Талдықорған: +18°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

Мемлекет қолдауымен ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартты

09.04.2024
ОН САУСАҚ
Мемлекет қолдауымен ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартты
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында «Ауыл аманаты» жобасының аясында Барлыбек Сырттанов ауылының азаматтары бірігіп, өткен жылы «Бауыр» кооперативін құрған болатын. Бүгінде олар мемлекет қолдауымен 27,6 млн. теңге жеңілдікті несиеге қол жеткізіп, оған ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Ақсу аудандық әкімдігінің мәліметіне қарағанда, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамыту мен ауыл халқының тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасының игіліктерін Б. Сырттанов ауылдық округінің тұрғындары тиімді пайдалана алып отыр. Өткен жылы екі шаруа қожалығы мен жеке кәсіпкерлігі бар үш азамат бірігіп «Бауыр» кооперативін құрған еді. Ауыл шаруашылығымен біраздан бері айналысып келе жатқандықтан, оларға кооператив жұмысын жүргізу қиындық тудырған жоқ. Бірігудің нәтижесінде кооперативтің ортақ меншігінде бүгінгі күні 100 гектардай жері бар, соның 25 гектарға жуығы суармалы жер. Техникаларын да ортақ пайдаланысқа қосты.

— Жеке дара жұмыс істегеннен гөрі кооперативке бірігіп еңбектенудің ұтымды тұстары көп. Сондықтан біз ауылдастарымызбен ақылдасып, ұсақ шаруашылықтарымызды бірігіп топтастыруды жөн деп таптық. Бұл орайда «Ауыл аманаты» жобасының мүмкіндіктерін пайдаландық. Техникаларымыз тозып кеткендіктен, кооперативтерге берілетін жеңілдетілген несиеден 27 млн. 600 мың теңге қаражат алып, жаңа трактор, тиегіш, соқа және қызылша сепкіш сатып алдық. Биыл 10 гектарға қант қызылшасын, 10 гектарға арпа, 5 гектарға жоңышқа егеміз. Қазір қызылша ең тиімді дақыл болып отыр. Сондықтан алдағы жылдарда суармалы жердің көлемін ұлғайтып, қызылша алқабының ауқымын 50 гектарға жеткізсек деген жоспарымыз бар, — дейді «Бауыр» кооперативінің басшысы Бауыржан Бақытжанұлы.

Оның айтуынша, болашақта кооперативке қызылша жинайтын комбайн сатып алу жоспарланып отыр. Қазір қолда бар техникаларын өздері қолданумен қатар аудандағы өзге де шаруа қожалықтарына жер жырту, шөп шабу сияқты жұмыстарға ақылы қызмет көрсетіп келеді. Бұл техникасы тапшы ұсақ шаруашылықтар үшін тиімді.  

Әзірге егіс науқанына дайындық жұмыстарын үш азамат өздері атқарып келеді. Ал жазда, күзгі жиын терін маусымында кооператив 10 шақты адамды, соның ішінде сушы, қызылшашы сияқты еңбек адамдарын жұмыспен қамтиды.

— «Ауыл аманаты» бағдарламасының шарттары, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті қолдау, әсіресе ұсақ шаруашылықтардың бірігіп кооператив құруының жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын халық арасында кеңінен түсіндіріп келеміз. Округімізде кооператив құру бастамасы жаман емес. Өзара бірігіп, іріленудің арқасында күзгі өнімдерін мол жинап, еңбектің жемісін көргенде өзгелер де кооперативтің тиімділігіне көз жеткізеді деп ойлаймын, — дейді Б.Сырттанов округінің әкімі Әділжан Сүлейменов. 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы Жетісу облысында 13 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Олардың 2-еуіне жалпы сомасы 54,6 млн. теңге несие берілді. Биылғы жылы әр ауданда бір кооперативтен, яғни 8 кооператив құру жоспарланып отыр.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

26.03.2026
Елде мұнай экспортын әртараптандыру жалғасады

Елде мұнай экспортын әртараптандыру жалғасады

26.03.2026
Үш адамның өмірін қиған жарылыс: Газ компаниясының басшысы қамауға алынды

Үш адамның өмірін қиған жарылыс: Газ компаниясының басшысы қамауға алынды

26.03.2026
2,3 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер біліктілігін растады

2,3 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер біліктілігін растады

26.03.2026
Наурыз – тәлім мен тәрбие өзегі

Наурыз – тәлім мен тәрбие өзегі

26.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.