Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Жеке кәсіпкер Сарқан өңірін сапалы жұмыртқамен қамтып отыр

11 маусым 2024
РУХАНИЯТ
Жеке кәсіпкер Сарқан өңірін сапалы жұмыртқамен қамтып отыр
WhatsAppTelegramFacebook

Сарқан қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Бауыржан Сербаев 3000 бас шетелдік «Ломан уайт» тұқымды тауықтарын асырап, жергілікті тұрғындарға қолжетімді бағада жұмыртқа саудалап отыр. Кәсіпкер бұл істі биыл өзінің жеке қаражатына бастаған, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін де «Сербаев» ЖК иесі ауыл шаруашылығымен айналысып, кәсіптен қол үзбеген жан. Бір кезде тауық өсіріп те көрген. Бірақ биыл жұмыртқа бағасының тиімділігін ескеріп, шетелдік тауық өсірумен айналысуға бел буған. Қазір 250 шаршы метр орында тауық фермасы жұмыс істеп тұр.

— Алматыдан арнайы барып шетелдік 3 мың бас тауық сатып әкелдім. Оған қоса тауық фермасына қажетті құрал-жабдықтар әкеліп орнаттым. Тауықтың бұл тұқымы – негізінен жұмыртқа беретін түрі. Қазір күніне орта есеппен 2 мың жұмыртқа алып отырмын. Оны Сарқан ауданы көлеміндегі 20 шақты дүкенге өткіземін. Өзімнің жеке дүкенім бар, онда да саудаға шығарамын. Іріктелген ірі жұмыртқаның 1 данасы 50 теңгеден сатылады, одан кішілерінің бағасы тиісінше төмен, — дейді Бауыржан Сербаев.

Кәсіпкердің айтуынша, тауыққа қажетті бидай, арпа, сол сияқты шемішке мен сояның жомы сияқты жем-шөпті негізінен жергілікті шаруалардан алады. Тек кейбір витаминдер ғана басқа қалалардан әкелінеді. Қазір фермада тауық күтімімен өзінен бөлек 3 адам айналысады. Олардың бәрі өз ауылдастары.

Осылайша нарықта бәсекелестік тудыру арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік санатына жататын тауар бағасының төмендеуіне, ауылдастарын жұмыспен қамтуға және халыққа экологиялық таза өнім ұсынуға Сербаев Бауыржан сияқты жергілікті кәсіпкерлер өз үлесін қосып келеді.

Фото: Сарқан аудандық әкімдігі

Қатысты жаңалықтар

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Бүгін, 18:30
Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

Бүгін, 16:30
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Бүгін, 16:12
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Бүгін, 14:30
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

Бүгін, 13:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.