Талдықорғанда 6 қараша күні үйінен серуендеуге шығып, қайта оралмаған ер адам іздестіріліп жатыр. Ол сағат 10:00 шамасында үйінен шыққан, содан бері хабар-ошарсыз кеткен, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Хабарлама түскен сәттен бастап Жетісу облысының полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларына кіріскен.
Іздеу жұмыстарына барлығы 200 адам жұмылдырылды. Олардың қатарында полиция қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен еріктілер бар.
Қазіргі уақытта саябақтар, Қаратал өзенінің жағалауы, тұрғын үй алаптары, қаланың шағын аудандары мен іргелес аумақтар тексеріліп жатыр. Ер адамның болуы мүмкін орындарға ерекше назар аударылуда. Сонымен қатар полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, тұрғындардан түскен ақпараттарды тексеруде. Куәгерлерден, қоғамдық көлік пен такси жүргізушілерінен, сауда нысандарының қызметкерлерінен де сұрастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Іздестіру аумағын кеңейту үшін полицияның қосымша топтары құрылып, іздеу шаралары күшейтілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram





