Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қатыгез ата-ана көбейді

25.11.2023
КҮНДЕРЕК
Қатыгез ата-ана көбейді
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінгі таңда шарананы шырылдатып қоқысқа тастап, балаларды далаға қалдырып кету деректері көбейді. Тіпті, ұрпағына қол жұмсайтын қатыгез ата-ана саны артты. Айтуға ауыз бармайтын мұндай қылмыстардың дәл біздің елде орын алып жатқандығы көңілге қаяу, жүрекке салмақ түсіреді.

Соңғы кездері елімізде орын алған келеңсіз жайлар қабырғамызды қайыстырғаны рас. Күні кеше ғана туған анасы 7 жасар қызын айуандықпен өлтіргенін естіп, жаңа ұстадық. Баласын өлтіріп, тоңазытқышқа жасырған ананың тірлігі төбемізден жай түсірді. Әкесі ұлын балталап о дүниеге аттандырғаны жанымызды жабырқатты. Мұндай аиуандық әрекеттер жіпке тізілген моншақтайын жалғасын тауып келеді. Әке-шеше мейірім мен аяушылық танытпаған қоғамнан біз қалайша жақсылықты талап етеміз?

Адамның бәрі қатыгез болып тумайды. Оның өскен ортасы қатыгез болуға айтарлықтай ықпал етеді. Отбасында агрессия, зорлық-зомбылық көрген бала міндетті түрде өзінен әлсіз адамға күш қолдануға бейім келеді. Демек, бала күнінде ата-анасының махаббатына бөленбеген адамның өзге тұрмақ, өз перзентіне де жаны ашымайды. Бұл – психологиялық тұрғыда дәлелденген. Дегенмен де, қазір адамдардың басым көпшілігі агрессиямен етене таныс. Оған қарапайым ғана мысал келтірсек болады. Мәселен таңертеңгі уақытта автобуста отырсаңыз адамдардың артық бір ауыз сөз көтере алмайтынын жиі байқаймыз. Жасы да, жасамысы да қабақ шытып, сөз қайтаруға, түймедей дүниені түйедей етуге дайын-ақ. Үлкендер жағы жастарды тәрбиелеуге құлықсыз болса, жастар жағы үлкенді сыйлаудан қалып барады. Осындай көрініске қарап қоғамда мейірімділік шамының сөніп бара жатқанына көз жеткіземіз. Өкінішті-ақ.

Әр баланың бет түзейтін құбыласы, айнасы – ата-ана. Олар мықты болса баланың тәрбиесі де осал болмайтыны дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Алайда жоғарыда біз келтірген мысалдың басым көпшілігі ата-анасының агрессиясын көріп, тоқпағынан шыққан балалардың кейін өздері әке-шеше атанса да дәл сол жолды таңдап, теріс қылыққа жол беруі ешбір жолмен ақтап алар іс емес.  Демек, бұл бір-біріне жалғанған шеңбер. Біз мұны бір жерден үзбесек, үздіксіз жалғаса береді. Қатыгез ата-анадан қатыгез ұрпақ тәрбиелене береді. Сондықтан да «Саусақ бірікпей, ине ілікпейтінін» естен шығармайық. Бұл іске қоғам болып атсалысып, мәселені шешудің жолын жан-жақты қарастырғанымыз жөн.

Баланы сыртқы қозғаушы күштен қызғыштай қорғап жүргенімізде ішкі жау-ақ жауша жапырып келетіні алаңдатады. Мемлекет тарапынан еліміздің әр өңірінде Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер жұмыс істеп келеді. Алайда бірінші кезекте баламен емес, ата-анамен жұмыс жүргізілсе дейміз. Ел ішіндегі «ақсақалдар мектебінің» есігі жабылғалы қоғамда жантүршігерлік оқиғалар көптеп орын алғанын амалсыз мойындауға тура келеді.

Тар құрсағын кеңейтіп, тас емшегін жібітіп, ішінен шыққан перзентін өз қолымен о дүниеге жөнелткен ата-ананың жүрегі еттен бе әлде қоладан ба? Бұл – бүгінгі қоғамның нағыз трагедиясы емей немене? Бүгінді емес ертеңді ойласақ өз перзентін өлтіру деген айуандық әрекетке заңды күшейтіп, қазақы тәрбиенің иісін аңқытпасақ қазақылықтан, тектіліктен қалай айырылып қалғанымызды да аңғармай қаламыз.

Бүгінгінің психологтары: «Бақытты ата-ана – бақытты бала» деген тұжырымдама айтудан шаршамайды. Ал сіз қалай ойлайсыз, ойлы оқырман?

Еңлік КЕНЕБАЙ
Фото: azattyq-ruhy.kz 

Қатысты жаңалықтар

Алакөлдегі алаңсыз күндер

Алакөлдегі алаңсыз күндер

28.07.2026
«Бес тапалдың» бірі еді…

«Бес тапалдың» бірі еді…

28.07.2026
Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

28.07.2026
Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Елдік дәстүрдің өзегі

28.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Тиімді диалог алаңы

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.