Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – ЖАУАПТЫ ІС

30.11.2023
КҮНДЕРЕК
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – ЖАУАПТЫ ІС
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық әділет департаменті өз тарапынан мемлекеттік қызмет этикасын түсіндіру мәселесін күн тәртібінен түсірген емес. Жыл басынан бері аталған тақырыпта әлеуметтік желі арқылы бірнеше тікелей эфир ұйымдастырылып, облыстық газеттерде мақалалар жарияланды. Мемлекеттік органға жүгінген әрбір азаматтың әлеуметтік мәселесінің әділетті заң талаптары аясында шешілуі басты назарда.

«ҚР мемлекеттік қызмет туралы» Заңына  бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтсақ, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында  уәкілетті орган белгілеген  мәннен төмен емес  нәтижемен оқу бітірген азаматтар  осы оқуды бітірген соң бір жыл ішінде конкурссыз «Б» корпусына қызметке орналасуға мүмкіндік пайда болды. 

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс кестесі «ҚР Еңбек Заңы» талаптарымен айқындалған. Мемлекеттік қызметшілер үшін 2 демалыс күні бар 5 күндік жұмыс аптасы белгіленген. Аталған жұмыс кестесін қатаң сақтау мен бақылау үшін әділет департаментінде «Е-қызмет» жүйесімен ықпалдастырылған бақылау жүйесі орнатылған. Департаменттің әкімшілік бөлімі осы жүйе арқылы қызметшілердің жұмыс кестесін сақтауын қадағалап отырады. Аталған өзгерістер мемлекеттік қызметшілердің әдептілік қағидаттарын, азаматтық позициясын сақтауға, өз құқықтарының қорғалуына мүмкіндік беретіні сөзсіз. Әрбір мемлекеттік қызметші өзінің іс-әрекетінде заң принциптерін, Конституция талаптарын, еліміздің заңдары мен басқа да нормативті актілерін, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларын басшылыққа ала отырып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын сақтауға, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға тиіс. 

Осы тұрғыда заңнамадағы «мүдделер қақтығысы» ұғымы бірінші кезекте мемлекеттік қызметте қолданылады. Сол сияқты, «мүдделер қақтығысы» ұғымы және олардың туындауын болдырмау тетіктері әдеттегідей Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларында түсіндірілген. Яғни, «мүдделер қақтығысы» ұғымы Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдары деңгейінде қарастырылған. Сонымен бірге, мүдделер қақтығысын реттеу жемқорлыққа қарсы маңызды тетік екендігі даусыз. Осы орайда мүдделер қақтығысының жағымсыз салдарын төмендету үшін әрдайым заң талаптарын түсіндіру шараларын жүргізіп отырғанымыз жөн болар еді. Мемлекеттік қызметшілерге оның шығу себебін, осыған мүмкіндік беретін жағдайларды болдырмауға, орын алған жағдайда тиісті шешім шығара білуді үйрену қажет. Сол сияқты мүдделер қақтығысы мемлекеттік органда орын алуына түбегейлі жол бермеу біздің мақсатымыз.

Қазақстан Республикасы Президентінің «ҚР мемлекеттік әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі бекітілген. Бұл Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметте және күнделікті өмірде жүріс-тұрыстарының стандарттарын бекітті. Соның негізінде енді мемлекеттік органдарда этика бойынша арнайы уәкілдер белгілі жұмыстар атқарады. Әдеп кодексінің жаңа редакциясына сәйкес әдеп жөнінде уәкіл ұғымы енгізілген. Әдеп жөніндегі уәкіл, сондай-ақ, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғау және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдап, басқа да функцияларды  жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметтің моральдік-этикалық  көрінісі жалпы мемлекеттің беделі мен бет-бейнесін айқындайды. Көп жағдайларда осы мәселелердің тетігін табу, мемлекеттік қызметшілерді басқара білу қырағылықты талап етеді. Қызметшілердің жағымсыз іс-әрекеттері арқылы мемлекет беделі саудаға түсетіндігі даусыз аксиома. Әрбір сәтте, қоғамдық орында демалыс уақытында әріптеспен қарым- қатынас кезінде мемлекеттің бет-бейнесін көрсететінімізді ұмытпауымыз керек. 

Еліміздің ертеңі бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің  адамдығы мен ар-ожданына және кәсібилігіне байланысты болғандықтан «Біздің міндет – халыққа қызмет» деген қағида аясында елге, жерге деген адалдықтың ақ туын абыроймен ұстануымыз қажет. 

Ерлан АХМЕТБЕК,
облыстық әділет департаменті  басшысының орынбасары,
әдеп жөніндегі уәкіл
Фото: egov.kz 

Қатысты жаңалықтар

Шекара шебінде өткен шаралар

Шекара шебінде өткен шаралар

28.07.2026
Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

28.07.2026
Алакөлдегі алаңсыз күндер

Алакөлдегі алаңсыз күндер

28.07.2026
Қаламгер мұрасы насихатталды

Қаламгер мұрасы насихатталды

28.07.2026
Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.