талаптар қойылған.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
 

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

26 қараша 2026
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

26 қараша 2026
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.