Талдықорған: +35°C
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда биыл 17,5 км жылу, 1,1 мың км электр желілері жөнделеді

31.05.2024
КҮНДЕРЕК
Жетісуда биыл 17,5 км жылу, 1,1 мың км электр желілері жөнделеді
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы әкімдігінің отырысында өткен 2023-2024 жылғы жылыту маусымы қорытындыланып, мерзімді лайықты деңгейде өткізген аудандар мен сала мамандары марапатталды. Соның ішінде Панфилов ауданына фронталды тиегіш трактор, Ескелді ауданына аспалы жабдықты трактор, ал Ақсу ауданына вакуумдық машинасы тарту етіліп, коммуналдық қызметтегі бірқатар мамандарға дипломдар мен ақшалай сертификаттар берілді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев төрағалық еткен отырыста облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов баяндама жасады. Ол өткен жылыту маусымының қорытындылары және алдағы 2024-2025 жылғы жылыту маусымына дайындық мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Баяндамашының сөзіне сүйенсек, Жетісу облысында алдағы жылыту маусымына дайындалу мен оны өткізу үшін жергілікті бюджеттен 10,9 млрд.теңге, кәсіпорындардың өз қаражатынан 2,1 млрд. теңге көзделген. Соның 3,9 млрд. теңгесі жылумен жабдықтау нысандарын жөндеуге қарастырылса, 7 млрд. теңге отын сатып алуға жұмсалады. Орталық қазандықтарда 2 турбинаны, 40 қазандықты, 17,5 км жылу, 1,1 мың км электр желілерін және әртүрлі кернеудегі 134 трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеу межеленген. Осылайша жалпы жыл қорытындысы бойынша электр желілері мен құрылғыларының тозуын 2,4%-ға төмендету жоспарланып отыр.

Биыл Үшарал, Үштөбе қалаларындағы қазандықтардың құрылысы мен жөндеуі, Текелі қаласы «Алатау» шағынауданындағы 17 км жылу желілері қайта жаңғырту жобасы қолға алынады. Сонымен қатар Талдықорған қаласындағы «Басқуат» қазандығын қайта құру жұмыстары жүргізілгенге дейін жүктемені азайту бағытында бірқатар шаралар қабылданады.

— Энергия беруші ұйымдар үшін жылыту маусымына 370 мың тонна көмір және 9,6 мың тонна мазут дайындау жоспарлануда. Сондай-ақ 1 682 көп қабатты тұрғын үй және 1 330 бюджеттік сала нысандары жылыту маусымына дайындалуы тиіс. Қазіргі уақытта бюджеттік ұйымдар үшін 15,4 мың тонна көмір, 4,2 мың тонна пеллет және 10,7 млн. литр дизель отынын сатып алудың конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Сонымен қатар халыққа көмір жеткізудің ай сайынғы жоспары жасалды. Облыс халқының жалпы қажеттілігі 428,5 мың тоннаны құрап отыр. Жалпы, алдағы 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары тұрақты бақылауда және мерзімінде жүргізілетін болады, — деді Ә. Қанағатов.

Мұнан соң Әлібек Жақанбаев Текелі қаласының, «Талдықорғанжылусервис» мекемесінің маусымға дайындық барысы туралы хабарламаларын тыңдады. Сонымен бірге коммуналдық қызмет бойынша дебиторлық қарызы ең көп сала ретінде денсаулық сақтау және білім басқармаларының басшылығына төлем жұмыстарын ширату туралы ескертті.

— Алдағы жылыту маусымына дер кезінде, әрі сапалы дайындалуымыз керек. Облыс әкімінің тапсырмасына сай, бірінші қыркүйекке дейінгі мерзімде білім беру объектілері, бірінші қазанға дейін денсаулық сақтау объектілері толық дайын болуы тиіс. Орталық қазандықтардағы отынның нормативтік қорын дер кезінде қалыптастырып, коммуналдық кәсіпорындардың, инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің, тұрғын үйлердің толық дайындығы қамтамасыз етілсін. Халыққа отын жеткізуді ұйымдастыру шараларын уақытылы атқарыңыздар. Жалпы, алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары облыстық штабтың тұрақты бақылауында болады, — деді Ә. Жақанбаев.

Жиын соңында өткен жылғы жылыту маусымын лайықты деңгейде өткізген аудандар қатарында Панфилов, Ескелді, Ақсу аудандары марапатталып, оларға коммуналдық салаға арналған техникалар тарту етілді. Оған қоса коммуналдық сала мамандарына және қысқы мезгілде автожолдарда қар құрсауынан және басқа да ауа райына байланысты туындаған қолайсыздықтардан жолаушыларды құтқару жұмысына белсене қатысқан төтенше жағдай саласының қызметкерлеріне облыс әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, сол сияқты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп  комитеті төрағасының, Жетісу облысы әкімі орынбасарының алғыс хаттары, 50 және 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық сертификаттары мен естелік сыйлықтар табысталды.

Суретті түсірген Руслан Кадыров

Қатысты жаңалықтар

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

05.08.2026
Алаяқтардың жаңа айласы

Алаяқтардың жаңа айласы

05.08.2026
Мәселелердің тіні тарқады

Мәселелердің тіні тарқады

05.08.2026
Талдықорғанда «Al-Farabi STEM Academy» бастауыш мектебі ашылды

«Мектепке жол». 16 750 баланың тізімі жасалды

05.08.2026
ЖИ: Прокуратура қызметкерлері цифрлық әзірлеме ұсынды

ЖИ: Прокуратура қызметкерлері цифрлық әзірлеме ұсынды

05.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.