Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Саябақ – сауықтыру мекені

6 ақпан 2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
Саябақ – сауықтыру мекені
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған тұрғындары енді әр аптаның сенбі күні «Жастар» және «Жеңіс» саябақтарына келіп, сенбілік спорттық шараларға қатыса алады. Дене қыздырудан бастап түрлі қозғалыстарға арналған жаттығулар жасайды. Белсенді қатысқандарға ұйымдастырушылар тарапынан сый-сияпат та қарастырылған. Алғашқы болған шараға түрлі жастағы 500-ге жуық адам қатысты.

– Бұл шараның негізгі мақсаты – бұқаралық спортты қарқынды дамытып, салауатты өмір салтын ұстану. Өңірімізде дене шынықтырумен айналысатындардың санын көбейту. Бастамамызды қолдап келгендерге алғысым шексіз, келесі сенбіде қатарымыз бұдан да көп болады деп ойлаймын, – дейді облыстағы бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Рүстем Қалиев.

Мамандардың айтуынша,  таңғы дайындық  адамның иммундық қабілетін арттырып, қан айналымын  реттейді.  Сонымен қатар, күні бойы сергек жүруге септігін тигізеді.

Әр сенбі сайын өтетін Денсаулық күнінде таңғы гимнастика, таңғы серуен, түрлі спорттық ойындармен қатар ыстық шай мен тәттілер де ұйымдастырылған. Жиналғандар арасында облыстағы ардагерлерді бастап келген Ермек Келемсейіт те болды. «Денсаулық фестивалі» өтетінін естіген ол 70-тен ассам да үйде жата алмадым», – дейді.  

– Қаламызда спортқа деген қолдау жақсы. Әсіресе үлкендер қауымының осындай іс-шараға қатысып, жастарға үлгі көрсетіп жатқандығы қуантады. Бұл жерде, ең бастысы, әркім өз денсаулығын нығайтып, саламатты өмір салтын дұрыс жолға қоюға мүмкіндік алады, – дейді қала тұрғыны, шараға қатысушы Сәтбек Ғазизбекұлы. 

Шара соңында белсенділігімен көзге түскендер  Мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастыушылардың айтуынша, енді аптаның әр сенбісі күні осындай бұқаралық спорттық шаралар өтіп тұрады.

Қали АСҚАР
Суретті түсірген Дмитрий ЕРОФЕЕВ

 

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.