Талдықорған: +20°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

Текелілік кәсіпкер электр қозғалтқыштарын жөндейтін цех ашты

31.01.2024
ОН САУСАҚ
Текелілік кәсіпкер электр қозғалтқыштарын жөндейтін цех ашты
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы Текелі қаласының тұрғыны Юрий Семичев мемлекеттік қолдаудың арқасында өткен жылдың соңында өз ісін бастады. Кәсіпкер электр қозғалтқыштарын жөндеп, қалпына келтіретін шеберхана ашты. Шағын цехта миксерлер мен бұрғылардан бастап қуаты 160 кВт-қа және салмағы 2 тоннаға дейін жететін кез келген қуатты электр қозғалтқыштары жөнделеді. Енді кәсіпкер цехын кеңейтіп, толық циклды қызмет көрсету базасын ашуға ниетті, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мамандығы электрик Юрий Семичев біршама тәжірибе жинақтап, шеберлігін шыңдап, алдымен үйінде шағын электр қозғалтқыштарын жөндеумен айналысты. Мұндай қызметке деген сұраныстың зор екенін ол өз тәжірибесінен біледі. Әсіресе электр қозғалтқыштарын жөндеу мен қалпына келтіру оңай жұмыс емес, ол кез келген адамның қолынан келе бермейді. Сондықтан өзінің кәсіби мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды ойлаған шебер өз идеясын жүзеге асырды. Оны іске асыруға мемлекеттің қолдауы зор септігін тигізді. Юрий Семичев 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында 5 миллион теңге көлемінде грант алды.

— Грант қаражатының тең жартысы жөндеу жұмыстарына арналған материалдарды сатып алуға жұмсалды, өйткені мұндай материалдарды шағын көлемде ала алмайсың. Мысалы, бір катушканың салмағы 20 кг, ал маған оның 10-15 түрі керек болды. Әріптестерімнің материалдардың сапасына қатысты айтқан ақыл-кеңестеріне сүйене отырып, Ресей мен Өзбекстанда жасалған материалдардан алып келдім. Сондай-ақ үлкен электр қозғалтқыштарын көтеретін контейнер мен арқалық кран сатып алдық. Оған қосымша өз қаражатымды да салдым. Өткен жылдың соңында бизнесімді бастап кеттім, қазір айтарлықтай табысты жұмыс істеп жатырмыз. Текелі тау-кен байыту кешенінде жұмыс істеген кезімнен білетін клиенттердің көпшілігі қазір де хабарласып, мені тауып алып жатыр», — дейді жас кәсіпкер күлімсіреп.

Цех әзірге шағын, соған қарамастан Көксу, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласынан және сол Текелі қаласында орналасқан кәсіпорындардың көпшілігі шағын кәсіпорынның қызметіне жүгінеді.

— Біз электр қозғалтқыштарының барлығын дерлік жөндейміз. Миксерлерді де, электр ет тартқышты да, дрель, болгарка, сондай-ақ зауыттарда желдеткіштер мен диірмендердің жұмыс істеуіне серпін беріп тұрған үлкен электр қозғалтқыштарды да жөндейміз. Мәрмәр тастарын шығаратын кәсіпорындар Текеліде аз емес, олар да бізге жиі хабарласады. Қозғалтқыштардың ең ірілерінің салмағы 2 тоннаға, қуаты 160 кВт-қа жетеді. Оларға келгенде өзіміз сатып алған көтергіштердің көмегімен жұмыс істейміз. Негізінде біз жылу электр станцияларында қолданылатын электр қозғалтқыштарын да жөндейміз. Оған біліміміз де, тәжірибеміз де жетеді, тек ол үшін қосымша құрал-жабдықтар керек», — дейді шебер.

Әрине, мұндай көлемді жұмысты жалғыз атқару мүмкін емес, сондықтан Юрий Семичев білікті көмекші ретінде жанына немере інісі Алексей Семичевті алды. Шеберлігі жағынан ағасынан кем түспейтін жас маман Томск политехникалық университетін бітіріп, электротехникалық зауытта тәжірибеден өткен. Туған жерге оралған ол «РСК» ЖШС-де бірнеше жыл мамандығы бойынша жұмыс істеп, қазір ағасымен бірге жеке кәсіппен айналысуда.

– Кез келген тау-кен құрылғысы, мейлі ол ұсатқыш болсын, диірмен болсын, желдеткіш болсын, қай-қайсысының да жұмысы электр қозғалтқышына байланысты. Ол ұзақ уақыт үздіксіз жұмыс істегенде тозады, қатты қызатындықтан мыс сымдары жиі күйіп кетеді. Бізге негізінен 0,5 кВт-тан 160 кВт-қа дейінгі әртүрлі қуаттағы электр қозғалтқыштарын әкеледі. Оралған мыс сымдарының диаметрі 0,25 мм-ден 1,50 мм-ге дейін жетеді. Электр қозғалтқышының сыртқы қақпақтарын ашып, бөлшектеп, істен шығу себебін анықтаймыз. Зауыт деректеріне сәйкестендіріп қайтадан ораймыз. Бұл сырттай қарағанда оңай көрінгенімен күрделі схема, соған қарамастан бұл процесс түгелдей қолмен атқарылады. Мыс сымдарды тегіс орау, орамалардың санын қатесіз дәлдікпен есептеу тыңғылықты еңбекті қажет етеді. Бұл да тұтас сала. Сондықтан біз осы тақырыптағы әдебиеттер мен анықтамалықтарды жиі оқып, зерделеп отырамыз. Орама сымдар орындарына қойылып, оқшауланғаннан кейін, электр қозғалтқышының барлық бөліктері қалпына келтіріліп, жұмысы тексеріледі. Сөйтіп электр қозғалтқышының дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткіземіз де оны тұтынушыға қайтарамыз. Ал қуаты аз қозғалтқыштардан күніне 4 агрегатқа дейін жөндеуге болады, — дейді Алексей Семичев.

Қазір кәсіпорында 3 адам жұмыс істейді. Цех кеңейтілетін болса, жұмысшылары санын да арттырамыз дейді кәсіпкер.

– Ісімсіз оңынан жүре бастаған соң сұранысқа сай цех қызметіне токарьлық жұмысты да қосып, толық циклды қызмет көрсететін жөндеу шеберханасын ашсақ деп жоспарлап отырмыз. Бірақ оны жүзеге асыру үшін жабдық алуға қосымша қаражат қажет. Сондықтан мемлекеттік қолдау бағдарламаларына тағы қатысып көруге тырысамыз. Мұндай бағдарламалар бизнесті дамыту үшін жақсы көмек, — деді «Семичев» ИП басшысы Юрий Семичев.

Айта кетейік, 2023 жылдың соңында Жетісу өңіріне 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында 7,1 млрд теңге, оның ішінде тегін гранттар беруге 74,8 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, облыста жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 60 мыңға жуықтаған, бұл салада барлығы 110 мың адам жұмыспен қамтылып отыр.

Фото: gov.kz 

Қатысты жаңалықтар

Үш адамның өмірін қиған жарылыс: Газ компаниясының басшысы қамауға алынды

Үш адамның өмірін қиған жарылыс: Газ компаниясының басшысы қамауға алынды

26.03.2026
2,3 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер біліктілігін растады

2,3 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер біліктілігін растады

26.03.2026
Наурыз – тәлім мен тәрбие өзегі

Наурыз – тәлім мен тәрбие өзегі

26.03.2026
Қазақстанда БАӘ-нің ірі банкі ашылады

Қазақстанда БАӘ-нің ірі банкі ашылады

26.03.2026
Алимент өндіру жеңілдейді: Сенат маңызды хаттаманы қабылдады

Алимент өндіру жеңілдейді: Сенат маңызды хаттаманы қабылдады

26.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.