Геннадий Головкин Халықаралық Олимпиада комитеті комиссиясы мүшесі болып тағайындалды.
Бұл туралы ХОК президенті Томас Бах мырза Қазақстан ҰОК-ке ресми хат арқылы хабарлады.
«Сізді Комиссия мүшесі етіп тағайындау мен үшін үлкен мәртебе. Комиссия жұмысына қосатын үлкен үлесіңіз үшін Сізге алдын ала алғыс білдіремін», — делінген хатта.
Olympism 365 комиссиясы БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі маңызды фактор ретінде спорттың рөлін күшейту үшін жұмыс істейді.





