Талдықорған: +8°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Жаны ізгі Жандос

4 мамыр 2024
РУХАНИЯТ
Жаны ізгі Жандос
WhatsAppTelegramFacebook

Ет пен теріден жаралған соң  бас ауырып, балтыр сыздамай тұрмайды.  Бірақ  қазекем  сырқаты сыр бергенде болмаса емделуге бара қоймайды. Содан барып ауруы асқынып, созылмалы кеселге айналып кетеді. Ал созылмалы сырқатты бірқалыпты ұстау үшін жылына бірнеше рет ем алып тұру керек. Уақытында емделмеудің бірден-бір сыры – біраз уақытта аяғымнан тұрып кетермін деп бейғам жүре беруде.

Ел аузында шындыққа келетін мынадай әзіл бар. Еврейлер дәрігерге «Мен ауырмауым керек»  деп алдын алу шарасын жасатады екен. Ал орыстар: «Сырқаттанайын деп тұрған сияқтымын» деп ем алады екен. Ал қазекем: «Қолымның сыздап ауырып жүргеніне бір ай болды. Күп болып ісіп кетті», – деп келеді екен. 
Мысалдан байқап тұрғаныңыздай, қазақ дәрігерге ауруы әбден асқынғанда барады.  Бұл кезде дәрігер  ісікті қайтаруға қауқарсыз болып қалуы мүмкін. Мұны айтып отырған себебім, біз де ауруханаға  сырқатымыз асқынғанда келдік. Бір палатада жатқан адамдардың барлығы мен сияқты  емделмей жүре беріп, кеселін асқындырып алғандар.  Біріміз  қант диабеті қинағанда,  екіншісі қан қысымы 200-ден асып кеткенде, үшіншіміз бронхиттен демала алмағанда келіппіз. Жасыратыны жоқ,  созылмалы сырқатқа қойылатын талапты орындамайтынымыз да рас.  Дәрігердің нұсқауын «құлаққа ілмей», ішпе дегенді ішіп, жасама деген емді  жасап, соңында дәрігерді сарсаңға саламыз. Алайда  айналайын  ақ желеңді абзал жандар жаны қиналған сырқатты аман алып қалу  үшін бар  мүмкіндікті жасайды. 
 Біз Ақсу ауданының орталық ауруханасына созылмалы сырқатымыз асқынып, ауыр жағдайда жеткізілдік.  Бәріміз кеселіміз асқынып, ауруханаға бірімізден кейін біріміз әл-дәрменіміз құрып түстік. Сондай сәтте   аурухананың  емдеу  бөлімінің  меңгерушісі Жандос Есжанов жанымызды аман алып қалу үшін күн-түн демей күресті. Нәтижесінде  бетіміз бері қарады. 
Емделушілер Жандос дәрігердің кәсіби біліктілігі мен табандылығына, мамандығына деген адалдығына ризашылық білдіреміз. Ол басқаратын мекеменің барлық дәрігерлері  өз істерінің нағыз мамандары.  Гиппократ антына адал жандар. Емделіп жатқандардың барлығы  алғыстарын жаудырып жатады. 
Жандос  басқарып отырған  емдеу бөлімінің ұжымына береке-бірлік, еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық тілейміз.

Алғыс айтушылар: Дүйсен Мұхаметшарұлы, Рахметолда Сексенбаев, Мейрамгүл Байболов, Алмас Божыбаев, Камалия Мұқашева, Ілияс Рахманов, Фатима Манақова.

Ақсу ауданы
 

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.