Талдықорған: +16°C
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ӨНІМ БЕРЕ БАСТАДЫ

29.05.2024
ӘЛЕУМЕТ
ӨНІМ БЕРЕ БАСТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген аб-                 зал», — деп атап өткен еді. Осыған орай еңбегінің жемісін көріп, Жер-анадан несібесін тауып жүргендердің қатары көбейіп келеді. Соның бірі Алакөл ауданы, Жанама ауылының тұрғыны Ернар Құттыбек.


Жылыжай жұмысын Алакөл ауданында алғаш қолға алған кәсіпкер: «Биыл наурыз айында жалпы 15 сотық жердің 2 сотық аумағына тамшылатып суару әдісін пайдалана отырып қияр тұқымын ектім. Дақыл мамырда, 55 күн дегенде пісті. Қазір күніне 10 келі қияр жинап жатырмыз. Сапасы жақсы. Енді гүл тұқымын өсіруді көздеп отырмын. Мақсатымыз – ішкі нарықты өзіміздің органикалық өнімдермен қамтамасыз ету. Жылыжайдағы қиярдың 1 келісін көтерме бағамен 350 теңгеден сатамыз. Халыққа 500 теңгеден беріледі. Тапсырыс күннен күнге артып келеді. Алдағы уақытта  жылыжай аумағын кеңейтіп, өнімдерімізді Қазақстанның басқа қалаларына да жеткізуді жоспарлап отырмыз», – дейді.

Кәсіпкер өнім көлемі мен сапасын және топырақ құнарын арттыру үшін қауіпсіз әрі табиғи органикалық биогумус тыңайтқышын қолданады. Түрлі жауынқұрттар мен микроағзаларды пайдалана отырып өңделген биогумустың құрамында өсімдіктердің өсуіне қажетті элементтер, топырақ құрылымын байытатын және жақсартатын заттар көп.

– Өнімнің әр түбіне 500 грамм биогумус тыңайтқышы жеткілікті. Есесіне өнімділігі бірнеше есе жоғары болады. Жерді құнарландыру 7-8 еселенеді. Өте тиімді. Биыл жылыжайымда тек осы биогумус тыңайтқышын пайдаланамын. Бүгінде осы тыңайтқыштың көмегімен қияр көшеттері жайқалып өсіп тұр, – дейді кәсіпкер.

Жанама ауылының тұрғындары үшін бақша өнімін өсіру үйреншікті іс болса, Ернар Құттыбектің қызығушылығы өзгелерді жігерлендіре түсті. Өйткені ол жылыжай өсірудің жаңа технологиясын интернет желісінен көріп, тәжірибелі мамандардың кеңесімен қолға алды. Мақсатын жүзеге асыру үшін жеке қаражатынан 5 млн. теңге жұмсап, кәсібін бастады.

Айта кетерлігі, жер бетінен төмен орналастырылып, керегесін кірпішпен қалағандықтан жылыжайдан жыл бойы өнім ала береді. Енді  жылыжай түсімін арттыру және өнімдердің сатылу аумағын кеңейту үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысып, жеңілдетілген несиеге заманауи техника алуды жоспарлауда.

Қажет АНДАС
 

Қатысты жаңалықтар

Энергетикалық тұрақтылық: Қазақстанның бес жылу орталығы «қызыл» аймақтан шықты

Энергетикалық тұрақтылық: Қазақстанның бес жылу орталығы «қызыл» аймақтан шықты

05.05.2026
Жетісуда адам өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты

Жетісуда адам өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты

05.05.2026
«Даму» қоры шағын қалалар мен ауылдарда ШОБ-ты қолдау үшін мобильді фронт-офистерді іске қосады

«Даму» қоры шағын қалалар мен ауылдарда ШОБ-ты қолдау үшін мобильді фронт-офистерді іске қосады

05.05.2026
Шәкірт шамшырағы

Шәкірт шамшырағы

05.05.2026
3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

05.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.