Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЙТАРЫ КӨП АТА БАСЫЛЫМ

05.12.2023
КҮНДЕРЕК
АЙТАРЫ КӨП АТА БАСЫЛЫМ
WhatsAppTelegramFacebook

«Jetіsý» газетінің қызметкерлері баспасөз науқанына орай облысымыздағы аудан, қалалардың тыныс-тіршілігімен танысып, тұрғындардың талап-арызына құлақ түруде. Бұл жолғы сапарымыз күндіз күміс, түнде алтын болып аққан, әулиелер мекені саналатын Қаратал өңірінде жалғасты. 

«Jetіsý» газетінің тілшілерін жылы шырай танытып қарсы алған аудан әкімі Ұлан Досымбеков алдымен өзі бір күндік, сөзі мың күндік ата басылым жайлы кеңінен әңгімеледі.

– Әр ауыл мен аудандардағы атқарылып жатқан жұмыстарды, тарихты, салт-дәстүрімізді, танымал тұлғаларымызды дәріптейтін мақалаларды оқу үшін «Jetіsý-дың» әр санын жібермей қараймын. Аптасына 3 рет шығатын басылымның болашақ жастарды тәрбиелеудегі салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды насихаттаудағы орны ерекше. «Jetіsý» газетінде танымдық материал өте мол. Қазір әлеуметтік желі дамыған қоғам. Көбіне жұрт бір жаңалық қарау үшін смартфонға үңіледі. Инстаграмм мен сайтты ақтарады. Бірақ, әлеуметтік желідегінің барлығы дұрыс деп айта алмаймын. Оның үстіне газеттегі сараптап жазылған мақаланың орны бір бөлек емес пе?! Сондықтан технологияның дамыған заманы болса да газет қоғамға өте қажет. Өркениеттің өріне ұмтылған ұлтымыздың ұстанымын облыстық басылым «Jetіsý» газеті ұтқыр да ұшқыр қаламымен шынайы бедерлей береді деп сенемін, – деп ыстық ықыласын білдірді.

Осыдан кейін аудан басшысы өңірдің тыныс-тіршілігін баяндап, алдағы жоспарларын айтты. 

Ауданда қай саланы алып қарасақ та кең қанат жайып келеді. Өңірде 1221 ауылшаруашылық тауар өндіруші бар екен. Қысқа жемшөп дайындау бойынша жоспар 154 мың тонна толығымен орындалған. Аудан бойынша қант қызылшасы 1 мың 106 гектарға егіліпті. Бүгінде өнім толығымен жиналып, қант зауытына өткізілуде. 

Жайылымдық жер қай өңірге қарасақ та өзекті. Бұл мәселе бойынша ауданда жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Былтыр өңірде 74,8 мың гектар пайдаланбай жатқан жер анықталып, оның 20,2 мың гектары мемлекет меншігіне өтіпті. Қалған 1,9 мың гектар жерде шаруашылықтардың мал басын бірдейлендіру жүйесіне тіркелгендігі анықталып, қайта айналымға енгізілген. Биыл мемлекет меншігіне 29,9 мың гектар жер қайтарылыпты. 

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында бірінші траншпен Қаратал ауданының 45 тұрғынына бизнестің 4 бағыты бойынша 220 млн. теңге несие берілді. Екінші траншқа 54 өтінім қабылданған. Несие осы айдың соңында берілмек.

Баспаналы болу – бір бақыт. Үштөбе қаласында 40 пәтерлі тұрғын үй салынуда. Сондай-ақ, биыл аудан орталығында 15 жеке тұрғын үй салуға демеуші «Әлия Сервис» ЖШС-мен келісімшарт жасалып, жеке тұрғын үйлердің құрылысын салу үшін ин-фрақұрылымы тартылып, «Көкдала» ықшамауданында 15 жер учаскесі берілді. Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, мердігер тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға пәтер кілтін табыстады. 2024 жылы Үштөбе қаласындағы Ақын Сара көшесінде 60 пәтерлік көпқабатты  1 үй және 20 жеке тұрғын үйдің құрылысы басталмақ.

Президенттің тапсырмасына сәйкес ауданда газдандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Өңірде 35 елді мекеннің 19-ы газдандыруға жатады. 2025 жылы ауданның 39 мың тұрғыны табиғи газға қол жеткізеді деп жоспарлануда. Бүгінде Кәлпе және Оян ауылдарына газ берілді. Жыл соңына дейін Үштөбе қаласының батыс бөлігі мен Қанабек ауылын газға қосу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы Үштөбе қаласында газ желілерінің құрылысы келесі жылдың соңына дейін аяқталып, 19,5 мың қала тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізеді. Газға қосылу бағасы 169 мың теңгеден аспайды. Орташа баға 135-140 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, қазандықтың құнын қайтарымсыз,  10 айға бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған. 

– Ауданда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қаратал ауданының жергілікті автомобиль жолдарын күрделі, орташа жөндеу жұмыстарына және күтіп ұстауға 2,3 млрд. теңге бөлінді. Атап айтсақ, Көкдала ауылына апаратын облыстық маңызы бар автожолдың бойында орналасқан көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарын аяқтау желтоқсан айына жоспарланған. Келесі жылы Көкпекті ауылында 9 көшенің, Үштөбе қаласы мен Қаражиде, Жаңаталап, Ұмтыл ауылдарындағы көше жарығының құрылғысын орнату жүргізіледі, – деді аудан басшысы.

Сондай-ақ, аудан әкімі Мемлекет басшысының  өңірімізге іссапары кезінде міндеттеген тапсырмалардың қатарында тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету де басты назарда екенін айтты.  

Кездесу соңында Ұлан Досымбеков «Jetіsý» газетін барынша қолдайтынын айтып, ата басылымның ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

Айдар ҚАЛИЕВ
Суретті түсірген  Руслан ҚАДЫРОВ

 

Қатысты жаңалықтар

Шекара шебінде өткен шаралар

Шекара шебінде өткен шаралар

28.07.2026
Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

28.07.2026
Алакөлдегі алаңсыз күндер

Алакөлдегі алаңсыз күндер

28.07.2026
Қаламгер мұрасы насихатталды

Қаламгер мұрасы насихатталды

28.07.2026
Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.