Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЕЛІМІЗДЕ БЕС ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҚ ҚҰРЫЛАДЫ

2 шілде 2024
ЭКОНОМИКА
ЕЛІМІЗДЕ БЕС ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҚ ҚҰРЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Инженерлік білім мен ғылымдағы жаңа технологиялардың ғылыми-зерттеу хабы құрылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігінен мәлім етті. 


«2029 жылға дейінгі Жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасында «Университет ғылымы» бөлімі көзделген. Онда негізгі назар үш негізгі бағытқа шоғырландырылады: ғылыми-технологиялық және инжинирингтік парктер құру; университеттер мен ғылыми ұйымдарды интеграциялау; эндаумент-қорларды қалыптастыру. Бірінші бағыт аясында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарls іске асыратын ғылыми ұйымдарды, ЖОО, кәсіпорындарды трансформациялау жолымен бес ғылыми-өндірістік орталық құрылады. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің даму бағдарламасы аясында инженерлік білім мен ғылымдағы жаңа технологиялардың ғылыми-зерттеу хабы құрылатын болады. Мемлекет басшысының ҚР Ұлттық ғылым академиясының мерейтойлық сессиясында берген тапсырмасы аясында ғылыми зертханалар мен тәжірибелік-сынақ инфрақұрылымын дамытуға мақсатты гранттар бөле отырып, университеттер жанындағы ғылыми-технологиялық парктерді қолдау бағдарламасы әзірленіп, іске асырылады. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында конструкторлық бюролардың, инжинирингтік орталықтардың, бизнес-инкубаторлардың, инновациялық орталықтардың, технологияларды коммерцияландыру мен трансферттеудің өңірлік орталықтарының, жобалық конструкторлық бюролардың және инфрақұрылымның басқа да элементтерінің жұмыс істеуі үшін университеттер жанындағы ғылыми-технологиялық парктер мен инжинирингтік орталықтарға қолдау көрсету мәселелері пысықталуда», — деп атап өтті министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведомство мәліметінше, екінші бағыт бойынша ҒЗИ мен университеттердің жетекші әлемдік ғылыми орталықтармен әріптестігін нығайту арқылы отандық ғылымды халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциялау күшейтіледі. Жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарында докторанттар мен магистранттардың тағылымдамадан өту тәжірибесі де кеңеюде. Диссертациялық кеңестерге ҒЗИ ғалымдары қатысады. 

«Үшінші бағытты іске асыру елімізде университеттер жанындағы эндаумент-қорлар мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Ол үшін эндаумент-қорларды реттеу жөніндегі Заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді. Эндаумент-қорларға және оларды басқаруға қайырымдылық жасау үшін салықтық ынталандыруды енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді. Жоғарыда аталған үш бағыт бойынша іс-шараларды табысты іске асыру Scimago рейтингінде қазақстандық ҒЗИ мен жоғары оқу орындарының санын арттыруға ықпал ететін болады», — деді министрліктен.

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

26 қараша 2026
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

26 қараша 2026
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.