Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ШАБАНДОЗДАРДЫ ҚАНАТТАНДЫРДЫ

29 мамыр 2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
ШАБАНДОЗДАРДЫ ҚАНАТТАНДЫРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қабырғасы хан орданың уығындай тұлпар мініп, бәсірелі бәсеке һәм бәйгеде шашасын шаң қаптырмай мәреден көрінуді мәртебе санайтын текті жұрттың ұрпағымыз. Ендеше ауылдасының аты озғанда шабыттанып, шабандоздың өзін алқалайтын асыл қасиетіміз бүгінге құндылық болып жалғасты деуге негіз бар. Осы орайда облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев «Ұлы дала жорығының» жеңімпаздарын арнайы қабылдап, құрмет көрсеткенін айта кеткен жөн.


Тұлпар мініп, ту алған қазақтың ұлттық спортын жандандырып жүрген Рүстем Досжанов (жаттықтырушы) бастаған Жетісу облысының командасындағы жігіттерді арнайы қабылдаған Марлен Қапашұлы:
– Дарқан дала төсін тұлпар тұяғымен дүбірлеткен текті қазақтың босағасынан жүйріктің үзілмеуі заңдылық. Ал бүгінгі таңда жілікті, қабырғалы һәм жүйрік атты баптау, ел жастарын ұлттық өнерге тартудан асқан игілікті іс жоқ. Сондықтан да «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінде ел чемпионы атанып, сол чемпиондықты биыл қайта қорғап шығу үлкен еңбекті қажет етеді. Аталған бәйгеден жеңіспен оралғанда: «Бұл жетістікті Жетісу халқына арнаймын» деп тебіреніп едіңіздер, енді мен жетісулық жұртшылықтың атынан алғысымды өздеріңе білдіргім келеді, – деп атап өтіп, облыс әкімінің ыстық ықыласын жеткізді.

Өз кезегінде сөз алған Рүстем Досжанов ақпейілді елге, сол елді басқарып отырған аймақ басшыларына ризашылық білдіріп, ұлттық спортқа қолдау таныту – құндылықты қастерлеудің ең тиімді жолы екенін айшықтады. Сонымен қатар, күзде өтетін «Көшпенділер ойынында» да жүлде  алу басты мақсат екенін жеткізді.

Айта кетерлігі, «Ұлы дала жорығы – 2024» марафон-бәйгесінде еліміздің 18 аймағынан келген 90-ға жуық шабандоз бақ сынасты. Әр өңірдің іріктеуінен сүрінбей өткен үздіктер Павлодар облысынан Астана қаласына дейінгі 500 шақырымдық жолды 5 күнде шауып өтті. Осылайша жерлестеріміз аталмыш додада екі мәрте чемпион атанды. Осынау қуанышты бөліскен аймақ басшысының орынбасары жаттықтырушы Рүстем Досжанов, шабандоздар Данияр Жылкелдиев (капитан), Жақсылық Ыдырыс, Еламан Сағатбек, Ералы Маулетхан, Бекболат Серікбол, Ержігіт Наурызбайға облыс әкімінің Алғыс хатын және сый ретінде плазмалық теледидар тарту етті. Оған қоса жиын барысында ұлттық ат спорты түрлерін дамыту тұрғысында да еркін әңгіме өрбіді.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

Бүгін, 20:35
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.