Талдықорған: +35°C
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорған жастары өз қолымен сыйлық жасауды үйретуде

06.03.2024
КҮНДЕРЕК
Талдықорған жастары өз қолымен сыйлық жасауды үйретуде
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған жастары болашақта өз ісін ашқысы келетін қатарластарына арнап түрлі кәсіптерге үйрететін шеберлік сағаттарын өткізуді қолға алған. Мәселен, ертең «Jetisu jastary» КММ мен жергілікті жас кәсіпкер бірлесіп шоколадтақа салынған құлпынай әзірлеудің қыр-сырысын үйрететін шеберлік сағатын ұйымдастырғалы отыр. Аталмыш мекеме мұндай әлеуметтік жобаларды кәсіпкерлермен бірге өткен жылдан бастап өткізіп келеді. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың уақытын тиімді өткізуіне ықпал ету, оларды жаңа машықтарға бейімдеу, соның ішінде өз бизнесін бастауына серпін беру.

«Jetisu jastary» КММ директорының орынбасары Еркебұлан Ақболатовтың айтуынша, өткен жылдан бері осындай 10-нан астам шеберлік сағаты өткізілген.

— Бүгінгі жастардың арасында шеберлік сағаттарының танымалдығы артып келеді. Мұндай шараларды былтырдан бастап өткізе бастадық. Бұл жастардың шығармашылыққа, белгілі бір кәсіпке деген құлшынысын арттырады. Біз кәсіпкерлерге тегін шеберлік сағаттарын өткізу туралы ұсыныстарымызды айтамыз. Бұл шараға әсіресе «Zhas Project», «Тәуелсіздік жастары» жобаларымен мемлекеттік қолдауға ие болған жастарды тартуға тырысамыз. Жыл басынан бері осындай 10-ға жуық шеберлік сағатын ұйымдастырып, оған 18 бен 35 жас аралығындағы 500-дей адам қатысты. Соның ішінде қыш құмыра жасау, тоқыма, бұйымдар жасау, бет әрлеу, тағам даярлау т.б. тақырыптар қамтылды. Осы жолы біздің ұсынысымызға талдықорғандық кәсіпкер Шырайлым Сахарьянова келісімін берді. Ол жеке ісін өз күшімен бастаған. Әзірге шеберлік сағатына 20 адам жазылды. Олардың дені студенттер, бала күтіміне байланысты үйде отырған келіншектер. Кәсіпкер сабақ барысында мереке қарсаңында өз қолымен қалай тәтті сыйлық даярлауға болатынын көрсетеді. Бұл шара жастардың пайдалы іспен шұғылдануына жол көрсете алса, біздің мақсатымыздың орындалғаны», — дейді Е. Ақболатов.

Шеберлік сағатын өткізгелі отырған 29 жастағы кәсіпкер Шырайлым Сахарьянованың іскерлік әлеміне келгеніне бір жылдың шамасы болған. Негізгі мамандығы — информатика пәнінің мұғалімі, өзі үш баланың анасы. Бала күтіміне байланысты демалыста отырғанда шоколадтқа салынған құлпынай дайындаумен айналыса бастаған.

— Басында түрлі бағыттарда өзімді сынап көрдім. Соңында осы шоколадқа салынған құлпынай дайындауға тоқталдым. Қазір бұл іске әбден машықтанып алдым. Оған қажетті бельгиялық сапалы ақ шоколадты Алматыдан алғызамын, қораптарын да Алматыдан сатып аламын. Ертеңгі шеберлік сағатында білгеніммен бөлісіп, қатарластарымды пайдалы іске үйретсем деймін. Оны бірден үйреніп кету қиын, дегенмен бар зейінін салып, кіріссе оның қыр-сырын ұғып алуға болады. Ең бастысы – шоколадты дұрыс еріте білу. Оны ертеңгі сабақ барысында үйретемін. Құлпынай мен шоколадтың сапалысын таңдау да маңызды. Ал құлпынайлы тәттіні әрлеуге аздаған шығармашылық қабілет керек», — деді Ш. Сахарьянова.

Кәсіпкердің айтуынша, оның қолынан дайындалған өніміне деген сұраныс мереке күндері арта түседі екен. Әсіресе, ер адамдар көп таспырыс береді дейді ол. Шырайлым өз тәттілерін Инстаграмдағы @chocoberry.tdk парақшасы арқылы тұтынушыларға таныстырып келеді.

Еске салсақ, аталған шеберлік сағаты ертең Талдықорғандағы «Жетісу жастары» орталығының ғимаратында өтеді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Фото: «Jetisu jastary» КММ

Қатысты жаңалықтар

«Құдайдың барына қайтіп  сенемін?..»

«Құдайдың барына қайтіп сенемін?..»

02.08.2026
Тамызда Қазақстанда қандай өзгерістер күшіне енеді?

Тамызда Қазақстанда қандай өзгерістер күшіне енеді?

02.08.2026
Сүрінгенді сөкпейік…

Сүрінгенді сөкпейік…

02.08.2026
Бір ой – екі дереккөз

Бір ой – екі дереккөз

02.08.2026
Ертеңнен үмітіміз зор

Ертеңнен үмітіміз зор

01.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.