Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Кейбір кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық іс дереу тоқтатылуы мүмкін – заң жобасы

22 мамыр 2024
САЯСАТ
Кейбір кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық іс дереу тоқтатылуы мүмкін – заң жобасы
WhatsAppTelegramFacebook

Кейбір экономикалық баптарды қылмыстық сипаттан арылту аясында кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық іс дереу тоқтатылады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында тиісті заң жобасын талқылау кезінде депутат Абзал Құспан айтты.

Палата отырысында депутат Олжас Құспеков экономикалық құқық бұзушы әрекеттерді одан әрі қылмыстық сипаттан арылтуға қатысты сұрақ қойды.

«Қылмыстың кодекстің 4 бабы қылмыстық сипаттан арылтуға жатады. 2 бап толық алынып тасталады, 2 бап ішінара қылмыстық сипаттан арылады. Атап өтсек, «Кредитті заңсыз алу немесе бюджетті мақсатсыз пайдалану» — Қылмыстық кодекстің 219-бабы, Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу — 241-бап, сондай-ақ экономикикалық контрабанда — 234-бап және кедендік баждарды, алымдарды, салықтарды арнайы демпингке қарсы өтемақы баждарын төлеуден жалтару — 236-бап. Осыған байланысты менің бірнеше сұрағым бар. Біріншісі — неге осы баптарды қылмыстық сипаттан арылту қажет деп есептедіңіз. Оларды қолдану тәжірибесі қандай? Екіншісі — сот шешімдері шығып қойған істерді қайтесіздер және мұндай кәсіпкерлердің тағдыры не болмақ?», — деп сұрады О. Құспеков.

Өз кезегінде депутат Абзал Құспан 2014 жылы Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекс жаңадан қабылданғанын айтты.

«Одан кейін жаңа қабылданған қылмыстық кодексті тәжірибеде қолдану барысында бірқатар мәселе анықталып, 2017 жылдан бері жалпы экономикалық сипаттағы қылмыстық істерді декриминизациялау, яғни қылмыстық сипаттан арылту жұмыстары басталды. Сол уақыттан бері бүгінге дейін қазіргі заң жобасын есептемегенде, жалпы 12 қылмыстық іс қылмыссыздандыруға ұшырады. Бұл сол жұмыстың заңды жалғасы. Оның үстіне Президент Қазақстан халқына Жолдауында және Жарлығында осы мәселеге тоқталды. Сондықтан қазір сіз атап өткен 2 бап бар, одан бөлек ішінара қылмыстық сипаттан арылтудың тағы 2 бабы бар. Бұл баптарды қылмыстық сипаттан арылтуда сот тергеу практикасын ескердік», — деді А. Құспан.

Оның айтуынша, осы баптарды қылмыссыздандыру бағытында кәсіпкерлік субъектілердің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен барлық уәкілетті органның пікірлері ескерілген.

«Екінші сұрағыңызға тоқталайын. Егер осы баппен бүгінге дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқан кәсіпкерлер болса, оларға қатысты қылмыстық іс дереу тоқтатылады. Егер бұрын сотталған кәсіпкерлер болса, олардың соттылығы жойылады, яғни қандай да бір құқықтық салдары болмайды», — деді депутат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту және заңсыз жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат бірінші оқылымда мақұлданды.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Қатысты жаңалықтар

Алакөл ауданында «Тенгри» ЖШС ұжымы дауыс берді

Алакөл ауданында «Тенгри» ЖШС ұжымы дауыс берді

Бүгін, 11:42
Бейбіт Исабаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді

Бейбіт Исабаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді

Бүгін, 11:42
Мәслихат сайлауы: Зауыт жұмысшылары Панфилов ауданының индустриялық дамуын қолдады

Мәслихат сайлауы: Зауыт жұмысшылары Панфилов ауданының индустриялық дамуын қолдады

Бүгін, 11:04
Бірлік пен белсенділік – ел дамуының негізі

Бірлік пен белсенділік – ел дамуының негізі

Бүгін, 11:01
Тіршілігі түлеген құтты мекен

Тіршілігі түлеген құтты мекен

Бүгін, 10:21

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.