Талдықорған: +7°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Субсидиялау мәселесі өзекті

30 қараша 2023
КҮНДЕРЕК
Субсидиялау мәселесі өзекті
WhatsAppTelegramFacebook

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы субсидиялаудың өзекті мәселелері облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы АӨК және тамақ өнеркәсібі салалық кеңесінің кезекті отырысында талқыланды.

Кеңес отырысы «Текелі ГМЗ» ЖШС өтінішін талқылаудан басталды. Онда өтінімдерді уақытылы қарамау және бюджет қаражатының үнемі жетіспеушілігі проблемасы көтерілді. Бұл өндірістегі төлемді кешіктіреді. Атап айтқанда, кәсіпкердің өтінішінде ауылшаруашылығы басқармасына қатысты реніш болды. Мәселен, онда өтінімдерді қабылдаумен бір адам ғана айналысады.

Сондай-ақ, осы мәселені талқылау барысында Gosagro.kz. веб-портал жұмысына назар аударылды. Мәселен, салалық кеңестің төрағасы Александр Хильниченко өңірде көптеген шағын шаруашылықтардың бар екенін, олардың арасында компьютерлік сауаттылыққа ие адамдардың аз екенін тілге тиек етті.

Александр Хильниченко: «Gosagro сайтында шаруашылықтар өрістердің контурын қолмен жаңартуға мәжбүр. Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (МЖК ААЖ) республикалық бағдарламасы бар. Онда барлық мемлекеттік актілер суреттелген. Gosagro порталы мен МЖК ААЖ синхрондау қажет. Егіс алқаптарының контурын өзектендіруді қолмен алып тастау және мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен автоматты түрде тартылатын жер учаскесінің аудандарын сақтау арқылы өсімдік шаруашылығындағы субсидиялау үдерістерін жеңілдетуді ұсынамын», – деді.

Өз кезегінде облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Шампиков тыңдалып, техникалық қиындықтардың себеп-салдары түсіндірілді. Белгілі болғандай, Gosagro ақпараттық жүйесі ағымдағы жылы енгізілген. Сондықтан, тиісінше техникалық кемшіліктер орын алуы мүмкін. Техникалық мәселелерге қарамастан  басқарма қажетті жұмысты орындайды. Бақтияр Шампиковтың айтуынша, жыл басынан бері олар 14 753 мемлекеттік қызмет көрсеткен: берілген кредиттер бойынша 219, тұқым шаруашылығында лицензия беру бойынша 12, өсімдік шаруашылығы бойынша 3 022, минералды тыңайтқыштар бойынша 4 452.

Мәселені қарау қорытындысына сәйкес кеңес резервтік өтінімдерді ескере отырып, алдағы жылға арналған бюджетті жоспарлауды пысықтау, өтінімдерді жеделдетіп қарау үшін субсидиялаумен айналысатын бөлімдердің жұмысын күшейту, GOSAGRO порталын МЖК ААЖ-мен синхрондау туралы ҚР АШМ-ге ұсыныстар енгізу ұсынылды. 

Отырыс барысында кеңес мүшелері «Мурад» шаруа қожалығының жетекшісі Дамира Лятиеваның өтінішін қарады. Ол ауылшаруашылығы басқармасының үш жыл бұрынғы мал шаруашылығына субсидияларды қайтаруға қатысты әрекеттеріне құқықтық баға беруді сұрады. Берілген ақшаны қайтаруды талап ете отырып басқарма жануарлар миграциясының жоқтығына сілтеме жасайды. Осы мәселе бойынша кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке ауылшаруашылығы басқармасының ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерден субсидияларды қайтару жөніндегі талаптарының заңдылығы туралы мәселені пысықтау ұсынылды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Фото: kapital.kz 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндет

Жолдау жүктеген міндет

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

4 қараша 2026
Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

4 қараша 2026
Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

4 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.