Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

БАЛАЛАРДЫ ҚАУІПТІ АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ ИММУНДАУҒА ҮКІМЕТ ҚАНША ҚАРЖЫ БӨЛДІ?

13 мамыр 2024
ДЕНСАУЛЫҚ
БАЛАЛАРДЫ ҚАУІПТІ АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ ИММУНДАУҒА ҮКІМЕТ ҚАНША ҚАРЖЫ БӨЛДІ?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов елімізде қолайлы эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету және балалардың денсаулығын қорғау үшін вакциналар мен медициналық бұйымдардың қосымша көлемін сатып алуға қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды.  


⏺Ұлттық егу күнтізбесі шеңберінде уақытында екпе салынбай қалған 18 жасқа дейінгі балаларды иммундауға Үкімет резервінен 5 832 377 600 (бес миллиард сегіз жүз отыз екі миллион үш жүз жетпіс жеті мың алты жүз) теңге бөлінеді.
 
Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген талдау нәтижесінде Қазақстанда екпе алмаған 800 мыңнан астам бала анықталды. Көкжөтел, дифтерия, А және В вирусты гепатиттері, қызылша, қызамық, сіреспе, полиомиелит, паротит және гемофильді инфекция сияқты қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы толықтыра иммундау жүргізіледі.
 
Қаражат облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктеріне 747 720 доза вакцина мен 542 592 бірлік шприц сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аударылады. Ал Шығыс Қазақстан облысында балаларды қолда бар препараттар көлемі есебінен толықтыра вакциналау жоспарланып отыр.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді. Соңғы 2 айда сырқаттанушылық деңгейі 32%-ға төмендеді. Қосымша жаппай иммундау аясында шамамен 1,3 млн адам екпе алды, бұл вакцина алуға жататын халықтың 91%-ын құрайды.
  

⏺Сонымен қатар басқа да вакцинамен басқарылатын инфекциялармен сырқаттанушылық жағдайларының артқаны байқалады. Мәселен, 2023 жылы көкжөтел бойынша кері динамика тіркелді, бұл ретте науқастардың 91%-ы – екпе алмаған балалар. Сондай-ақ қызамық, эпидемиялық паротит және А вирусты гепатитінде де өсім тіркелді.
 
Халық арасында қауіпті инфекциялармен сырқаттанушылықтың өсуіне жол бермеу үшін Үкімет басшысы Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге иммундауды уақытылы жүргізу мәселесін және әрбір өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Бүгін, 16:56
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Бүгін, 14:47
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Бүгін, 13:49
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

Бүгін, 12:45
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Бүгін, 12:43

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.