Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Атқарылған ауқымды шаралар заңнаманы жетілдіруге оң ықпал етті – Мәулен Әшімбаев

28 желтоқсан 2023
САЯСАТ
Атқарылған ауқымды шаралар заңнаманы жетілдіруге оң ықпал етті – Мәулен Әшімбаев
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Atameken Business телеарнасының Exclusive бағдарламасына берген сұхбатында Сенаттың алдында тұрған ең негізгі мақсат – Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформаларға заңнамалық негіз қалыптастыру екенін айтты.

Ол биыл осы бағытта көптеген жұмыс жасалғанын айтты. Оның ішінде экономикаға, кәсіпкерлікке, салық жүйесіне қатысты заңдарды ерекше атап өтуге болады. Жыл басында Мәжіліс сайлауы болғандықтан 2,5 айдай Сенат бүкіл Парламенттің функциясын атқарған.

«Жыл бойы атқарылған ауқымды шаралар елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыда кешенді дамыту жөніндегі реформаларды одан әрі қолдауға бағытталған заңнаманы жетілдіруге оң ықпал етті», – дейді Сенат төрағасы.

Мәулен Әшімбаев экономиканы дамытудың жаңа үлгісін қалыптастырып жатқанымызды, осы орайда барлық қойылған мақсаттарға жету үшін басқару жүйеміз тиімді болу керек екенін жеткізді.

«Басқару жүйесінің тиімді болуы деген сөз ол – көп құзыреттерді орталықта – Үкіметте ұстай бермей, оларды Үкіметтен мемлекеттік органдарға беру керек және де жалпы орталықтан жергілікті жерге беру керек. Осы мақсаттарға жету үшін тиісті заңды қабылдадық. Бірнеше жүз функция Үкіметтен мемлекеттік органдарға және орталықтан жергілікті әкімдерге берілді», – деді ол.

Сенатының төрағасы биыл қабылданған үлкен заңдар қатарында Әлеуметтік кодекс, заңсыз алынған активтерді қайтаруға арналған заңдарды атады. Жалпы Қазақстанның негізгі басымдығы халықтың әл-әуқатын арттыру. Әлеуметтік кодекс халыққа мемлекеттік қызметтерге, мемлекеттің әлеуметтік көмегіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берген.

Парламенттің, Сенаттың жұмысы тек заң шығарумен шектелмейді. Осы функцияларды жүзеге асыру үшін Сенатта биыл 170-ке жуық әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылған. Маңызды іс-шаралардың аясында реформалардың нақты бағыттары талқыланып, Үкіметтің алдына маңызды сұрақтар қойылып, шешілмей жатқан түйіткілдердің шешімін табуына өз үлесін қосқан. Мәулен Әшімбаев биыл Сенаттың жұмысы Президенттің реформаларын жүзеге асыру тұрғысынан нәтижелі болғанын айтады.

«2022 жылдың негізгі ерекшелігі – саяси салаға және саяси реформаға қатысты көптеген, оның ішінде конституциялық заңдар қабылданған. Референдумнан туындайтын заңдар қабылдадық. Былтыр қабылданған құжаттарымыздың нәтижесінде саяси жүйеміз жаңғырып жатыр. Ал биылғы қабылданған заңдардың ерекшелігі олар экономиканы, кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Осы салада жұмыстарымызды жалғастыруымыз керек», – дейді Сенат төрағасы.

Фото: inbusiness.kz

Қатысты жаңалықтар

Спорт ардагері өз таңдауын жасады

Спорт ардагері өз таңдауын жасады

Бүгін, 16:32
Әрбір дауыс – маңызды таңдау

Әрбір дауыс – маңызды таңдау

Бүгін, 16:31
Азаматтық белсенділік – туған өлке болашағына қосылған үлес!

Азаматтық белсенділік – туған өлке болашағына қосылған үлес!

Бүгін, 16:22
Бір әулет, үш буын: Матайлық теміржолшылар сайлауға қатысты

Бір әулет, үш буын: Матайлық теміржолшылар сайлауға қатысты

Бүгін, 15:24
Төрт егіздің анасы Альмира Бекеева өз таңдауын жасады

Төрт егіздің анасы Альмира Бекеева өз таңдауын жасады

Бүгін, 14:42

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.