Талдықорған: +35°C
$ 477.17
€ 543.26
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жапон еліндегі сандар сыры

07.01.2024
КҮНДЕРЕК
Жапон еліндегі сандар сыры
WhatsAppTelegramFacebook

Әлемде қанша ел болса, сонша наным-сенім бар. «Әр елдің салты басқа» демекші, өздеріне сай түрлі сенімдері  өмірлік ұстанымына айналып кеткен елдің бірі жапон халқы. Дүниежүзіндегі технологиялық көшбасшы саналатын мемлекеттің қандай ұстанымы мен соқыр сенімі бар екенін зерттеп көрелік. 

Жапон халқы негізінен сандарға көп мән беретін ұлттардың қатарында. Соның ішінде күнделікті өмірде қолданбауға тырысатын сандары 4 пен 9. Бұл сандар олардың ойынша «бақытсыздық» әкеледі. Жапонияда 4 саны өлім деген мағынаны білдіреді. Мәселен, олардың тілінде төрт «ши» деп дыбысталады. «Өлімді» білдіретін иероглиф те дәл солай  оқылады. Сол себепті барынша 4 санынан аулақ болуға тырысады екен. Дәстүрлі жапон мәдениетінде сандар адам өмірінің маңызды бөлігі саналады. Сан адамның тағдырына, мінезіне және денсаулығына қатты әсер етеді. Мысалы, 4 адамға арналған ыдыс-аяқ алуға болмайды. Көпқабатты үйлер мен ауруханалардағы төртінші қабат және сондай саны бар пәтерлер мен палаталар болмайды. Яғни, 3-тен кейін бірден 5 немесе 3А, 5В тіпті (3+1) сынды сандарды кездестіруге болады.  

Сол сияқты Жапонияда 9 саны да азапталу, ауру сөзімен мәндес. Бұл мемлекеттің ауруханаларында 9-нөмірлі палата жоқ. Тоғыздың азапталуды білдіретін «курушиму» деген сөзге негіз болатын «ку» иероглифімен дыбысталуы бірдей болғандықтан ауруханаларда 9-қабат, 9-палата деген атымен жоқ. Бұл тек жапон тіліне ғана тән тілдік ерекшелік болса керек. Сондай-ақ, теміржол желісінде де 4 саны мүлдем қолданылмайды. Мысалы, электрлік теміржолдарда санақ 39-бен бітеді. Азық-түлікке байланысты да 4 санын пайдалану жаман ырым саналады. Жапонның спорттық командаларында 42 тәрізді реттік нөмір қолданылмайды. Жапон тілінде 24 (ниши) – екі рет өлу, 33 (сандзан) бақытсыз, қасіретті деген оқылуымен сәйкес болғандықтан сәтсіз цифрлар саналады.

Қай санның бақыттың, ал қайсысы бақытсыздықтың символы екенін әртүрлі аймақтың дәстүрі мен нанымдарына байланысты білуге болады. Жапондар 3, 5, 7, 8 сандарын киелі деп біледі.  Мысалы, Жапонияда отбасылық бақыттың және өмірдің символы болып саналатын 7 саны. Сол себепті жапон мәдениетінде бұл сан жиі қолданылады. 

Қарап тұрсақ, ақылға симайтын нанымдар. Жалпы мұндай сенімдер тек жапондықтарда ғана емес, Шығыс Азия мемлекеттерінде де қалыптасқан. Мысалы, Қытайда 4-пен байланысты сандардың барлығы сәтсіздікке әкелетін нөмір деп танылған. Ал вьетнамдар 4-тен гөрі 3 санынан әлдеқайда қорқады. Өйткені қатыгездікті бейнелейтін иероглиф пен 3 санын бейнелейтін таңбаның оқылуы бірдей екен. Вьетнам халқында 3 саны жамандыққа баланады. Олар жоғарыда айтылған 4-ті де жақсылық нышаны деп есептемейді. Ең қызығы, бұл елдегі ғимараттарда екінші қабаттың үстіне бірден бесінші қабат орналасқан. 

Әрине, осының бәрі сырт көзге оғаш көрінгенмен сол елдің ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан ұстанымдары. Яғни, олардың мәдениетінің бір бөлігі десек, қате айтқанымыз емес. 

Айғаным АЙТМҰХАН
Фото: https://www.getyourguide.ru/nikko-l89510/

 

Қатысты жаңалықтар

Ашық диалог орнады

Ашық диалог орнады

30.07.2026
Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

30.07.2026
Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

30.07.2026
Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

30.07.2026
Орманды өрттен қорғайық!

Орманды өрттен қорғайық!

30.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.