Талдықорған: +2°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

АЛАКӨЛДЕГІ АҚПАРАТ ЖАНАШЫРЫ

29.06.2024
ЖАНСАРАЙ
АЛАКӨЛДЕГІ АҚПАРАТ ЖАНАШЫРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ауданның тыныс-тіршілігін тілшілер қауымына жеткізетін, толық ақпаратпен қамтитын аудандық баспасөз хатшылары. Бұрындары әрбір бөлімге хабарласып, ақпарат жинайтын біздер қазір тек осы маман иелерімен қоян-қолтық жұмыс істейміз. Олар өздеріне жүктелген жауапкершілік жүгін ауырсынбай көтеруде. Жылдамдық, ұқыптылық, шапшаңдық, қысқасы журналистке тән барлық қасиетті бір бойына жия білген Алакөл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы, әріптесіміз Айжан Мұратқызы жайлы ой қозғамақпыз.


Ақ шағалалы, айдынды Алакөлдің Үшарал қаласында дүние есігін 2001 жылы ашқан біздің кейіпкеріміз Абай атындағы қазақ орта мектебінің түлегі. Мектеп қабырғасында білім алып жүргенде-ақ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнін сүйіп оқып, мақала жазып, тіпті, поэзия әлеміне де қалам тербеген. Бар ынтасын оқуға, білімге арнаған Айжан  2019 жылы ҰБТ тапсырып, 107 ұпай жинап, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, филология факультетіне оқуға түседі. Белсенді студент «Til man» жайдарман командасында ойнап, Ілияс оқуларына қатысып, жүлделі орындардан көрініп, көптің ықыласына да бөленіп үлгерген. 

Жас маман Алакөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінен өндірістік-іс тәжірибеден өтеді. Жаңашылдыққа жаны құмар ол аудан әкімінің баспасөз хатшысы лауазымына жас маман іздеп жатқанын естіп, бірден жұмысқа орналасады. Міне, бұл Айжан Мұратқызының ең алғашқы еңбек жолы басталған қасиетті шаңырағы.

Үнемі көтеріңкі көңіл күймен жүретін Айжанды барша әріптестері жақсы көреді. Ол жаспен де, жасамыспен де тез тіл табыса алады. Ең бастысы – өз жұмысын бес саусақтай меңгерген маман. 

Әдемі әріптесіміздің әлемі де әдемі. Ол ешкімді жатсынбайды. Көмек сұраған жанға алып-ұшып тұратын мінезі де жоқ емес. Өмірге келген соң әдемі өмір сүруді мақсат еткен Айжанның арманы асқақ, мақсаты айқын. 

–  Қалам ұстаған адамда жауапкершілік екі есе жоғары болады. Себебі БАҚ өкілдері төртінші билік. Біздің қалам ұшындағы ойымызды, көтерген мәселемізді міндетті түрде жауапты тұлғалар естиді, нәтиже шығарады. Халық пен билік арасындағы алтын көпірдің нығаюына аз да болса үлес қосып жүргенімді зор мақтанышпен айтамын. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу сырт көзге оңай көрінгенімен  үлкен еңбекті қажет етеді. Халықты сапалы әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету, тұрғындардың талап-тілегіне, өтініштеріне ресми жауап ұсыну оңайға соқпайтыны рас. Әсіресе, мен үшін ең қиынға соққаны әлеуметтік желілерге, ресми сайттарға күнделікті жарияланған түрлі жағымсыз сипаттағы мақалаларға жауап беру. Ақпарат айдынында жүргеніме 1 жыл 6 ай болыпты. Осы уақыт аралығында мен көп дүние меңгердім.  Бұл мен үшін үлкен жетістік. Әр жетістік адам баласы үшін келесі биікке шығудың баспалдағы. Менің осы дәрежеге жетуімнің де артында тынымсыз еңбек, маңдай тер тұр. Оңы мен солын екшеп-айыра алмайтын, қанаты енді қатайып келе жатқан жас маманды жігерлендіріп, рухтандырып, көңілімді марқайтып жүрген Алакөл аудандық әкімдігінің ұжымына алғыс айтамын», – дейді жас маман. 

Ақпарат айдынының аққуындай болған Айжанның істеген әрбір ісі нәтижелі. Олай болса, әріптесімізге өмір жолың да ақ, түзу болсын деп тілейміз! 

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: жаңа генерация мен инвестициялар еліміздің энергетика жүйесіне өзгерістер әкелуде

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: жаңа генерация мен инвестициялар еліміздің энергетика жүйесіне өзгерістер әкелуде

05.02.2026
Пікір алмасты

Пікір алмасты

05.02.2026
Мал азығы жеткілікті

Мал азығы жеткілікті

05.02.2026
Талдықорғанда 21 ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесіне үкім шықты

Талдықорғанда 21 ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесіне үкім шықты

05.02.2026
Ақсу қант зауытының өкілдерімен және аудан шаруа қожалықтарымен жиын өтті

Ақсу қант зауытының өкілдерімен және аудан шаруа қожалықтарымен жиын өтті

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.