Күні кеше Көксу ауданы, Балпық би ауылында джиу-джитсу спорт түрі бойынша облыс чемпионаты өтті.
Жарыстың ашылу салтанатына ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жетісу облысы бойынша джиу-джитсу спортының негізін қалаушы Нұржан Кенжеұлы, облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Рүстем Калиев және Жетісу облысының джиу-джитсу федерациясының президенті Елдос Сағадиев қатысты.
Облыстық жарысқа 8 аудан және 2 қаласынан 500-ге жуық джиу-джитсерлер қатысты. Жарыста ерекше көзге түскен Талдықорған қаласының спортшылары жалпыкомандалық есепте алтын тұғырға табан тіреді. Ал саялы Сарқан өңірінің жастары жүлделі ІІ орынға орнықса, Панфилов ауданының командасы үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетсек, топ жарған джиу-джитсу шеберлері наурыз айында Қарағанды қаласында өтетін ел чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады.
Алуа Бауыржанқызы





