Талдықорған: +8°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӨНЕРДІҢ САРҚЫЛМАС ҚАЙНАР КӨЗІ

21 наурыз 2024
РУХАНИЯТ
ӨНЕРДІҢ САРҚЫЛМАС ҚАЙНАР КӨЗІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талайды тамсандырған қазақ қолөнерінің қайталанбас түрі – қиыннан қиыстырып құрақ құрау. Өнердің сарқылмас қайнар көзіне айналған бұл қолөнер бұйымы әр қазақ шаңырағының төрінен көрінуі тиіс. Төрдің төріне төселген құрақ қазақ өнерін менмұндалатып тұратындай.

Бүгінде баспаналы болып жатқан әр қазақ бір бөлмесін арнайы қазақша бөлме етіп жасауды сәнге айналдырған. Міне, дәл осы бөлменің ажарын кіргізіп, сұлулығына сән берген құрақ көрпелер мен бөстектердің маңызы зор.

Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш еткен. Кешегі ісмер апалардың ізін жалғаған Гүлзат Нүсіпхан дәл осы өнерді заман ағымына қарай «сөйлетіп» жүр.

2013 жылы Қытай Халық Республикасының Боратала облысынан елге оралған ол он саусағынан тамған өнердің ізін суытқан емес. Құрақтың сан түрін құрап, талай жанға қуаныш сыйлап жүрген аяулы жан өз кәсібінен нәсіп тауып жүр.

– Көрпе, тұскиіз, жастық, түрлі ойыншықтарды әрбір қыз бала істей білуі керек. Қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер түрлерін бүгінде дамытуымыз қажет.  Қолөнер қыз баланы төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды ажыратып, олардың бір-бірімен үйлесімділік табуын түсініп, тануға шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке үндейді, жан-дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді. Міне, бір ғана құрақ құрау арқылы біз бала тәрбиесіне де көп көңіл бөлеміз. Осы қолөнеріміз ұмыт болып кетпесін деген оймен Балпық би кентінен шағын цех аштық. Отбасылық кәсібіміз бүгінде өз жемісін беріп келеді. Ең бастысы, халықтан сұраныс бар. Сол қуантады, – дейді қолөнер иесі.

Қолөнерге жастайынан жақын болған Гүлзат алғашында 2 жылдай жалдамалы жұмысшы болып еңбек еткен. Ол цехта жүн жуып, мақта түтіп, көрпе тігетін техниканың тілін меңгеріп, мол тәжірибе жинақтаған. Араға біраз уақыт салған соң басшылары басқа қалаға көшетін болғандықтан кәсіпті сатылымға қояды. Бар өмірін қолөнермен байланыстырған Гүлзат Нүсіпхан жолдасы Темірбек Әпсеметпен дайын кәсіпті сатып алады. Міне, сол сәттен бастап ол түрлі істің басын бір арнаға біріктіреді.

Отандық өнімді сатылымға шығаруды мақсат еткен ол бірінші құрақ көрпенің арнайы қабын сатып алады. Ішіне жүн, мақта салып, сату ісін бастайды. Бүгінде оның құрақ көрпесін сатып алушылардың саны артқан. Құрақ көрпелердің матасына, оюына, құрағына байланысты 10 мың – 25 мың теңге арылығында сатылады. Ал жас жұбайларға арнайы тігілетін махаббат көрпесінің сапасы жайлы шағым айтқан бірде-бір тұтынушы болмаған. Осыдан-ақ өз ісінің білгірі жұмыстың бабын тауып, санға емес, сапаға еңбек етіп жатқандығын аңғаруға болады. Сонымен қатар, Гүлзат жастықтың, құрақ көрпенің ішіне салынған жүнді жуу, кептіру жұмысымен де айналысады. Оның айтуынша, қазір Көксу ауданының ғана емес, басқа да елді мекеннен тапсырыс берушілер көп. Ол бүгінде 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтып келеді.

– Қазақтың қара шаңырағында міндетті түрде ұлттың қолөнер бұйымы тұруы тиіс. Қазақтың қазақ болуы сал-дәстүрден, ұлттық құндылықтан бастау алатынын ұмытпауымыз керек. Әсіресе, қыз баланың жасауына міндетті түрде құрақ көрпе қосылуы керек. Біз жас жұбайларға арналған махаббат көрпесіне арнайы құрылғымен түрлі ою-өрнек салып даярлаймыз. Ең бастысы, барлығы шын ниетпен, таза махаббатпен жасалады. Көктем кезінде қой малын өсірушілерден мол қылып жүн сатып аламыз. Оны жуып, кептіріп, тазалап, түтіп таза өнім аламыз. Тапсырыс берушілердің таңдауына қарай мақта да қолданамыз. Арзанқол синтефон көрпелер алғанша қойдың таза жүнінен, қымбат матадан тігілген бұйымды алып, денсаулықтың да қадірін түсінген дұрыс деп есептеймін, – дейді кәсіпкер. 

Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсысы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, саналуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғарар еді. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ тани түсесіз. Сондықтан да ұлттық құндылықты құлдыратпай, дәріптей түсейік.

Еңлік КЕНЕБАЙ
Көксу ауданы 

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.