Талдықорған: +13°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Сарқандық қарт әже 101-ші көктемін қарсы алды

6 наурыз 2024
РУХАНИЯТ
Сарқандық қарт әже 101-ші көктемін қарсы алды
WhatsAppTelegramFacebook

Сарқан ауданының Лепсі ауылдық округіне қарасты Көкжиде ауылының қазыналы қарт әжесі Шәпен Қыдырбекова 101-ші көктемін қарсы алды. Қаумалаған ұрпақтарының ортасында ғұмыр кешіп отырған әжей бүгінде ең бақытты жанның бірі.

Шәпен әжей осы жасына дейін небір қиындықты да, қуанышты күндердің басынан өткізді. Ол 1923 жылы Сарқан ауданы, Қарабөгет ауылында дүние есігін ашты. 1940 жылы Бөрлітөбе ауданындағы Ерікті ұжымшарында еңбек жолын бастап, содан зейнетке шыққанша бел  жазбай еңбек еткен. Екінші дүниежүзілік соғыстың ауыртпалығын қара нардай көтерген тыл еңбеккерлерінің сапында болып, қиындыққа қайыспай көтеріп, бейбіт күннің шапағатын көргенін әңгімесіне арқау ететін әз ананың кейінгілерге айтары аз емес.

Әжім торлаған жүзі күреңіткен Шәпен әжей өз заманында ашаршылықты да, қуғын-сүргінді де, Екінші дүниежүзілік соғыстың қиындығын да көзімен көріп, көңіліне түйген.

Шәпен апа 1947 жылы Әнуарбек Қыдырбековпен сөзі жарасып, тұрмыс құрады. Бас қосқан екі жас Ерікті ұжымшарында зейнетке шыққанша мал бақты. Абыройсыз болған жоқ, еңбектері еленіп, зор құрметке бөленді. Шәпен әжей он баланы дүниеге әкеліп, кеудесіне «Алтын алқа» белгісін де тақты.

–  Өмірлік қосағым Әнуарбек 85 жас жасап, өмірден озды. Он баламнан, атап айтқанда 7 қыз, 3 ұлдан өрбіген ұрпақтарым алыс, жақында жүрсе де үнемі қал-жағдайымды біліп тұрады. Немере, жиен, шөберелерім көңілімді табуға тырысады. Бұдан артық ата-анаға марапат керек емес.

Бүгінде өмірден өз орындарын тапқан  он баласынан 29 немере, 68 шөбере көріп отырған  Шәпен әжей: «Біздің көрген қиыншылығымызды кейінгі ұрпақ көрмесін. Еліміз тыныш, ұрпағымыз саналы болсын», – деп аналық ақ батасын берді. Біз де әжейге бейнетсіз ұзақ ғұмыр тіледік.

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы.

 

Қатысты жаңалықтар

Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Бүгін, 11:34
«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

Бүгін, 10:00
«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

Бүгін, 09:30
Қазақстан электрондық үкімет рейтингінде 16-орынға шықты

Қазақстан электрондық үкімет рейтингінде 16-орынға шықты

Бүгін, 09:24
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.