Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жыл басынан бері 600 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды

17 мамыр 2024
КҮНДЕРЕК
Жыл басынан бері 600 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды
WhatsAppTelegramFacebook

Бұрын берілген ұйғарымдар бойынша 102,5 мың га алқапта ауыл шаруашылығы жерлерін игеру басталды.

Мұндай мәліметтер вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөніндегі отырыста айтылды.

2024 жылдың басынан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері жалпы ауданы 321,5 мың га жер пайдаланушыларға қатысты 350 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша 192,9 мың га алаңда жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 210 ұйғарым енгізілді. 2024 жылдың басынан бері 645,3 мың га пайдаланылмайтын жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

«Бұрын берілген ұйғарымдар бойынша биыл 102,5 мың га алаңда ауыл шаруашылығы жерлерін игеру басталды, 477,0 мың га алаңда мәжбүрлеп алу бойынша сот талқылаулары жүргізілуде», — деп хабарлады ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.

Сондай-ақ кеңесте ауыл шаруашылығы жерлеріне құқық беру рәсімдерін цифрландыру бойынша жұмыс барысы туралы ақпарат берілді. Бұл рәсім Жетісу облысы аудандарының бірінде пилоттық жоба түрінде сынақтан өткізілетін болады. Пилоттық жоба шеңберінде ауыл шаруашылығы жерлерін электрондық түрде беруге арналған конкурсты өткізу пысықталады, балл есептеудің және мемлекеттік дерекқорларды интеграциялау арқылы жеңімпазды айқындаудың жаңа критерийлері белгіленеді. Бағалаудың жаңа критерийлері ауыл шаруашылығы жануарларының басын, ауыл шаруашылығы техникасының, қызметкерлердің болуын, тұрғылықты жері бойынша тіркелуін, әлеуметтік кәсіпкерлік тізілімінде болуын көздейтін болады.

«Мен осы жылға комиссия жұмысын қайта форматтап, өңірлердің халқын жайылыммен қамтамасыз ету міндетін қойдым, бұл жұмысты жеделдету қажет. Мемлекет меншігіне қайтарылған жерлер бірінші кезекте жайылымға, қажет болған жерлерде халықтың жалпы пайдалануына берілуі тиіс. Осы мәселелердің барлығын ауылдық округ әкімдерімен, әсіресе мал шаруашылығы дамыған өңірлерде пысықтаңыз. Биыл біз суару жобаларына қаржылай қолдау көрсетіп, жерді қайта қалпына келтіріп, жайылымға беруге болатындығына талдау жасайтын боламыз»,— деді Серік Жұманғарин.

Фото: primeminister.kz

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.