Талдықорған: +3°C
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ТАМАҒЫМНАН ТАБЫЛҒАН ТАҒДЫР

15.01.2024
ЖАНСАРАЙ
ТАМАҒЫМНАН ТАБЫЛҒАН ТАҒДЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Сағат 15:00… Сабақтың біткенін тағатсыздана тосып отырмын. Бала кезден     суық суды ел сияқты шөлім қанғанша сіміріп ішу, балмұздақты таусылғанша  тамсана жеу маған арман болатын. Себебі, ауруханада тамақ ауруы бойынша тіркеуде тұратын едім. Титтей суыққа жақындадым дегенше Балауса ауырды дей бер деген әңгіме.

Міне, дәл бүгін солай тамағымды ірің басып, жұтқыншағым екі сантиметрге жетер жетпес қана ашық  тұр. Тіпті өз сілекейімді өзім жұту арман. Аузым кеуіп, еріндерім шөлден бір-біріне жабысып қалған. Басымды партаға қойып жата қалғым келіп, бір өксік тамағыма қайта-қайта тығылып, әзер отырмын. Шыр ете түскен қоңырауды ести сала, аудиториядан ешкімнің сөзін елеместен шықтым да кеттім. Бар ойым жатаханаға тез жету.

Қырсыққанда автобуста келер емес. Аялдамада тағатсыздана тұрған қыздың өңменімнен Талдықорғанның желі өтіп бара жатыр. Бір орында тұра алмадым. Біресе оң аяққа, біресе сол аяққа күш сала әзер демаламын. Бір ыстық өне бойымды шымырлатып, жасын жалын басыма шапшып, дызылдатып барады. Өлдім-талдым дегенде нөмері 25-ші жолың автобусы да келді-ау әйтеуір. Ішіне ендім де отыратын бос орын іздедім. Ентігіп зорға жеткен ескі көлік лықа толы, ине шаншыр жер жоқ. Адамдардың арасынан тіптен демім тарылды, ұстанып тұратын темірге басымды сүйей кеттім. Сол сәтте маған адамдар мені жынды десе де, ақмақ десе де бәрі бір болды. Бар ойым, басымды бір мезетке сүйеп, меңдетіп тұрған ауруымды жеңілдеткім келді. Көзімді жұмдым да, «Алла маған күш бере көр» деп қайталай бердім.

Осы сәтте әлде біреу арқамнан ақырын ғана түртіп, «қарындас, мында отырыңыз»,- деп  орын ұсынды. Меңзеген жерге сылқ түсіп отыра кеттім де «рахмет» деуге дауысым шықпай, тек оң қолымды жүрек тұсыма қойғанға шамам зорға жетті. Ұзын бойлы, келбетті келген бозбаланың түнектей қап-қара көзіне тіке қарап, басымды изедім. «Оқасы жоқ» деген сыңай танытқан боз жігіт те көзін бір жымың еткізді.

Мен діттеген аялдамаға келгенше автобустың ішінде бірнеше үлкен кісі және жаңағы бозбаладан басқа ешкім қалған жоқ. Жанын зорға сүйреп жеткен көліктен түсіп, аяғымды жылдам басып жатаханаға беттеп келемін. Төсегіме бірден қисая кетіп, жол бойы қос жанарыма толып келген көз жасыма ерік бердім. Жастығымды қапсыра құшақтап, жылай бердім, жылай бердім.

Оның басты себебі, құрсағында тоғыз ай он күн толғатып, жарық дүниеге әкелген анамның  қасымда жоқтығы. Ауырғанда басымнан сыйпап, қызым жылы жатсын деп пешке қайта-қайта өшірмей от салып, ыстық сүтін ішкізіп,  ауыруымды емдеп алатын мақтадан жұмсақ аялы, саялы алақанының жоқтығы жаныма қатты батты. Кеше бала болып,  қадіріңді түсінбей бүгін сенен сегіз жүз киллометр алыста жалғыз жатып, жеті қат аспан астында анамдай адам болмайтыны  өзегімді өртеп барады. «Анашым,  мен ауырып қалдым. Келші, емдеші. Аппақ, адал жүрегіңді сағындым»,-деп күбірлеп жатып ұйқтап кетіппін. 

Оянсам арада бір сағат өтіп, бейуақыт болып қалыпты. Өзім ояу жатсамда, денем өлік сияқты қозғалтыуға күш-жігерім жетер емес. Жатқан күйі еш қимылсыз тас төбеге бақырайып үнсіз жаттым. Қасымда бірге тұратын қыздар кешкі асқа шақырды. Бірақ, тамақ ішуге де тәбетім таптпағандықтан ыстық ықыласымды білдірдім. Түнімен мазам кетіп, жедел жәрдемнің көмегіне жүгінуге тура келді.  Дәрігер апай келіп, бірден шұғыл көмектің көлігімен ауруханаға алып кетті. Жасым жиырмаға жетседе ақ халаттылардан өлердей қорқатын әдетім бар. Шыны керек, о дүниеге аттанайын  деп жатсамда сол кісілерді көруге аса құмарта бермеймін. Ауруханаға кетіп бара жатқан жолда басымның ауырғаны басылып, жұтына алмай тұрған тамағым жұтқызып жазылып кеткендей болдым. Әрине оның бәрі қорыққанымнан ғой…

Қаратал өзенінен өтіп, қаланың шығысына қарай кетіп барамыз. Бар жоғы 5-10 минуттың ішінде қызыл ала жарқылдауық маягін қосып жүйіткіген сары машина емхана алдына келіп тоқтады. «Ауыртып укол салатын болды. Ой қойшы, салса салсын жазылайыншы ертерек»,-деп ішкі жан дүниемде аласұрап, шайқасқан ойлар бір-бірімен арпалысып әлек. Есіктен кірген соң мені осында жеткізген дәрігер мені басқа кісіге табыстап өз жайына кетті. Бірден қабылдау бөліміне ат басын тіредік. Дәліздің дәл ортасынан ашылмалы кішкене терезесін ашып, көзілдірігінің үстінен көк көзімен қараған орыс келіншек: «ну здраствуй! Можно удостоверения»,-деп алдындағы ақ параққа бірдеңелерді толтырды. Сосын мені 8-палатаға орналастырып, дәрігерді күтуімді айтты. Біраз уақыт өткеннен кейін, есіктен ұзын бойлы, қолында көк дәптері мен градусник ұстаған, орта денелі, бетіне бетперде таққан жас жігіт кіріп келді. Адамның көзі алдамайды деген рас сөз ғой. Қанша беті жасырулы тұрсада оны жазбай таныдым. «Сіз бағана аурып тұр едіңіз, ақыры ауруханаға түсіп қалдың ба шашы ұзын қыз?»,-деп маскасын төмен түсірді.

– Қай жақта тұрасың?

– Жатаханада.

– Қай оқу орнында оқисың, қайсы қаладан келдің?

– Иә, Жетісу университетінде оқимын. Нарынқолдан келдім.

– Универде салқын су іштің бе? Әлде балмұздақ жедің бе?- деп маған күліп қарады күндіз автобуста орын берген жігіт.

– Жо-жо-жоқ салқын су ішпедім, балмұздақ та жемедім.

– Кімге ренжідің онда? Неге жыладың?

– Анамды сағынып жыладым.

– Сіз, бой жетіп, есейдіңіз емес пе?! Ертең тұрмыс құрып, отбасылы болсаңыз қалай шыдамақшысыз?

– Сағынуға ешкім тыйым салған жоқ қой! Сондақтан да сағынам. Сағыныштың жастары да өзімдікі емес пе?!- деп ашуға бой алдырдым. 

– Жарайды енді! Бәрі сізді жұбату үшін айтылған сөз ғой! Ренжімеңіз! Ал білегіңізді ашыңыз укол саламын,-деп дәрігерлік міндетін өтеді де «ем болсын! Қазір сізге демалу қажет»,-деп сегізінші палатамен де, менімен де қоштасып шығып кетті.  

Сағат түнгі үш шамасы. Ұйқым шайдай ашылған. Көзімді жұмсам да, ашсам да, ой-санамнан әлгі укол салған дәрігер ағай кетер емес. «Махаббат қызық мол жылдардағы» Ерболға бір көргеннен жігіттің сымбатына ғашық болған Меңтайдай қос жанарым бақырайып, ой аспаныма әлдебір бейнені сызып алып жатырмын. Айтып беруге келмейтін ең бір құпия, беймәлім толқын еріксіз ерекше әсерге бөлейді. Біз өзіміздің бүкіл моралімізді адамның тән сұлулығынан жан сұлулығын жоғары қоюға негіздесек те, өмірде сол тән сұлулығымен бетпе-бет келіп қалған кезде өзіміздің әлгі қағидамызды қалай бұзып кеткенімізді білмей қаламыз. Өз еркімізбен ақылы аз болса да сұлу жігіттерге немесе сұлу  әйелдерге үйленуге дайынбыз. Бірақ ақылға асқан, көріксіз нәзік жандыны не болмаса жігітке жолағымыз келмейді. Өйткені, санамызды жабайы инстинкт секілді бір әуей күш жеңіп кетеді. Біз ең осал жерінен қолға түсіп, тырп ете алмай қалған аңға ұқсаймыз. Ендеше, сұлулықтың әлі де зерттелмеген немесе біле тұрып, айтқымыз келмейтін сырлары болуы бек мүмкін?! Менде сол торға іліккен торғайдай болып, ішкі ойлармен арпалысып жатырмын. Қандай да бір мәселені ақылмен шешетін мен бұл жолы ақылды серік еткім де келмей тұр. Қаншама оқыған да, оқымаған да, самбаттысы да, дөрекісі де сөйлесуге ұсыныс білдірді ғой. Бірақ, жоғарыдағы айтқанымдай сұлулығы бар, ал ақылы таяздау, ақылы бар бірақ қылығы көңіліме жақпай қалғандарды әйтеуір бір сылтаумен өмірімнен сызып тастап отыратынмын. Ал бұл жолы мен олай жасай алмадым. Оқыған, сымбатты, дәл ойымдағыдай иманды, сыйлай білетін сенімді ер азаматқа көңілімнің кеткені үшін өзімді бірде намыссыз сезініп боқтап алып, енді бірде оның несі ерсілік деп қайта ақтап алып ақ таңымды атырдым.

Дәрігер ағайдың көзқарасы да ерекше болды. Күнде өз бақылауынан тыс қалдырмай, үш мезгіл дәрімді ішкенімді қадағалап, тамақ ішпесем ұрсып жауапкершілікпен қарады. Олай ерекше құрмет көрсетуінің себебі, «қалада жақындарым жоқ дегеннен кейін өзін жалғыз сезінбесін» дегені болар деп ойласам, кейде «мүмкін менің көңілімнің бар екенін біліп, сезіп қалды ма»,-деп ұяламын.  Осындай сан сұрақтан ойларым сан-саққа жүгірді. Маған мынау өзім күнде көріп, көзқашты болған күнделікті тіршілік  аяқ астынан өзгеріп кеткен сияқты осы тірлікке өзім тұңғыш тап болып тұрған тәріздімін. Бірақ, мен өмірге мән беретін, сән беретін  өзіміздің  жеке бақытымыз екенін,  бізге  сырттан  ешқандай сәуле  келмейтінін, тіршілікке, маңайға сәуле төгіп, жылу шашатын адамдардың өздері екенін кейінірек түсіндім. Өзімнің  ішкі жан-дүнием әдемі сәуле шығара бастап еді, мені қоршаған бүкіл қауым, орта, тіршілік құлпырып сала берді.

Қасыңдағылардың кім екені осындайда белгілі болады ғой. Алтын группаласым Айнұрға алғысым шексіз! Тамағын көтеріп алып, Текеліден келіп хәлімді біліп кетті. Қасымда бірге тұратын қыздарым киімдерімді түгендеп зыр жүгірді. Осы аурғаным мен үшін көп нәрсенің қадірін түсіндірді. Нұрлы болашақ үшін ең маңыздысы денсаулық қажеттілігін ұғындырды. Қарным ашып тұрса да бір жұтым су өңешімнен өтпеген сәтте ас-ауқаттың қадіріне жеттім. Бір минуттың өзі білген адамға өте көөп уақыт екеніне көзім жетті. Бұл жалғанда шын жаны ашитын тек анаң екеніне риясыз сендім.  Қанша еркелік көрсетіп, қиындыққа кездесіп қалсақ, бәріне көз жұмыс алып шығар ең жақының анаң мен әкең екеніне уақыт өз есебін көрсетті. Адамды, барды дер кезінде қадірлейікші… 

Әні-міне дегенше үш күн өте шығып, аяққа тұрдым. Төрт қабырғаға қамалып, әбден жалықтым. Ендігі арман жатаханаға тез қайту болды. Адам құс қанат ғұмырында әрқашан асығып жүреді. Кішкентай болса, есейуге асығады. Оқу оқыса, жұмыс істеуге асағады. Сөйтіп жүріп қысқа жарық жалғанның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз.

Жексенбінің таңын әдеттегідей аурухананың тәртібімен алтыда атырдық. Кезекші мамандар барлық палаталарды аралап жүр. Кезек бізге де келді. Егде жастағы бір орысша, бір қазақша сөйлеп қалған толықтау  дәрігер мен әлгі ағай бөлмеге кіріп келді. Екіге өріп, алдыма түсіріп алған шаштарыма таңырқай қарап «Волосы своии»,-деді бас дәрігер. Қызара түсіп өзімдікі дегендей басымды шайқадым. Оларға тіке қарамасам да, жанымда тұрған дәрігер ағайды көзімнің қырымен бақылап тұрмын. Маған ол емес, басқа адам қызық болып тұрғанын қайдан білсін?!

– Өте тамаша! Хәлің жақсы ма? Тамағың жазылды ма,-деп бас дәрігер бірнеше сұрақты қатар қойды. Мен тағыда күле қарап:

–  Иә,-дедім.

– Онда «домой»,-деді де ағайды ертіп палатадан шығып кетті. Есікті жауып жатып дәрігер жігіт бірдеңе айтқысы келгендей қарады. Бірақ, ар жағындағы адам асықтырған соң мен жатқан палатадан амалсыз алыстай берді… 

Заттарымды жинастырып жатып, есік жаққа елеңдеумен болдым. Аурухандан шыққанша оны жан-жағымнан іздедім. Бірақ, дәрігер ағай сол күйі көзіме ілікпеді. Мүмкін тағдыр солай жазған шығар. Тез ашылған сезім, тез сөнді.

Дүйсенбі күні сабақтан шығып, жатаханадан жеке куәлігімді алып, аялдамаға келдім. Денсаулығыма байланысты сабақтан босату туралы анықтаманы алуға ауруханаға баруым керек болды. Автобус құрғыр тағы да келмей ұзақ тұрдым. Жол жиегіне шығып оң қолымды көтеріп, такси ұстадым. Әншейінде өңмеңдеген өлекшіндей жортып келіп, тоқтай қалатын заман жетістігінің бірі ала кетейін демейді. Тоқтаусыз арлы-берлі зымырап жатыр. Бір қара тайота өтіп барып тоқтады да, артқа шегініп, жаныма келді. Терезесін түсірді де «Қайда барады екен шашы ұзын қыз»,- демесі бар ма?! Тағыда сол дәрігер ағай. Адамның жүрегене Жаратушы бекер сезім салмайды екен. Тағдыр жазса жолығарсың деген осы шығар?! Мен ауырған күні машинасы бұзылып, бірінші рет автобусқа отырған ағай бүгін тағы да алдымнан шықты. Бір адамның өміріне тағы бір адам кездейсоқ келмейді екен. Бұл тағдыр… Ұзағынан сүйіндірсін!

 

Балауса ҚАСЫМХАН,

Алматы облысы, Райымбек ауданы.

Фото: Яндекс картинки

 

 

Қатысты жаңалықтар

Айбек Оралбай Испаниядағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты

Айбек Оралбай Испаниядағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты

06.02.2026
Жер қойнауын пайдалану және атом саласы цифрлық форматқа көшеді

Жер қойнауын пайдалану және атом саласы цифрлық форматқа көшеді

06.02.2026
Қай ел Қазақстаннан өсімдік майын көптеп сатып алады?

Қай ел Қазақстаннан өсімдік майын көптеп сатып алады?

06.02.2026
Өзін қазақпын деп таныстырған Ауғанстан азаматы мемлекет қаржысына пәтер сатып алған

Өзін қазақпын деп таныстырған Ауғанстан азаматы мемлекет қаржысына пәтер сатып алған

06.02.2026
Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады

Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады

06.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.