Технологияның өмірдің барлық саласына белсенді әсер ететіні белгілі, бұл күні білім мен ғылымның дамуына өзінің айтарлықтай үлесін қосуда. Білім беруде жаңа мүмкіндіктерге жол бастайтын TopIQ – цифрлық оқулықтар платформасы инновациялық шешімдер үшін пайдалы болып отыр.
ТopIQ — әртүрлі жас топтарындағы оқушыларды оқытуға және дамытуға арналған цифрлық платформа. Ол цифрлық форматта қолжетімді оқу материалдарының кең ауқымын ұсынады. Платформада әр оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес келетін интерактивті және адаптивті оқулықтар бар. TopIQ-тің басты артықшылықтарының бірі – оның икемділігі мен қолжетімділігі. Оқушылар оқу материалдарына кез келген уақытта және интернетке қолжетімді кез келген құрылғыдан қол жеткізе алады.
TopIQ әр оқушының жеке қажеттіліктері мен мүдделеріне негізделген сапалы білім алуға мүмкіндік беретін озық технологиялар мен білім беру әдістерін біріктіреді. Сондай-ақ, оқытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады және тиімді әрі ынталандыратын білім беру ортасын құруға көмектеседі.
Сабақ сайын TopIQ платформасын үнемі қолданамын, себебі бұл платформаның мүмкіндіктері оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материалды қабылдауға, білім сапасын көтеруге ықпалын тигізеді.
TopIQ интерактивті оқытудың кең мүмкіндіктерін ұсынады. Аудио және бейне материалдары, графикалық иллюстрациялар және интерактивті тапсырмалар арқылы оқушылар қызықты және практикалық түрде оқи алады. Әр сынып бойынша түрлі материалдар бар, оны сабақтың түрлі кезеңдерінде қолдануға болады. Бастауыш сыныптарымен сабақ өткенде дайын сергіту сәттерін қолданып, үзілістерде зияткерлік ойындар ойнату үшін жағдай жасалғанын айта кеткен жөн.
Жоғары сыныптарда сабақта TopIQ платформасында ұсынылған дайын практикалық жұмыстар үшін қолданып, әр сабақта оқушыларға платформадағы білімді бекітуге арналған интерактивті тапсырмаларды орындатуға болады. Бұл оқу процесіне белсенді және терең енуге, материалды жақсы игеруге ықпал етеді.
TopIQ – цифрлық оқулық платформасы, оқушылардың оқу және оқыту тәсілін өзгертетін инновациялық шешім десек қателеспейміз. Оның көмегімен балалар өз қажеттіліктеріне бейімделген заманауи және интерактивті оқу материалдарына қол жеткізе алады. Бұл платформа өз кезегінде тұлғалық даму мен білім беруде табысқа жету үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады деп ойлаймын.
А. АДАМБЕКОВА,
Ақын Сара атындағы
орта мектебі информатика
пәнінің мұғалімі, зерттеуші-педагог
Сарқан қаласы





