Талдықорған: +15°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

Жетісулықтар «Ауыл аманатының» көмегімен ұлттық қолөнерді заманауи деңгейде дамытуда

02.02.2024
ОН САУСАҚ
Жетісулықтар «Ауыл аманатының» көмегімен ұлттық қолөнерді заманауи деңгейде дамытуда
WhatsAppTelegramFacebook

«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауылдағы кәсіпкерлікті, соның ішінде ұлттық нақыштағы қолданбалы кәсіпті дамытуға да зор серпін беруде. Соның жарқын мысалдары ретінде мемлекеттік қолдаудың арқасында Ақсу және Панфилов аудандарында кәсіпкерлер тігін цехын жүргізіп бастады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақсулық Қарлығаш Тұмарбай – атажұртқа 2006 жылы оралған қандас. Ол 2008 жылдан бері тігін ісімен айналысып келеді. «Ауыл аманаты» жобасымен 4,8 млн теңге несие алды. Үйінің ауласында шағын тігін шеберхана ашқан. Жобаға қатысып, алған несиесіне кәсібін одан әрі дамыту үшін жүн мен мақта түтетін және матрац тігетін заманауи автоматтандырылған аппараттар сатып алған.

— Негізінен қыз жасауына, үйде күнделікті қолданғанға көрпе-жастықтар мен матрацтар тігуге тапсырыс аламыз. Тапсырыс беруші егер көрпенің жүннен жасалғанын қаласа, қойдың жүнін жуып, тазалап, кептіріп алып келеді. Ал мақтадан жасалғаны керек болса, біз өзіміз Алматыдан арнайы сатып алған мақтамызды қолданамыз. Қыздың жасауына тапсырыс көп түседі. Және оған негізінен мақтадан жасалатын көрпелерді алады. «Махаббат» көрпесі, құрақ көрпе, төсек көрпе, жамылғы көрпе сияқты түр-түрін арнап тігеміз,  — дейді кәсіпкер Қ. Тұмарбай.

Бүгінде жанына бір көмекші алып, ауылдасын жұмыспен қамтып отыр. Жаз мезгілінде жұмыс көлемі артқанда қосымша тағы бір адамды жұмысқа тартамын дейді кәсіпкер. Ол өз кәсібін Инстаграм әлеуметтік желісіндегі t_karlygash парақшасы арқылы насихаттап отыр.

Жалпы Ақсу ауданы бойынша «Ауыл аманаты» жобасы аясында 91 жобаға  513,5 млн. теңге шағын несие беріліп, бұл ауыл азаматтарының өз жеке істерін ашуға үлкен септігін тигізді.

Ал Панфилов ауданы Сарыбел ауылдық округінің тұрғыны Минура Қасымжанқызы өткен жылдың шілде айында өз қаражатына екі арнайы аппарат сатып алып, тігін цех ашқан еді. Мұнан соң «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, өткен жылдың желтоқсан айында 6,5 млн. теңге жеңілдетілген несиеге ие болды. Сөйтіп бұл қаржыны материалдық базасын нығайтуға жұмсап, мақта түтетін, матрац тігетін тағы 2 аппарат сатып алды. Қазір ол ауылының 2 тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.

— Заманау аппаратпен жұмыс істеген өте тиімді. Мамандар арнайы монитордың алдында отырып, барлық процесті басқарып отырады. Мәселен, жамылғы көрпені қабитын тігістің мұнда 380 түрі бар. Алдағы уақытта тігін машинкаларын сатып алып, тігіншілерді жұмысқа алсақ, өнім түрлерін көбейтсек деген ниетіміз бар. Кәсібіміздің кеңінен таралуына әлуметтік желіні пайдаланып келеміз, — деген Минура Қасымжанқызы Инстаграмдағы mamyk_korpesarybel парақшасын ашып көрсетті.

Жалпы Панфилов ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасының І, ІІ транштары бойынша 93 субъектінің жобасы мақұлданып, оларға жалпы көлемі 662 млн. теңгеден астам несие беріп, азаматтар шағын кәсіптерін бастаған.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

26.03.2026
Енді несие алу қиындайды

Енді несие алу қиындайды

26.03.2026
500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

26.03.2026
Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

26.03.2026
Елде мұнай экспортын әртараптандыру жалғасады

Елде мұнай экспортын әртараптандыру жалғасады

26.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.