Ертең яғни 10 сәуір – Ораза айт мейрамы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы күні оқылатын Ораза айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынады.
Айт намазы Жамбыл облысында сағат таңғы 6:40 оқылады. Ал елордасы Астанада сағат таңғы 7.00-де оқылса, Алматы қаласында сағат таңғы 6.30-да оқылады.
Ораза айт – қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, қайырымдылықтың мерекесі саналады.

Фото: muftiyat.kz





