Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Утильалым мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

14 маусым 2024
КҮНДЕРЕК
Утильалым мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алаңында утильалымына қатысты петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. 

Жұмыс тобының құрамына депутаттар, Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің вице-министрлері, Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, Жасыл Даму» АҚ, «Қазақстанның автокөлік одағы» ЗТБ, «Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағы» ЗТБ, «Қазақстанның тәуелсіз бизнес одағы» ЗТБ өкілдері кірді. Сонымен қатар петиция бастамашылары қатарынан «Республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілер одағы» ассоциациялары, дербес автомобиль одағы және «Әділдік үшін» ҚҚ өкілдері енді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіОтырысты кіріспе сөзімен ашқан вице-министр петицияға 50 мың адам қол қойғанын және оны қарау әрі тиімді талқылау, сондай-ақ барлық тараптың мүдделеріне сай келетін шешімдерді әзірлеу үшін жан-жақты қарау маңызды екенін атап өтті.

Петиция бастамашысы өз сөзінде утиль алымының экономика салаларына, атап айтқанда автомобиль өнеркәсібіне, құрылыс, жол және арнайы техника өндірісіне тигізетін әсері туралы айтты. Басқосу барысындағы пікірталас аясында оның утиль алымы процедурасы арқылы жиналған қаражатты бөлудегі ашықтық тақырыбын, сондай-ақ қазақстандық автомобиль өнеркәсібінің даму болашағы мен оның қазіргі жағдайын қозғады.

Атап айтқанда, өндіруші компаниялардың өкілдері утиль алымы алынып тасталса, жұмыс орындары қысқартылатынына алаңдаушылық білдірді. Олар қазіргі уақытта тұрақты және бәсекеге қабілетті жалақымен, әлеуметтік пакетпен және біліктілігін арттыру мүмкіндігімен қамтамасыз етілген автомобиль өнеркәсібі мен онымен байланысты салаларда өте көп жұмысшы қызмет ететінін еске салды. 

Жиналыстың соңында Олжас Сапарбеков оның қатысушылары ең алдымен утиль алымының өзгерістері мен перспективаларын талқылағанын атап өтті. Одан бөлек, Жұмыс тобы мүшелерінің алдағы уақытта өңірлердегі зауыттарға сапарлары кестесі бекітілді. Осылайша жұмыс тобының мүшелері Көкшетау қаласындағы «КАИК» ЖШС, «Kazrost Engineering LTD» және «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, Алматыдағы «Hyundai Trans Auto» ЖШС және «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС, Семейдегі «SemAZ» ЖШС және «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС, сондай-ақ Қостанайдағы «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, «МТЗ-Қазақстан Машинажасау зауыты» ЖШС мен «Агромашхолдинг KZ» АҚ барады.

Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қатысты жаңалықтар

Отандасымыз Аустриядағы турнирде алтын еншіледі

Отандасымыз Аустриядағы турнирде алтын еншіледі

Бүгін, 11:30
Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

Бүгін, 10:58
ҰҚШҰ-ның алдағы кезеңге арналған жоспарлары бекітілді

ҰҚШҰ-ның алдағы кезеңге арналған жоспарлары бекітілді

Бүгін, 10:30
Ақсу ауданында толық циклді ет комбинаты салынады

Ақсу ауданында толық циклді ет комбинаты салынады

Бүгін, 10:00
Талдықорғанда бірнеше күннен бері ер адам табылмай жатыр

Талдықорғанда бірнеше күннен бері ер адам табылмай жатыр

Бүгін, 09:57

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.