Талдықорған: +21°C
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТҮЛЕКТЕРДІ ҚАЙТА ТОҒЫСТЫРҒАН САҒЫНЫШ

27.05.2024
КҮЛТӨБЕ
ТҮЛЕКТЕРДІ ҚАЙТА ТОҒЫСТЫРҒАН САҒЫНЫШ
WhatsAppTelegramFacebook

Ұшқан ұя әрқашанда ыстық, оны есті жанның ешқайсысы жадынан суырып алып тастай алмайды. Алғаш қанат қағуды үйреткен ұстазың, құлын-тайдай тебісіп өскен құрдас-құрбыларың сол мекенге қайта бұрылуыңның тікелей себепкері. Олар сенің қолыңдағы бар-жоғыңа қарамайды, бала күнгі қалпыңды құрметтейді.


Бұл күні мектептен түлеп ұшқан түлектер араға 10-20 жыл салып бір-бірін іздеп шұрқырасып, қайта табысып, басқосуларын мерекелеп атап өтіп жатады. Осы үрдістің қашаннан басталғанын ешкім білмес. Бірақ мұның дәстүрге айналып кеткенін көпшілік жақсы біледі. Әрине, игілікті іске сын айта алмаспыз, алайда оның шарапатты жағын тілге тиек ете кеткен жөн.

Мектеп қабырғасынан үлкен өмірге қадам басқан 10-20, қала берді, 40-60 жылдық мерекелерін той қылып жүрген түлектердің ауылы мен оқу ордасына, ұстаздарына сыйлық жасап, мерейін аспандатқанын көз көріп келеді. «Елді мекендегі тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетіпті, туған өлкесіне жол салып, көшелеріне жарық орнатып беріпті» деген ізгі амалдарын естіп жүрміз. Өмірден ерте озған сыныптастарына арнап ас беріп, рухтарына бағыштап Құран оқытып жататыны тағы бар. Бұл деген адами тазалық, тат баса алмаған тектілік, бауырмалдықтың асыл үлгісі емес пе, қадірлі оқырман?!

Осы игілікті істі Талдықорғандағы №1 қазақ мектеп-интернаттың 1964 жылғы түлектері де жалғастырып, 60 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Өлі разы болмай тірі байымайды» деген тәмсілді ұстаным еткен аға буын кездесу аясында өмірден өткен достарын еске алып, олардың рухына тағзым етті. Жиынға түлектер Қазақстанның түкпір-түкпірінен келді.

– Осы басқосуды кейінгі ұрпақ сабақ алса екен деп өткізіп отырмыз. Сыныптастарым жөнінде айтар болсам, олардың ешқайсысы осал болмады. Бір бала ғана техникум бітірді, қалғаны жоғары білім алып шықты. Мектеп кезінде шахмат, дойбы, хор,  шаңғы, күрес, бокс сынды үйірмелер болды. Сыныптағылар түгелдей сол үйірмелерге қатысушы еді. Қандай жарысқа бармасын, біздің жігіттер мен қыздар  1-орын алып келетін. Ауызбіршілігіміз мықты болды. Біздің буынның ел игілігі үшін істеген ісін санамалап айтуға болар еді, оған бөлінген уақыт болса, – дейді зейнеткер Мара Жақыпбаева.

Мара Тоқашқызының айтуынша, бірге тәлім алған достарының дені бақиға аттанып кетіпті. Сыныптастарының жақсы жан болғанын сөз еткен зейнеткер оларға иман байлығын тілеп көзіне жас алды.

Биыл мектеп бітіргендеріне 60 жыл толуына орай Марат Уәлиев, Налыбай Базарәлі, Гүлсара Нұрқаділова, Мара Жақыпбаева өздері тамамдаған мектепке барды. Соңғы қоңырау мерекесін тамашалап, оқушыларға ізгі тілектерін арнады.

Үлкеннің жолын қадірлеу, бағасына жету – кішілердің міндеті. Аға буынның ұрпақ үшін істеген ісі, Отан үшін атқарған жұмысы әрқашан маңызды. Қазыналы жандардың қадіріне жете білейік.

Медет ЖҰМАБАЙ
 

Қатысты жаңалықтар

Ақындар алыбын ардақтады

Ақындар алыбын ардақтады

10.08.2026
Ұлт руханиятының темірқазығы

Ұлт руханиятының темірқазығы

10.08.2026
Батадан – береке, сөзден – өнеге

Батадан – береке, сөзден – өнеге

10.08.2026
«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

10.08.2026
Болашақтың берік негізі

Саяси жаңғыру: Құрылтай сайлауы – жаңа басқару моделінің басты сынағы

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.