Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Жағдай мұндай мүшкіл деп ойламағам»: Мұрат Есжан қазақ тілінің қазіргі жайын сөз етті

11 маусым 2024
КҮНДЕРЕК
"Жағдай мұндай мүшкіл деп ойламағам": Мұрат Есжан қазақ тілінің қазіргі жайын сөз етті
WhatsAppTelegramFacebook

Кинорежиссер Мұрат Есжан өзінің «Facebook» парақшасында көпке ой салар жазба жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Автор онда қазіргі қазақ тілінің жай-күйін бағамдап, келешегіне алаңдаушылық танытады. Олай болса, құрметті оқырман, сол жазбаны қаз-қалпында назарларыңызға ұсынуды жөн санадық.

Өте бір жайсыз, тіпті, қорқынышты көрініске куә болдым. Жағдай мұндай мүшкіл деп ойламағам.

Өзім тұратын үйдің лифтіне менімен жарыса екі бала мінді. Түрлері қазақ болғанда да, қап-қазақ енді. 7-8 оқитын балалар-ау. Кіре, төртінші қабатты басты.

— Сегізді баса сала ғойшы, — дедім. Қолым бос емес еді.

Екеуі алақ-жұлақ етіп бір-біріне қарады.

— Се-гіз, — деп нақтылап қайталадым. Біреуі жетіні басты. Түсінбей тұрғанын енді ұқтым.

— Ол жеті, маған сегіз керек.

Саусағымен сандардың үстін тағы бір айналып шықты.

— Сен орыссың ба? — дедім орысшалап. Шын сұрадым. Кәріс болуы да мүмкін ғой.

— Нет.

— Атың кім?

— Мирас.

— Мен Сережа, әлде, Саша деп ойладым, — дедім. Жас бала ғой, неге айтып тұрғанымды ұқпады, білем.

Лифт олардың қабатына жетті де, екеуі құтылғанына қуанып, сыртқа зып берді.

Дейм да, бұ баладар, мақұл, орыс мектебінде оқиды делік. Үйінде орысша сөйлейді делік. Сонда оларға қазақ тілі деген пән оқытылмай ма? Онға дейінгі сандарды білмеу дегенді сипаттайтын сөз таба алмай отырмын енді…

Тақырыпқа тағы бір тұздық.

“Хабарда” істеп жүргенімде бір мектепке түсірілімге барғам. Орыс сыныбындағы қазақ тілі туралы сюжет. Тоғызыншы сыныптың қазақ тілі сабағына кірдім. Апай тақтаға дәәу қып “Қазақтың шешендік өнері” деген тақырып жазып, шешендік өнердің түрлері, шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау туралы ұзақ толғады. Бағдарлама бойынша сол тақырыпқа келген екен. Үзілісте осы пәнді үздік оқып жүр деген балалардан сұқбат алдық. Олар болса, өзін таныстыратын қарапайым сөздерді құрап айта алмай тұрды…

Осы жерден тоқтайын. Лифт сегізінші қабатқа келді.

Фото: kazgazeta.kz 

Қатысты жаңалықтар

Отандасымыз Аустриядағы турнирде алтын еншіледі

Отандасымыз Аустриядағы турнирде алтын еншіледі

Бүгін, 11:30
Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

Бүгін, 10:58
ҰҚШҰ-ның алдағы кезеңге арналған жоспарлары бекітілді

ҰҚШҰ-ның алдағы кезеңге арналған жоспарлары бекітілді

Бүгін, 10:30
Ақсу ауданында толық циклді ет комбинаты салынады

Ақсу ауданында толық циклді ет комбинаты салынады

Бүгін, 10:00
Талдықорғанда бірнеше күннен бері ер адам табылмай жатыр

Талдықорғанда бірнеше күннен бері ер адам табылмай жатыр

Бүгін, 09:57

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.