Талдықорған: +9°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

1000 МЕКТЕПКЕ ҚОЛДАУ

1 желтоқсан 2023
КҮНДЕРЕК
1000 МЕКТЕПКЕ ҚОЛДАУ
WhatsAppTelegramFacebook

Оқушылар сарайында  «1000 мектепке әдістемелік қолдау» жобасы  аясында мектеп басшыларын әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу және «Білім сапасын мониторингілеу-мектепішілік бақылаудың тиімді құралы» атты өңіраралық  семинар өтті. Аталған шараға Алматы, Жетісу облыстарынан 200 мектеп директоры қатысты.

Шараның пленарлық отырысында  Жетісу облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Әдістемелік қызметті үйлестіру және педагогті кәсіби дамыту орталығының директоры Еркебұлан Жұмашов, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Жетісу облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Әлішер Башаров, «Алматы облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының  Жетісу облыстық өкілдігінің басшысы Алмагүл Балшенова оқушылардың білім жетістіктерін жақсарту, білім сапасын бақылау және мектепшілік бақылауды ұйымдастырудағы өзекті мәселелер жайлы ой бөлісіп, ұсыныстарын ортаға тастады. Сонымен қатар Кербұлақ ауданы Қарашоқы орта мектебінің директоры Күлшар Бұқабаева және  Сарқан ауданындағы №1 мектеп-гимназиясы директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Татьяна Станкевич білім сапасын жақсарту бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов барша мектеп басшыларына «Неге сырттай бағалау кезінде оқушыларымыз мектепте алған бағасын дәлелдей алмайды?» деген сұрақ барша ұстазды мазалау керек екенін айтты. Бұл жағдайда ең басты себептердің бірі — пән мұғалімдерінің тарапынан балалардың білімін біржақты бағалау болса, мектеп әкімшілігі тарапынан жүргізілетін мектепішілік бақылаудың әлсіздігі. Егер мұғалімнің қойған бағасы сырттай бағалаудағы бағамен неғұрлым сәйкес болса, берілетін білімнің шынайылығы соғұрлым анықталатын атап өтті. Көп жағдайда мектеп әкімшілігі білімнің сапасына емес, көрсеткіштің жоғары болуына баса мән беріп кететінін сөз етіп, ой өрбітті.

–Семинар жұмысына белсене қатысып,  ұсыныс-пікірлеріңізді ортаға салып, сапалы білімге қол жеткізудің нақты қадамдарын айқындауға атсалысады деген сенімдемін. Ұстаздық жолда табысты нәтижелерге қол жеткізу үшін осында отырған баршаңызға жемісті еңбек, жаңа табыстар мен зор жетістіктер тілеймін,­­­ – деген облыстық білім басқармасының басшысы Марат Бекбосынұлы жиынға қатысушыларға ізгі тілегін білдірді.

Аталған шара секцияларда жалғасып, семинар қатысушылары   оқу процесінің сапасын бақылау, білімдегі олқылықтың орнын толтыру бойынша үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс, талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін, мұғалімнің шеберлік және әдістемелік дайындық жағдайының деңгейін бақылау туралы   шеберлік сағатында пікірлесіп, өзара тәжірибе алмасты.

Айғаным АЙТМҰХАН

Қатысты жаңалықтар

Кербұлақта алты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Кербұлақта алты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Бүгін, 10:26
Әлеуметтік қолдау – маңызды міндет

Әлеуметтік қолдау – маңызды міндет

Бүгін, 10:10
Ел дамуының бағдары

Ел дамуының бағдары

Бүгін, 09:32
Абаттандыру ережелерін бұзғандар жауапқа тартылуда

Абаттандыру ережелерін бұзғандар жауапқа тартылуда

Бүгін, 09:09
Бес облыста ауа райы қолайсыз болады

Бес облыста ауа райы қолайсыз болады

Бүгін, 09:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.