Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Жетісуда 555 әйел жатыр мойны обыры ауруымен есепте тұр

25 қаңтар 2024
ДЕНСАУЛЫҚ
Жетісуда 555 әйел жатыр мойны обыры ауруымен есепте тұр
WhatsAppTelegramFacebook

2023 жылы Жетісу облысында жатыр мойны обырының 62 жаңа жағдайы есепке алынды. Олардың 26-сы скрининг арқылы, қалғандары медициналық мекемелерге  шағымдану арқылы анықталды. Осылайша, бүгінгі күнге дейін  осы дертпен ауырғандардың саны 555-ке жеткен.

Жетісу облыстық көпсалалы клиника директорының орынбасары Гүлайым  Оразбекова  мен облыстық  көпсалалы клиниканың амбула-ториялық-емхана қызметінің меңгерушісі Индира Қалиева аурудың жыл сайын жасарып келе жатқанына алаңдаулы. Спикерлердің айтуынша, өңірдің ең  жас пациенті — 22 жаста. 30  жасқа  дейінгі үш әйелде қатерлі ісіктің ең соңғы 4 кезеңі бар. Сондықтан  Жетісу  облысының  Өңірлік  коммуникациялар қызметі алаңында мамандар жатыр мойны обырының алдын алу үшін уақтылы тексерілуге және скринингты назардан тыс қалдырмауға шақырады.  

«Скринингтің  арқасында  ауруды  ерте сатысында анықтауға, тиімді емдеу шараларын қабылдауға және ауруды тудырмауға болады. Сондықтан алдын алу үшін жоспарлы скринингтерден өту, сондай-ақ, жылына бір рет жыныстық қатынасқа түсетін әйелдерді тексеру өте маңызды. Алдын алудың екінші әдісі – вакцинация. Бұл әдіс мәжбүрлі емес. 13 жастан асқан барлық адамдар вакциналарды ақылы негізде ала алады. Жеке клиникалардағы баға 20-40  мың теңгеге  аралығында болады. Екпенің абсолютті қарсы көрсеткіші жоқ, тіпті  жүкті әйелдер де вакцинациялануы мүмкін. Жалғыз нәрсе-аллергиялық реакциялардың бар-жоғын тексеру», — деп бөлісті Индира Қалиева.

Айта кету керек, өткен жылы 26 903 әйелдің 26 291-і жоспарлы скринингтен  өтті. Келушілер саны 98 пайызға жуықтады. Соның арқасында 26 әйелде жатыр мойны обыры ерте сатысында анықталды. Скрининг бағдарламасы бойынша 600 әйелде қатерлі ісікке дейінгі патологиялар табылды.  Бұл  кезеңде барлық әйелдер емделеді, және  толық қалпына келгенге дейін 1 жыл бойы мамандардың бақылауында болады.  

«22-24 қаңтар аралығында республика бойынша жатыр мойны обыры ауруы туралы халықты хабардар ету апталығы өтуде. Акция аясында облыстық көпсалалы клиникада аудан мамандарының қатысуымен конференция  және  дәрістер, тренингтер өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, 27 қаңтарда барлық тексеруден өткісі келетін жандар үшін сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Ашық есік  күні өтеді. Қабылдауды клиниканың онкогинеколог, маммолог мамандары жүргізеді. УДЗ кабинеттері жұмыс істейтін болады», — дейді Гүлайым Оразбекова.

Ақпарат үшін, 2023 жылдың соңында Жетісу облысында қатерлі ісік диагнозымен диспансерлік есепте 6700-ден астам пациент тұр.

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

26 қараша 2026
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

26 қараша 2026
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.