Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жергілікті биліктің су тасқынына әлсіз әзірленгені – осындай салдарға әкеліп соқты – Заитов

17 сәуір 2024
КҮНДЕРЕК
Жергілікті биліктің су тасқынына әлсіз әзірленгені – осындай салдарға әкеліп соқты – Заитов
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінгі мәжілістің жалпы отырысында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ринат Заитов премьер-министр Олжас Бектеновке Құлсары қаласындағы су тасқыны жағдайы бойынша депутаттық сауал жолдады.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Тосыннан келген топан суды қанша жерден табиғи құбылыс десек те, апатқа кінәлі адами салғырттықтар да бар. Дәлелімен айтсақ, Атырау облысы мен Құлсары қаласының маңынан заңсыз салынған су бөгеттері, жергілікті биліктің көктемгі су тасқынына әлсіз әзірленгені, сын сағатта абдыраған жұрттың әрекетін үйлестіре алмауы да осындай салдарға әкеліп соқты», — деді парламент мәжілісінің депутаты Заитов.

Оның айтуынша жауапкершіліктен қашып, жұмысты бір-біріне сілтеп отыратын салғырт қызметкерлер мен жергілікті ірі компаниялар жазалануы тиіс.

“Жергілікті билік пен жауапты министрліктер оған дейін дабыл қаққан әріптестерім Дүйсенбай Тұрғанов, Бақытжан  Базарбек Жылой аудандық мәслихатының депутаты Сырымбек Сәрсенбаевтардың депутаттық сауалдарына бей-жәй қарағаны да бұл апаттың бір себебі деуге әбден болады”,-деді Ринат Заитов.

Апат салдарынан зардап шеккен халық өз шығындарының қалай есептеліп, қалай өтелетінін әлі толық білмейді, өйткені, шаралардың нақты алгоритмі жасалмаған. Комиссия қалай құрылып, қалай жұмыс жасайтыны жайлы халыққа дұрыс хабарланбаған. 

«Апат болған аймақтардың тұрғындарына уақытша несиелік каникул қарастыруды сұраймыз. Сонымен қатар, баспанасынан айырылған азаматтарды оңтайлы орналастыруды жеделдету керек», — деп қорытындылады депутаттық сауалын Ринат Заитов.

Депутат  комиссия жұмысын жеңілдетіп, халықпен тікелей байланыстыру мақсатында оның құрамына ел сеніміне ие болған жергілікті белсенді азаматтарды қосу керек деп есептейді.

“Абай мен Қостанайда болған отты опатта да, бүгінгі болып жатқан топан су топалаңында да Қазақстан халқы өзінің бағалы бірлігі мен темірдей төзімін танытты. Міне, осы төзім мен бірліктің арқасында біз бәріміз бұрынғы биліктің жақтастары жасаған қастандықты да, мемлекет тұтастығын бұзғысы келетін сайқал саясаттарын да іске асыруға жол бермей келеміз”, – деген депутат  ендігі кезекте арсыз арандатудың жетегінде кетпей, жұдырықтай жұмылып, тәуелсіздікті сақтау жолында малын да, жанын да құрбан етіп жатқан, халықтың талап-тілегі тиісті деңгейде орындалатынына үміт білдірді. 

 

Фото: Мәжіліс

 

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

Бүгін, 17:02
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.