Талдықорған: +14°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БОЗДАҚТАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ

31 мамыр 2024
КҮНДЕРЕК
БОЗДАҚТАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ халқы небір нәубет жылдарды бастан өткерді. Солақай саясаттың кесірінен халқымыздың болашағы үшін күрескен  ұлтымыздың біртуар, аяулы ұл-қыздары жазықсыз жапа шегіп, қуғын-сүргінге ұшырады. Тәуелсіздік үшін жандарын құрбан еткендердің ұрпақтары бүгінде сол күндерді қайғыра еске алады. Осыған орай Тіл сарайында «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына – ұрпақтар тағзымы» атты конференция өтті.

Шара саяси репрессия кезінде дүниеден өткен, зардап шеккен қазақстандықтарға гүл шоқтарын қоюдан басталды. 

Тіл сарайында өткен жиынды облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Бауыржан Абибеков ашып, жүргізіп отырды. 

Жиында әріптесіміз, облыстық «Jetisý» газетінің журналисі, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Жетісу өңірлік комиссиясы тобының жетекшісі Қажет Андас комиссияның былтыр атқарған жұмыстарын баяндады.

 – Өткен жылы өңірлік жұмыс тобы 1 архив құжаттар жинағын (47 том), 1 халық жады бойынша естеліктер жинағын (60 том) құрастырып, республикалық жұмыс тобына өткізді. Сондай-ақ, жергілікті демеушілер есебінен «Жетісу өңірінің қуғын-сүргін қасіреті» атты естеліктер жинағын құрастырды. Жетісу өңірінде 13 халықтық көтеріліс пен наразылықтар, қуғын-сүргін құрбандары атылған, сотталған, жерленген 12 орын анықталды. Халық көтерілістері мен наразылықтарын басшылық еткен, қудалау кезінде атылған 23 адамның дерегі нақтыланды. «Банды» атанған 17 халық батырының есімі анықталды. Мемлекеттік шегарадан өту кезінде сотсыз және тергеусіз атылған 48 адамның тізімі ақтауға жіберілді. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, тәркіленген  87 орташа, бай, кулак, шаруа,  30 ірі бай, ұсақ  шаруа анықталып, ол туралы деректер архив құжаттары және «Халық жады» жинағына енгізілді, – деген Қажет Андас атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып,  ұсыныстарын ортаға салды.

Атап айтсақ, Саяси қуғын-сүргін құрбандары атылған, жаппай қырылған, сотталған жерлердің картасын жасау, мемлекеттік тізімге енгізу, сайлау құқығынан айырылғандардың тізімін, баспасөздерде жарық көрген естеліктерді жинақтау жұмысын жүргізуге қолдау көрсетілсе, Бөрібай көтерілісіне (Ақсуда), Шайқорған зиратына, Сырымбет қырғынына (Талдықорғанда), ашаршылық құрбандарына (Ескелді ауданы, Нұра ауылы), Алаш зиялылары жаппай тергелген, сотталған Лепсі (Алакөл), Жаркент (Панфилов) түрмесінің жұртына, босқындар жаппай жазаланған, «Кісіқырылған» деген атпен белгілі (Панфилов ауданы, Бөрібай ауылы) тарихи орындарға ескерткіш тақта орнатылып, құрбандар тізімін жазуға қолдау жасалып, облыстағы музейлерден  саяси қуғын-сүргінге қатысты арнайы бөлімдер ашылса деген ұсыныс айтты. Сонымен қатар, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында Жетісу өңіріндегі саяси қуғын-сүргіннің себебі мен салдарын зерделейтін бакалаврлық, магистрлік, докторлық ғылыми жұмыстардың тақырыбы белгіленіп, жас зерттеушілердің шоғырын қалыптастыруға қолдау көрсетілсе деген тілек білдірді.

Өз кезегінде Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі Серік Әбікенұлы: «Өздеріңізге белгілі, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды. Мақсаты – сталиндік зұлмат кезінде зерттелмей қалған дүниелердің қырын ашу, тарих ақтаңдақтарына сәуле түсіру. Біз Жетісу аймақтық комиссиясында жұмыс істедік. Біз бұрын Саяси қуғын-сүргін құрбаны болған азаматтар жайлы тарихи мәліметтер жинадық. Одан кейін архивтегі құжаттардың барлығын осы комиссияға жетекшілік еткен Ерлан Тынымбайұлы Алматыдағы президент архивіне өткізді. Құжаттар дұрыс сақталмағандықтан біразына реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр» – дей келе алдағы уақытта да жүйелі жұмыс жалғасын табатынын айтты.

Жиында жұмыс тобының мүшесі Қали Ибрайымжанов, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары Мұхтар Сағадиев, Хұсайын Мұстафа баяндама жасады. 
Шара барысында «Жетісу облысындағы босқындықтың себеп-салдары мен зардабы» және «Жетісу өңірінің қуғын-сүргін қасіреті» атты кітаптарының тұсаукесері өтті. 

Айдар ҚАЛИЕВ
 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

Бүгін, 18:37
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Бүгін, 18:30
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Бүгін, 17:33
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

Бүгін, 17:08
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

Бүгін, 16:50

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.