Талдықорған: +9°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Кербұлақта алты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Бүгін, 10:26
ЖАҢАЛЫҚТАР
Кербұлақта алты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

ӨКҚ

WhatsAppTelegramFacebook

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен брифингте Кербұлақ ауданының әкімі Жанат Жүнісбеков өңірдің 2026 жылғы тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндады. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, инвестиция тарту, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту бағыттарындағы негізгі көрсеткіштерге тоқталды.

Есепті кезеңде ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 35,2 млрд теңгені, өнеркәсіп өндірісі 44 млрд теңгені құрады. Негізгі капиталға 34,6 млрд теңге инвестиция тартылды. Ал шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3454-ке жетіп, бұл салада 5,2 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпкерлер өндірген өнім көлемі 9,5 млрд теңгені құрады.

Аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы. Биыл егіс алқаптарының көлемі 113,9 мың гектарды құрады. Қазіргі уақытта дәнді дақылдардың 99,1 пайызы жиналып, 211,7 мың тонна өнім алынған. Қант қызылшасының орташа өнімділігі гектарына 500 центнерге жетіп, өткен жылғы көрсеткіштен артты.

Су үнемдеу технологиялары 2856 гектар алқапқа енгізілген. Сонымен қатар ұзындығы 105 шақырым суару арналарын қайта жаңғырту жобасы әзірленуде. Жоба құны 17 млрд теңге. Оны 2026-2028 жылдары іске асыру нәтижесінде 7 мың гектар жаңа суармалы жер айналымға қосылады.

Инвестиция тарту бағытында да бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 60 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған. Алдағы жылдарға арналған инвестициялық пулға жалпы құны 1,4 трлн теңгені құрайтын алты жоба енгізілген. Олардың қатарында Көксу өзеніндегі су электр станциясының құрылысы, тау-кен байыту комбинатын, күн электр станциясын және кен өңдеу кәсіпорындарын салу бар. Жобалар іске асқанда 2,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Тұрғын үймен қамту мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Сарыөзек ауылында 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған тағы 157 үйдің құрылысы жүргізіліп, оның 115-і сатып алынған.

Аудандағы 63 елді мекеннің 59-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Биыл Сарыөзек, Ақбастау және Тастыөзек ауылдарындағы су жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Газдандыру бойынша 21 елді мекенге табиғи газ жеткізілген. 2030 жылға дейін тағы 32 ауылды көгілдір отынмен қамту жоспарланып отыр.

Жол инфрақұрылымын дамыту аясында биыл үш елді мекенде 10,4 шақырым көше жолы жөнделді. Нәтижесінде ауданның ішкі жолдарының қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 74,7 пайызға жетті.

Әлеуметтік салада тоғыз айда 1469 жаңа жұмыс орны ашылды. Білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, алты мектеп заманауи пәндік кабинеттермен жабдықталды. Ал ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту аясында соңғы үш жылда 17 медициналық нысан салынды.

Брифинг соңында аудан әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Аяулым Шынгаева

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысында табиғи газға қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығына талдау басталды

Жетісу облысында табиғи газға қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығына талдау басталды

Бүгін, 11:18
Ізі айқын, жүзі жарқын

Ізі айқын, жүзі жарқын

Бүгін, 11:00
Кербұлақта алты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Кербұлақта алты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Бүгін, 10:26
Әлеуметтік қолдау – маңызды міндет

Әлеуметтік қолдау – маңызды міндет

Бүгін, 10:10
Ел дамуының бағдары

Ел дамуының бағдары

Бүгін, 09:32

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.