Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

500-ден астам студент кәсіпорындар тапсырысы бойынша білім алуда

15.11.2023
КҮНДЕРЕК
500-ден астам студент кәсіпорындар тапсырысы бойынша білім алуда
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында өңір кәсіпорындарының нақты тапсырыстары бойынша 13 колледжде 501 адам білім алуда. Олар оқуын аяқтаған соң тапсырыс берген кәсіпорындарға жұмысқа орналасатын болады. Осыған байланысты колледж, студент және өңірдің 45 кәсіпорны арасында үш жақты келісімшарт жасалды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқудағы студенттерОблыстық білім басқармасының мәліметінше, Оқу-ағарту министрлігі өткен оқу жылында кәсіпорындардың тапсырысы бойынша кадр дайындауды енгізген болатын. Бұл өз кезегінде еңбек нарығында сұранысы бар мамандықтарға маман дайындауға мүмкіндік береді. Бұл ретте жұмыс берушілер өз кәсіпорындарының базасында студенттердің тәжірибеден және тағылымдамадан өтуіне жағдай жасап, оқуын аяқтаған соң жұмысқа алу міндетін алып отыр.

Сонымен қатар облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес колледждерді бейіндеу жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде 15 колледждегі 91 мамандықтың бейіндері сәйкес келмейтін 45-і жабылды. Және өңірдегі 13 колледжде «Ландшафт дизайны», «Кинолог», «Логопед», «BIM-техник», «Киім дизайны», «Графикалық және мультимедиялық дизайн» және т. б. еңбек нарығында сұранысқа ие 17 жаңа мамандық ашылды.

Мемлекеттік тапсырысты жұмысшы мамандықтарына қайта бағдарлау жұмыстары атқарылды. Соның нәтижесінде биыл жұмысшы мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 268 орынға ұлғайды. Сол сияқты 2024 жылға тағы бірқатар жаңа мамандықтарды ашу жоспарланып отыр. Солардың қатарында балық шаруашылығы, жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру, кран машинисі, мал шаруашылығы кешендері мен механикаландырылған фермалардың операторы, пилотсыз ұшу аппараттарының операторы, ұнтақтау-сұрыптау жабдығының операторы, түту өндірісінің машиналары мен жабдықтарының операторы, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану тағы басқа мамандықтар бар.

«Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман дайындау — әрбір оқу орнының басты міндеті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай «Сапалы білім беру «Білімді ұлт» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2025 жылға қарай сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ-мен жастарды толық қамту көзделген. Осы жылы мемлекеттік тапсырыстың ұлғайғанын ескеріп, жастарды колледждерде 9 сынып негізінде тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 84,4 пайызға жеткізілді. 2025 жылға қарай жастарды тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 100 пайызға жетеді деп жоспарланған», — дейді облыстық білім басқармасының мамандары.

Оқудағы студенттерСондай-ақ облыста 14 колледжде дуальды оқытуды жүзеге асыруда. Мамандарды даярлау 2734 білім алушы оқитын 25 мамандық бойынша жүзеге асырылады. 249 кәсіпорынмен 262 шарттар мен келісімдер жасалды, келісімшарт шеңберінде түлектер практикадан өтіп, ары қарай жұмысқа тұра алады. Дуальды оқытуды енгізуде және кәсіпорындармен табысты бірлескен іс қимылдың тиімді үлгісін Талдықорған сервис және технологиялар колледжі, Текелі кәсіптік колледжі, Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжі көрсетіп отыр. Осы орайда колледждің ірі бизнеспен тығыз қарым-қатынасы білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартуға мүмкіндік берді. Осы мақсатта колледждің әрбір түлегінің бизнес дағдыларына ие болуының маңыздылығын ескеріп, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің базасында кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдерін тарта отырып, студенттік бизнес-инкубатор құрылды.

Сол сияқты «Жас маман» жобасы аясында 7 мемлекеттік колледж базасында 11 құзіреттілік орталық ашылып, олардың базасында WorldSkills чемпионатына дайындық алаңдары, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің базасында Startap академиясы құрылды. Орталықтарда академиялық ұтқырлық шеңберінде ауылдық колледж студенттері үшін практикалық сабақтар өткізіледі, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері үшін біліктілігін арттыру, қайта даярлау курстары ұйымдастырылады.

Жалпы облыста 27 колледж жұмыс істейді, онда 14773 студент білім алуда. Оқу орындары ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, құрылыс, машина жасау салалары, сондай-ақ техникалық, педагогикалық, заңгерлік, экономикалық, медициналық бағыттар бойынша 61 мамандық және 102 біліктілік бойынша кадрлар даярлайды.

Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Қатысты жаңалықтар

Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста

Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста

27.07.2026
Алакөл жағалауындағы жаңа маусым: Қауіпсіздік пен жайлылық қалай өзгерді?

Алакөл жағалауындағы жаңа маусым: Қауіпсіздік пен жайлылық қалай өзгерді?

27.07.2026
Футбол: Испания бапкері құрамды түбегейлі жаңартты

Футбол: Испания бапкері құрамды түбегейлі жаңартты

27.07.2026
«Алакөл толқыны – 2026» фестиваліне бес мыңнан астам адам жинады

«Алакөл толқыны – 2026» фестиваліне бес мыңнан астам адам жинады

27.07.2026
Еліміздегі жанармай бағасы қандай?

Еліміздегі жанармай бағасы қандай?

27.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.