Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінде киберқылмыс пен интернет-алаяқтық туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент киберқылмыс пен интернеттегі алаяқтыққа тосқауыл қоюды тапсырды.
«Ұрылар мен бандиттер түрмеде отыруы керек. Бұл – сіздердің криминалға қарсы әрекеттеріңіздің бірден-бір мақсаты. Қылмыстық топтармен ымырасыз күресу – сіздердің тікелей міндеттеріңіз әрі қызметтік борыштарыңыз», – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы бұған дейін балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударып, есірткінің таралуына қарсы күрес жөніндегі тапсырмалардың орындалуын сынға алған болатын.
Фото: kompromat1.info





