Талдықорған: +1°C
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Ильфа Ілиясқызы жайлы бірер сөз

18.01.2024
ЖАНСАРАЙ
Ильфа Ілиясқызы жайлы бірер сөз
WhatsAppTelegramFacebook

Алаш ардақтысы, қазақ поэзиясының құлагері Ілияс Жансүгіров пен Фатима Ғабитованың соңғы тұяғы.  Ол қоғам қайраткері Санжар Жандосовтың зайыбы. Дарынды ұстаз  Ильфа Ілиясқызы 89 жасқа қараған шағында өмірден озды. Ильфа Ілиясқызы 1935 жылы 29 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Бірақ 1937 жылы, небары 2 жасында  «халық жауы отбасының» мүшесі ретінде отбасымен бірге астанадан аластатылып, бүкіл Қазақ даласын аралап, көшіп жүруге мәжбүр болды.

Соғыс жылдарында Жамбыл облысының Меркі ауылына тұрақтаған. Тек 1950 жылдардың басында  Алматыға қайта оралған Ильфа Жансүгірова шет тілдер институтына оқуға түседі. Оны тамамдаған соң  Қ. Сәтбаев атындағы политехникалық институт, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институының неміс тілі пәнінің оқытушысы болып, ҚазКСР педагогикалық қоғамының ғалым-хатшысы, сонымен қатар, ҚазКСР  ғылым академиясының шет тілдер кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. 

1958 жылы Ильфа Ілиясқызы Санжар Оразұлы Жандосовқа тұрмысқа шығады. Екеуі бес бала  өсіріп, ұлағатты  ұрпақ тәрбиеледі. Ильфа Жандосова  батыр ана, жоғары білікті ұстаз.  Ол қоғам қайраткері С. Жандосовтың сенімді серігі  бола білді. 1999 жылы  Ілияс Жансүгіров қоғамдық қорын құрып, оның жұмысын басқарды. Қор Ілияс пен Фатима Ғабитованың шығармашылық мұрасын жинақтап, зерделеп, аударып, баспадан  басып шығарды. Сондай-ақ,  мектептер мен музейлерге барынша қамқорлық көрсетіп отырды.

Ильфа Жандосова-Жансүгірова «Тағдырымның іздері» атты естелік кітап  шығарды. Ильфа Ілиясқызы Қазақстандағы азаматтық қозғалыстарға қолдау білдірді.

Ильфа Ілиясқызы бойына біткен дегдарлығы, ерекше мінезімен дараланып тұрушы еді. Балалық шағы қасірет пен қиыншылыққа толы болса да мойымай, тектінің ұрпағы екенін дәлелдеді. Әкесі мен анасының мұраларын ерекше қастерлеп, сақтап,  музей қорына табыстады.
Ел-жұртқа қаза қайырлы болсын демекпіз. Ильфа Ілиясқызының туған-туысқандары, балаларына қайғырып, көңіл айтамыз. Ильфа апамыздың топырағы торқа, жаны жаннатта болсын. 

Нұргүл ЖАУЫНБАЕВА,
Ілияс Жансүгіров әдеби музейінің меңгерушісі 
 


Бірде Ержан деген азамат телефон шалды. Айтуынша, Талғар ауданы, Комсомол ауылында тұратын әкесінің қолында Ілияс Жансүгіровтің 1937-1938 жылдары түрмеде жазған хаттары сақталған көрінеді. Сол хаттарды тек қызы Ильфа апайға ғана бермекші. Ол үшін Ильфа апайдың телефон нөмірін сұрады. Қызы Жанар Санжарқызына қоңырау шалып, апайдың  нөмірін алып, сөйлестім. Ол: «Мен қазір бұрынғыдай емеспін, қозғалуым қиын. Оның үстіне көзім де нашар көреді.  Мүмкін деп тапсаң, сол Ержанның әкесімен жолығып, хаттармен таныс. Ол кісінің жазу стилін білесің.  Оқып көр, егер  Ілиястың хаттары болса, зертте, елге таныстыр. Әдебиетке пайдасы болса, жаз, насихатта», – деді.

Сол сөзден кейін әбден дегбірім қашты. Хаттарды оқығанша шыдамым таусылды. Бардым, алдым, оқыдым. Сөйтсек  хаттар Ілиястың жазғаны болмай шықты. Қария жас шағында Ілиястың өлеңдерін оқып, оларды жеке дәптеріне жазып, тамсанып жүреді екен. Ешкім тиіспесін деді ме екен, «Ілиястың хаттары» деп сақтапты. Қартайғандықтан мұны Ілиястың қызына беруім керек деп шешіп, балаларына айтқан. Өлеңдер қолыма тиісімен, жағдайды айту үшін Ильфа апайға жолығуды жөн көрдім. Мән-жайды ұққан соң, апай: «Еш қамықпа, ондай оқиғалар біздің отбасында талай болған», – деп «Менің тағдырымдағы іздер» атты  кітабын сыйға тартты. Қолыма түскені сол еді, құштарланып оқып, керемет әсерге бөлендім. Ильфа апаймен таныстығым осылай басталды.

Кітаптағы ойлар маған таныс. Өйткені естеліктердің бірталайын өз аузынан естігенмін. Сөз саптауы мен стильдік жағына келсек, әр нәрсенің шығу жайын әсерлі жазады. Оның ішінде әкесі Ілиястың, анасы Фатиманың өмір штрихтары, деректер, айналамен қарым-қатынасы, алған әсері, қуанышы мен қайғысы, азабы мен азасы бір-бірімен астасып, «ӨМІР» атты кемеде жүздіреді. Өмірбаяны ерекше суреттеледі.

…1953 жылы Алматыда Ленин атындағы №15 орта мектепті ойдағыдай тамамдап, әкесі секілді тіл мен әдебиет маманы болмақ ниетпен М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне құжат тапсырады. Ол кезді Ильфа апай өте әсерлі жазған. Сынақтан «өте жақсы» деген баға алып, жоғары оқу орындарындағы қабылдау комиссиясының шешімін күтеді. Оқуға қабылдайтын комиссияда кезекке тұрған жастардың бірінен кейін бірін шақырып, нәтижесін айтады. Ильфа апайды көп күттіреді.

«Ақыры қабылдау комиссиясының төрағасы Байқоңыров: «Жансүгірова емтиханды бәрінен де жақсы тапсырды. Бірақ Мәскеу мемлекеттік университетінің филология мамандығында орын болмағандықтан Мәскеудегі басқа жоғары оқу орнына үміткер ретінде тізімге қойдық», – дейді. Сол тұста парторг Құрманғалиев: «Әкеңіз қайда?» деп сап ете қалады. «Қайтыс болған» дедім, «Кім болған?», – деп тәптіштеп сұрай бастады. «Ол кісі журналист болған, 1938 жылы өмірден өтті» деп жауап бердім. «Сенің әкең «Халық жауы» болған. «Халық жауының» балалары Кеңес одағындағы жоғары оқу орнында оқуға құқығы жоқ!» деп кесіп тастады.

Сөйтіп, қайтып келіп, ҚазМУ-ге, ҚазПИ-ге құжаттарымды тапсырдым. Бірақ жоғары оқу орнына жолатпады. Үміт анамның айтуымен құжаттарымды қазіргі шет тілдер институтының неміс тілі бөліміне өткіздім. Бөлімнің деканы Жамал Қуанышбаева еді», – деп өткен өмірін ерекше толғаныспен еске алады.
Ол кісі Ильфа апайды жақын тартып сөйлеседі. Сөйтсе, 30-шы жылдарда әкесі Қалибек Ілиясқа: «Ілияс, бір аптадан асты, бала-шағам нәр татқан жоқ. Өлтірмейін десең  бір шыны тары бер», – деп хат жазған екен. Ілияс өзі қиналып жүрсе де Қалибекке бір шыны тары тауып беріпті. Соны еске алып, тәуекелге барып, Ильфа апайды оқуға қабылдайды.

Апайдың айтуынша, оқу кезінде басынан өткен қиындық құсаға ұшыратып, ауруханада 2,5 ай емделуге тура келеді. Айығып шыққан соң  жаңа жылға дейін институт өміріне төселіп алады. Топ комсоргі, неміс тілі факультетінің бюро мүшесі, қабырға газетінің редакторы ретінде жұмыстарды дөңгелентіп әкетеді. Бірақ қанша белсенді болса да  қуанышы ұзаққа бармайды. Кінәсі «халық жауының» қызы болғандығы. Қайтпас, қайсар қыз мойымай оқуды тамамдайды. Санжар Оразұлымен танысып, тұрмысқа шығады. Ажар, Динар, Жанар, Фатима мен Кененнің дүниеге келуі  тағдырдың берген сыйы. Тәубе, бәрінің де өз отбасы бар. Кейіннен әкесінің ақталуы, институттың қазақ бөліміне ауысуы оған күш-қуат береді.

Ильфа апай Бауыржан Момыш- ұлымен де кездесіп тұрған. Ешкімге мойын бұрмайтын, тік мінезді адамның Ильфа апаймен сыйласуы әкесі, құлагер ақын Ілиясқа деген құрметі еді. Өмірінде Мұхтар Әуезов, мүсінші Төлеген Досмағанбетов, Мұқағали Мақатаев, Абдолла Қарсақбаев, Медеубай Құрманов, Жұмаділ Мусин, Кененбай Қожабеков, Ескендір Тынышбаев, Болатхан Ташенов секілді қазақтың біртуар ұл-қыздарымен араласуы тегіне тарта туғандығы.
Жақсының сөзі өлмейді. Мәңгі өмір ешкімге берілмейді. Бірақ, мәнді өмір сүру бақыты бұйырған адамның бірі – Ильфа апай. 

Мұратбек Имангазинов,
филология ғылымдарының докторы,
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры, ілиястанушы
Фото: 
Facebook/Жанар Джандосова
 

Қатысты жаңалықтар

«Amanat» партиясы Жетісу облыстық филиалының саяси кеңесі өтті

«Amanat» партиясы Жетісу облыстық филиалының саяси кеңесі өтті

06.02.2026
Мұқағалиға арналған поэзия кеші өтті

Мұқағалиға арналған поэзия кеші өтті

06.02.2026
Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынды – БАҚ

Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынды – БАҚ

06.02.2026
Қазақстанның әрбір баласы назарда: 2026–2030 жылдарға арналған жаңа тұжырымдама таныстырылды

Қазақстанның әрбір баласы назарда: 2026–2030 жылдарға арналған жаңа тұжырымдама таныстырылды

06.02.2026
Олжас Бектенов: Жаңа Конституция жобасы мемлекет пен бизнес арасындағы сенім мен ұзақ мерзімді серіктестік орта қалыптастырады

Олжас Бектенов: Жаңа Конституция жобасы мемлекет пен бизнес арасындағы сенім мен ұзақ мерзімді серіктестік орта қалыптастырады

06.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.