Талдықорған: +2°C
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Сөзі мен ісі қалды

11.01.2024
ЖАНСАРАЙ
Сөзі мен ісі қалды
WhatsAppTelegramFacebook

«Көзден кетсе де көңілден кетпейтін» жарқын жандар болады.  Олар жан-жағына шуағын төгіп, жалған дүниенің алдамшы дәулетінен, атақ-даңқынан биік тұрады. Көрген жан көзайым болып, ел-жұрты ардақтап, жас ұрпақ өнегелік ісін үлгі тұтады. Сондай ел ардақтысы, ұлттық ұстанымы берік, жақынға жанашыр, досқа адал, жүзінен тектіліктің табы білініп тұратын, адамдық қасиеті биік жан – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор  Қарлығаш Сарбасова еді. 

Адамгершілігі зор, ақжарма көңіл, қатар құрбының, әріптестерінің көңілін әдемі әзілімен көтеріп, жастарға ақыл-кеңесін айтып, жақсылықтың нұрын сеуіп жүретін Қарлығаш Базарбекқызының көңілімізге орны толмас қимастық, қабырғамызды қайыстыра қайғы жүктеп, бақи дүниеге аттанғанына да      3 айға жуықтапты. 

Қырық жылға жуық І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде бірге қызмет етіп, әріптестігіміз достыққа, достығымыз туыстыққа ұласып, қуаныш-қайғымызды бірге бөлісіп, сыйласып өткен жылдарымыздың есте сақталған жарқын көріністері бейнетаспалардай көз алдыма жиі келеді.  

Қарлығаш Сарбасова 1954 жылы 1 қаңтарда Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Қарауылтөбе ауылында дүниеге келген. Нағашысы Базарбектің отбасында өскен ерке қыз 5 жасынан сөмкесін арқалап оқушы балаларға ілесіп мектепке бара беруін қоймаған соң 6 жасында оқуға береді. Он алты жасында Сарқан ауданындағы Пограничник орта мектебін алтын медальмен бітіріп, Алматыдағы Қыздар педагогикалық институтына оқуға түседі. Қазақ тіл білімінің корифейлері – М. Балақаев, А. Аманжолов, Р. Сыздық, Ғ. Айдаров сынды ғалымдар талантты жасты үлкен өмір мектебінің табалдырығын аттаған күннен айрықша сезімге бөледі. Әрқайсысы бір-бір ғылыми мектепке айналған ғалымдардың оқыған дәрістері тереңіне тартып, ынтықтырып,  білмекке құштарлығын шыңдай түсті. Студенттік жылдардың думаны, романтикасы мол күндерін әркім еске алып жатады ғой. Қарлығаш Базарбекқызы көп жайда, ұстаздарын ізетпен, мақтанышпен жиі әңгімелейтін. Факультет деканы Зәки Ахметұлын, профессор Мәулен Балақаев, Төлеубай Қордабаев ағайларын, Рабиға Сыздық,Хадиша Қожахметова сынды апайларының ұстаздық-ғалымдық қасиеттерін, сабақ өткізу мәнерлерін, өнеге тұтып, ерекше ілтипатпен айтатын. 

Студенттік жылдарын талпыныс пен ізденіске, ғылым жолына арнағандықтан Қарлығаш Базарбекқызы жоғары оқу орнында да үздік оқып, дипломын сәтті қорғап, туған ауылына оралады. «Жастықтың оты жалындап, жас жүректе жанған шағында»  білімі мен біліктілігі сай жас маман өзі оқыған мектебіне пән мұғалімі болып орналасады. Талабы зор, ізденімпаз, өз ісіне ыждағатты жастың педагогикалық ұжым арасында беделі артып, үш-төрт жылдың айналасында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Сарқан аудандық білім бөлімінің әдіскері қызметіне жоғарылатылады. Озық тәжірибесі аудандық, облыстық деңгейде насихатталып, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтына ашық сабақтар, семинарлар өткізіп, дәріс оқып, педагогикалық шеберлігін арттыра береді. Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының ұсынысымен 1981 жылы Талдықорған қаласындағы №20 мектепке қызметке келеді. 1989 жылы республикалық педагог кадрларды аттестациялаудың қорытындысы нәтижесінде мұғалімдерге берілетін жоғары дәреже «Әдіскер-мұғалім» атағына лайық деп танылады. 

1990 жылы Талдықорған педагогикалық институтында алғаш қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы ашылғанда институт ректоры Жомарт Жапарұлы қаладағы мектеп мұғалімдері ішінен тәжірибелі үш «Әдіскер-мұғалімді» конкурстық негізде бірден аға оқытушылық қызметке қабылдайды. Жоғары оқу орнының басты талабы –  студенттерге жан-жақты терең білім беруге, ғылымға баулуға,  кафедраның ғылыми әлеуетін көтеруге бағытталғандықтан әрбір оқытушының ғылыми ізденіс жұмыстарымен айналысуына жол ашылады. Қарлығаш Базарбекқызы алдағы ғылыми бағытын, зерттеу жұмысының тақырыбын  айқындау мақсатында 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жалпы тіл білімі» кафедрасына ізденуші-зерттеуші болып тіркеледі. Жетекшілікке түркология ғылымында танымал ғалым, профессор Алтай Сәрсенұлы Аманжолов тағайындалады. 

Қарлығаш Базарбекқызының диссертация қорғау кеңесіне кафедраның атынан арнайы барған Мұратбек Мұбарақханұлы екеуміз диссертациялық кеңес төрағасы Мырзатай Серғалиевтің, оппоненттері Талғат Сауранбаев, Шора Сарыбайұлы, т.б. кеңес мүшелерінің диссертацияның өзектілігін, құндылығын, ғылыми маңыздылығын  мойындап, бір-ауыздан қолдап, жоғары баға бергеніне куә болдық. Ресми оппоненті Шора Сарыбайұлы диссертация тақырыбының жетістіктерін терең талдай келіп: «Қарлығаш қызымызда нағыз ғалымға тән мінез,  тиянақтылық, нақтылық, қажырлылық қасиеттер бар. Ғылымда алар асуларың алда, әлі талай биіктерді бағындыратыныңа сенімдімін», – деп еді. Ұстаздығын ғылыммен ұштастырып, ғылым жолын шәкірттеріне үйретуден жалықпаған Қарлығаш Базарбекқызы 10-нан астам ғылыми монография, оқулық, әдістемелік құралдар жазып, шетелдік, республикалық басылымдарда 100-ден астам ғылыми мақалалар жариялады. «Ілиястану ғылыми-практикалық орталығында» аға ғылыми  қызметкерлікті қоса атқара жүріп «Құлагер» поэмасының тілі», (2015); «Ілиястану» орталығының көкжиегі», (2019); І. Жансүгіров шығармаларының тілі. (2020) зерттеу еңбектерін жазды.

Қарлығаш Базарбекқызы ғылыми ұйымдастырушылық қызметтерінде де біліктілігімен үнемі жақсы бастамалар мен игілікті істердің бастамашысы бола білді. 2008-2011 жылдары кафедра меңгерушілігіне тағайындалғаннан кейін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магис-тратураның, докторантураның ашылуына көп тер төкті. 

«Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тәлімді ұстаным тұтқан, ғалым-ұстаздың үміт күткен, ақылын тыңдап, тезінен өткен, сынына толған шәкірттері – ғылым кандидаттары, бүгінгі әріптестеріміз: Ермек Адаева, Раушан Асылова, Гүлнар Сырлыбаева, Айгүл Галиева философия докторлары (PnD). Жасұлан Алпысбаев – Туризм және спорт  министрлігі баспасөз қызметінің бас сарапшысы, Айна Абызова факультет деканы, Гүлім Шүкенай – деканның ғылым істері жөніндегі орынбасары, Саида Садуақасова – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры.

Қарлығаш Базарбекқызы ізденістен шабыт алып, шаршағанынан рахат тауып, бейнеті бақытқа ұласатын ұстаздық абыройлы мамандық екенін ниеттес әріптестеріне, ізбасар шәкірттеріне, сөзімен де, ісімен де дәлелдеп кетті. Кешегі күнге дейін ұлағатты ұстаздың алдынан он мыңдаған түлек тіл білімі ғылымының методологиялық, теориялық қисындарының сырына қанығып, қанаттанып ұшты.
Әріптестері Қарлығаш Базарбекқызының мерейлі жасын үстіміздегі жылдың басында салтанатпен атап өтеміз деп жоспарлап жүр едік. Алланың бұйрығына не шара?! Мерейтойда айтылар толғам тілектерім естелік мақалаға айналды. Осындай ұлағаты, ғибраты мол ғалым-ұстазбен қатар жүріп, қызметтес болғаныма мың да бір шүкірлік етемін.

Сайлау ҚАЖЫБЕКҰЛЫ,
филология ғылымдарының кандидаты

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның әрбір баласы назарда: 2026–2030 жылдарға арналған жаңа тұжырымдама таныстырылды

Қазақстанның әрбір баласы назарда: 2026–2030 жылдарға арналған жаңа тұжырымдама таныстырылды

06.02.2026
Олжас Бектенов: Жаңа Конституция жобасы мемлекет пен бизнес арасындағы сенім мен ұзақ мерзімді серіктестік орта қалыптастырады

Олжас Бектенов: Жаңа Конституция жобасы мемлекет пен бизнес арасындағы сенім мен ұзақ мерзімді серіктестік орта қалыптастырады

06.02.2026
Такси жүргізушісі рөлде келе жатып көз жұмды

Такси жүргізушісі рөлде келе жатып көз жұмды

06.02.2026
Бүгін Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы өтеді

Бүгін Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы өтеді

06.02.2026
Айбек Оралбай Испаниядағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты

Айбек Оралбай Испаниядағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты

06.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.