Талдықорған: +7°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

 Жер бетінің жарығы – менің атам!

15.02.2024
ІЗГІЛІК ІЗІ
 Жер бетінің жарығы – менің атам!
WhatsAppTelegramFacebook

Әр адамның өсіп-жетіліп, белгілі бір тұлға болып қалыптасуына әсер етіп, тәрбиесі мен ақылын айтатын отбасындағы бір адамның ықпалы болары хақ. Менің өсіп жетіліп, ақылы мен парасаты азаматша етіп өсірген жанашырым жайлы айтқым келіп отыр. Ол адам менің — атам. Әрбір ісім, жеткен жетістітерім, бағындырған белесім болса сол кісінің салып берген сара жолы деп білемін.                                                                                              

Атам 1930 жылғы қариялардың құрдасы. Бойы ұзын, денесі ірі, бет пішімі сопақтау келген, көк көздінің әдемісі. Марқұм апам екеуі он ұл, бес қызды өмірдің талай сынағынан қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай мәпелеп өсірген. Бүгінде сол күндердің ыстығы мен суығына төзген атамның әулеттен тараған отыз бес немеренің ішінен мені бауырына басып, сәби кезімнен қолынан тастамаған.

Анамның айтуынша, мені әкемнің ағасы бағып алғысы келген екен. Сол кезде атам мені ерекше көріп, тәлім — тәрбиесімен жеткізді. Тіпті, қолында ұйықтап қалсамда айтып жатқан өлеңін мен оянғанша айтып отыра беріпті. Негізі атамның мінезі қатал келгенді. Жаздың соңғы айлары шөп шабылмай, жер жыртылмай көкеністер  уақытылы егілмей қалса әкеме ренжиді. Ойлаған ісі бітпейінше асқазанын тойдыруға ұмтылмайды. Тағамға келгенде өте сақ. Үнемі дастархан басында ішкен атауды адал ішу керек. Арам ас тамақ болмайды деп ескертіп отыратын.

Бес жасымнан атамның жанында жаттым. Бір адамдық темір төсекте атамның құлағын ұстап ұйықтағанды жақсы көретінмін. Біз үшін тура кешкі онда жатып, таңғы жетіде ояну әдетке айналған. Жыл сайын оразаның бір күнін қарыз қылмай өтеп шығатын. Сол кездерде сәресіне бірге тұрып алып аузымды бекітіп, түсте шайымды ішіп, шам уақытында күні бойы аш жүрген адамдай аузымды ашатынмын. Атамның ешбір оятқыштың көмегінсіз дәл түн ортасында оянуы мені әлі күнге таң қалдырады.

Айт намазында ерте тұрып, дәретін алып, көк орындығын бір қолына қыстырып, мешітке кететін. Намаздан келгесін дастарханға қойылған жеті нанға құран оқып, көрші үйлерге де кіріп шығатын. Атам ел жұрқа сыйлы ақсақал тіпті іргелес отырған үй иелері атам келіп жеті шелпектен ауыз тимеиінше тиіспей күтіп отыратын. Ал жайшылықта таңғы асын ішіп болған соң, қора-жайға барып тыпыңдап бірдеңені жөндейтін де жүретін. Алты жасымда апам өмірден қайтты. Сол уақыттан бастап атам қайда барса менде сонда, бір-бірімізге серік болып жүреміз. Туған-туыс, дос-жаранның той қуанышына мені қалдырмай ертіп барып, кішкентай болсамда кемпірімнің орнына келген қызым деп таныстырып, төрден орын алғызатын. Құдды бір  атам екеуміздің  әлі күнге сақталып келе жатқан дәстүріміз іспетті.

Аптасына бір рет газет келеді. Ешбір жазуын қалдырмай тұтас оқып шығып, көрші шал келгенде сол жаңалықтарды талқылап, әңгіме айтатын. Оқып біткен газетін маған беріп, газеттің бос жерлеріне «ата», «апа», «Балау», «ана», «әке» , — деп жазғызатын. Одан қалса сол газеттегі әріптерді өзі оқып, мен қайталап есте сақтап отыратынмын. Содан да болар бес жасымда мектеп табалдырығын аттаған мен үшін жазу, оқу қиындыққа түскен жоқ. Сабақтан келе сала «атау, сабақ оқыйық», — деп қасыма отырғызып қоятынмын. Бәрі мені Болат пен Жазираның қызы деп емес атасының сары қызы деп біледі.

Атам барда әке-шешемнің сөзі заң емес. Күніге сабаққа шығарда шекемнен сүйіп, елу теңге беретін. Бірде атамды бас құда болып барыңыз деп қуанышқа шақырды. Мені сабақтан босатпады. Таңда әдеттегідей шекемнен сүйіп, ақшамды беріп, «төрт-бес күнде келемін, Жазираға ақша тастап кеттім, күнде сабаққа шығарда сұрап ал» , — деді де атам Алматыға, ал мен мектепке жол тарттым. Сол күннен бастап, әншейінде анама бағынбайтын мен айтқанын істеп, ыдыс жуып,  енесіне жібермей қамап қойған қозыдай күн кештім. Атам жоқ болғасын түнімен ұйықтай алмай, сабаққа ерте жиналып алып анамнан ақша сұрасам анам бермеді. Күнде темір тенге алып үйреніп алған мен үшін «ақша жоқ» — дегені ашуыма тиді. Үйдің есігін тарс жауып, жастарымды ақ көйлегімнің жеңімен сүртіп «Осыдан атам келсінші көресің бәрін айтам. Ақша да бермеді», — деп ең алғаш рет анама өкпелегенім бар.

Кейде отырып алып жамандау үшін атам екеуміз анам мен әкеме «Қыз Жібек пен Төлеген» , — деп ат қойып алғанбыз. Менің шашымның ұзын болуы атамның аманаты. Шашы белден асатын оныншы сынып оқушысы едім. Қасымдағы қыздарға еліктеп, иық деңгейінде кесіп тастадым. Атам сол күні менің шашымды қиғаныма ренжіп, маған сөйлемей, нәр де татпай қойған. Аманатқа қиянат жасадым-ау деп өзімді кінәләп содан бастап шашыма қайшы тигізбедім.

Ата! Аташым! Сағындым сені! Шыр етіп жерге түскен минутымнан қолыңа алып, әлдиіңмен өсірген менің тірегім. Міне, бүгін аташым тоқсан бестің белесіне шықтың. Ақылшым дүние дидарын таныған күніңменен сізді құттықтаймын! Үнемі туылған күніңде қасыңда болушы едім, биыл қызыңды сабақтан босатпады.

Атау! «өмірдің сынағына берілме» — деп, жиі айтушы едіңізғой. Ауырмай осы қалпыңызда қасымда болыңыз. Өзіңіз қалап бес жасымнан газет оқытып, кешкі жаңалықтар көрсете отырып, «кейін осындай тілші боласың, сосын мен сені жаңалықтардан көріп рахаттанып отырып шәй ішемін. Жазған жаңалығыңды газеттен оқып, шалдарға мақтанамын» — деуші едіңіз ғой!

Сары қызың сол арманыңды орындау үшін еңбек етуде. Отбасымыздың берекесі, әлі сіз менің тойымда ақ батаңды беруің керек. Сол үшін тамағыңызды уақытылы ішіп, сан қиялға бой алдырмай, менің тілеуімді тілегейсіз. Баршаға үлгі етерлік тұлғам ес кіргелі өзіңіздің ұлағатты сөздеріңіз бүгінде кішкентай Балауыңның болшағына азық болып отыр. Сізге деген мәртебем мен махаббатымды бұл шығармамен жазып жеткізе де алмаспын. Әрбір айтқан өсиетіңіз менің жадымда мәңгіге сақталады. Әлі-ақ «Қасымханның қызы» — деп дүйім жұрт танитын болады!

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі «Жер сағаты» акциясына белсенді қатысты

Жетісу өңірі «Жер сағаты» акциясына белсенді қатысты

28.03.2026
Өртке қарсы дайындық күшейтілді

Өртке қарсы дайындық күшейтілді

28.03.2026
Тұрсын аға тәлімі

Тұрсын аға тәлімі

28.03.2026
«7 OZEN»: Жетісуда Көксу өзенінің арнасы тазартылды

«7 OZEN»: Жетісуда Көксу өзенінің арнасы тазартылды

28.03.2026
Талап баршаға ортақ

Талап баршаға ортақ

28.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.