Талдықорған: +21°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТУРИСТ САНЫ АРТАДЫ

3 маусым 2024
КҮНДЕРЕК
ТУРИСТ САНЫ АРТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданының әкімі Алмас Абдинов Ақши ауылында орналасқан  «Alakol Resort» демалыс орнында кәсіпкерлермен кездесіп, көл жағалауын бекіту, электр жарығы, су, қоқыс, кәріз жүйесіне тазарту қондырғысын орнату, ауылдың ішкі көшелері, су көлігі, байланыс жүйесі, төтенше жағдайлардың алдыналу сынды мәселелерді талқылады.

Жиында әр сала басшылары туризмді дамытуда кенжелеп жатқан мәселелер бойынша  есеп беріп, атқарылған ауқымды жұмыстарды таныстырды. Атап айтсақ, қажетті инфрақұрылым тарту бағыты бойынша бүгінгі таңда Алакөл ауданы әкімдігі тарапынан «Бескөл – Ақши» ауылдарының аралығына жоғары кернеулі 110 кВттық, желілерді тарту бойынша жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, бюджеттік өтінім жолданған. Сонымен қатар, Ақтоғай – Көктұма бағытында жоғары кернеулі 220 кВттық электр желісін салу жұмысының жобалық-сметалық құжатын әзірлеу жалғасуда.

Тұрғындарды толғандырған Алакөл жағалауындағы электр энергиясы мәселесін шешу мақсатында Ақши ауылында орналасқан қосалқы стансыға 2 дана 6300 кВт және 6 дана трансформатор орнатылып, пайдалануға берілген. Ақши ауылы мен көл жағалауын электрмен қамтамасыз ету, электр энергиясының өткізу қабілетін жоғарылату жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде.

Бүгінде көл жағалауындағы 77 демалыс орны орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылған. Тағы да  23 демалыс орны орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылуға өтініш білдірген. Демалыс орындары мен демалушыларға қолайлы жағдай туғызып, су жүйесімен толық әрі дұрыс қамтамасыз ету мақсатында  «Алакөл су» жұмысты бастап кеткен. Ал Ақши ауылындағы көл жағалауына 17 орынға автотұрақ салынып, арнайы жол белгілері орнатылған.

Ырғайты ауылдық округіне қарасты көл жағалауындағы санитарлық тазалық жұмысына жауапты мердігер «ALA COMPANY» ЖК және «Береке» ЖК  13 шақырым жерге 130 дана қоқыс жәшігін орнатса, мердігер «Аla company» ЖК қоқыс қалдықтарын арнайы орынға тасымалдау жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, Ақши ауылындағы 3 шақырымда орналасқан қоқыс полигонын «Қыраубаева» ЖК-не сенімгерлік басқаруға және ақылы қызмет көрсетуге берілген. Олар бұл міндеттемені тыңғылықты атқаруда.

Биыл Ақши мен Көктұма туристік аймағында жаңадан 8 туристік нысан іске қосылып, демалыс орнын 310-ға жеткізу көзделуде. Ойға алған жоспар толық орындалғанда Алакөлге келетін турист саны 1 млн. 600 мың адамнан асады.  

Қажет АНДАС
Алакөл ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Шенген визасын алу жеңілдей ме? СІМ келіссөздердің барысын айтты

Шенген визасын алу жеңілдей ме? СІМ келіссөздердің барысын айтты

Бүгін, 14:58
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Бүгін, 14:35
Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Бүгін, 12:00
Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Бүгін, 11:30
Жайпақ вокзалы толығымен жаңартылды

Жайпақ вокзалы толығымен жаңартылды

Бүгін, 11:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.