Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Жазарың көбейсін, «Jetіsý»

12.11.2023
КҮНДЕРЕК
«Жазарың көбейсін, «Jetіsý»
WhatsAppTelegramFacebook

Қандай мамандық иесінің болсын өзіндік бір қауырт науқан іспеттес кезеңдері болады емес пе? Шаруалар үшін бұл кезең көктемгі егіс пен күзгі жиын-терін науқаны болса, мерзімді бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері үшін келер жылдың баспасөзіне жазылу ең бір жауапты шақ саналады.

Құрылғанына көп уақыт бола қоймаған облысымыздың қос басылымы – «Jetіsý» мен «Вестник Жетісу» газеттерінің журналистері де осынау жауапты шақта жүйелі жұмыстар атқаруда. Нақтырақ айтатын болсақ, тілшілер қауымы осы мақсатпен аймақ аудандары мен қалаларына арнайы іссапарларға шығып, оқырмандармен кездесулер өткізуде. Мұндай жүздесулер барысында газет оқырмандарымен емен-жарқын әңгімелер өткізіліп, олардың ұсыныс-тілектері тыңдалады, өз кезегінде азды-көпті сын-ескертпелер де айтылмай тұрмайды.

Жуырда газет оқырмандарымен осындай жүздесу Ақсу ауданында ұйымдастырылды. Аудандық Мәдениет үйінде өткен бұл кездесуге негізінен мәдениет саласында жұмыс атқарып жүрген оқырмандарымыз қатысты.

Иә, облысымыздың өмірбаяны жаңа жазыла бастағанымен  «Jetіsý» мен «Огни Алатау» газеттерінің тарихы тым әріден басталады. Шығу мерзімі жағынан алып қарағанда бұл басылымдардың жасы республикалық «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттерінен де үлкен болып шығады. Газеттерімізді көп ретте ата басылым деп ардақтап жататынымыз да сол себептен.

Көп жылдар бойы Алматы қаласында жарық көріп тұрған іргелі басылым жұмысына қазақтың талай марғасқа азаматтары мен белгілі қаламгерлері атсалысты. Солардың қатарында қазақтың Құлагер ақыны Ілияс Жансүгіровтің болғанын да айта кеткен орынды. Арқалы ақын газетке «Матай» деген бүркеншік атпен жиі мақала жазып, өзекті мәселелерді көтеріп отырды.

Облысымыздың бөлінуіне байланысты ғасыр бойы бірге жасасып келе жатқан қос газеттің іргесі ажырап, «Огни Алатау» газетінің редакциясы Алматы облысының Қонаев қаласына қоныс аударды. Оның орнын жаңадан ұйымдастырылған «Вестник Жетісу» газеті басып, жаңа облысымыздың нық қадамы мен жүзеге асып жатқан жақсы істерін жұртшылыққа жарқырата көрсетуде.

Бір сөзбен айтқанда бүгінде «Жетісу Медиа» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны біріктіріп отырған ауылы аралас, қойы қоралас қос газет ғасыр бойына қалыптасқан игі дәстүрлерін жүйелі жалғастырып, шығармашылық жетістіктерін еселей түсу үстінде.

Оқырмандармен жүздесу барысында осы жолдардың авторлары мен «Вестник Жетісу» газетінің тілшісі Жансая Дүйсебаева жоғарыда тізбеленген мәселелер жайында кеңінен айтып өтті. Кездесу барысында белсенді оқырмандарымызға «Jetіsý» газетінің жақында аталып өткен 105 жылдық мерейтойынан естелік сыйлықтар табысталды.

Ұялы телефонға таңертеңнен қара кешке дейін телміруді әдетке айналдырып бара жатқан жас ұрпақ бүгінде газетке, кітапқа көп қарай қоймайды. Жастар тәрбиесінде жіберген кемшіліктеріміздің өзі де негізінен нақ осы мәселеге келіп тірелетіндей. Адамгершілік пен отаншылдық, үлкенді сыйлау мен жасы кішіні қадірлеу, ата-ананы ардақтау мен кір жуып, кіндік кескен туған жерді қасиет тұту секілді жалпыұлттық құндылықтарымызды бағалай білуге үйрететін де кітап пен мерзімді басылымдар еді. Ал жастайынан кітап пен газет-журнал оқып, сондағы қаһармандарға еліктеп өскен аға ұрпақ өкілдері болса, өмірде қандай қиындықтарға тап болып жатқанымен түптеп келгенде бет қызартатын ұятты қадамдарға бара қоймайды. Әйелдер мен жас балаларға зорлық-зомбылық көрсетіп, педофилия секілді сұмдық қылмысқа баратындардың көбейіп бара жатқандығы да негізінен тәрбиедегі олқылықтың салдары. Соған орай жүздесуде сөз алған оқырмандарымыз алдағы уақытта қос газет беттерінде жастар өмірі, жастар тәрбиесі, отбасылық құндылықтар жайында көбірек жазылса деген ұсыныс білдірді. 

Сөз орайы келгенде газетімізде аталған тақырыптар көтерілетін «Ұлт ұяты» атты айқара беттің жүйелі шығып тұратындығын айтып өттік. Ал «Вестник Жетісу» газетінде осы жүздесуге қатысқан Жансая Дүйсебаеваның жүргізуімен «Мен жастарға сенемін» атты арнайы бетте мазмұнды материалдар жарияланып тұрады. Газетті жаздырып алып тұратын көзі қарақты оқырман бұл жайында жақсы білсе керек-ті.

Жалпы газет көтермейтін мәселе жоқ. Содан кейін де газетке қандай тақырып жайында болсын мақала жазып, ұсыныс-пікірлерін жолдауға болады. Бұл орайда «Газетке таныстық арқылы ғана шығуға болады», «Бүгінде басылымдарда тек ақылы дүниелер ғана жарық көреді» деп тұжырымдаған жөн емес. Газет журналистерінің көтерген дүниесі өзекті, салмақты болса қандай мақаланы болсын редакциялап, күзеп-түзеп дегендей жарыққа шығаруға тырысады. Бұған ешқандай таныстықтың қажеті жоқ. Сондай-ақ газетте көрсетілген байланыс телефондары арқылы газет журналистерімен хабарласып, редакцияға тікелей келіп тұруға да болады. Сапар барысында газеттің байырғы оқырманы Қағазбек Қойшыбаев ағамызбен кездесіп қалып, басылымда болашақта жарияланатын мақаласының мән-жайын талқылап тастағанымыз да осы тұжырымның айғағы іспеттес. Кезінде облыстық «Жетісу» телеарнасында қызмет атқарған Дастан Ербосынов та жұмыс барысында газет журналистерімен қоян-қолтық араласып, сол уақыттан бері газетіміздің тұрақты оқырманына айналғанын айтып өтіп, жылы лебізін білдірді.

Рас, замана талабына сай газетте ақылы мақалалар да жарық көріп жатады. Алайда ондай мақалалар көп орын алмайды, басылымның жалпы мазмұны мен сапасына да түбегейлі әсер ете қоймайды. Өз кезегінде өңірлердің тыныс-тіршілігінен хабар беретін хабарламалар мүмкіндігінше кешіктірілмей жарияланады.

Басқосуда еңбек адамы, өңірлердің тыныс-тіршілігі жайында көбірек жазылса деген де ұсыныс айтылды. Осындай өзекті мәселелер жайында мәдениет, кітапхана қызметкерлері Болатбек Ешмұханбет пен Эльмира Дүйсекова, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөлімінің маманы Айна Елубаевалар айтып өтті.

Осы жолғы кездесудің бір ерекшелігі – оқырмандармен басқосуға облыстағы әріптестеріміз «Жетісу» телеарнасының түсірілім тобы да қатысты. Газеттегі әріптестеріне қолдау көрсету мақсатында шараға арнайы келген Гүлжанат Мақұлжанова өзінің осы өңірде туып-өскендігін айта келіп, адам өміріндегі газеттің алатын орны жайында мазмұнды әңгіме қозғады. Желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпаққа өнеге көрсетіп ата-ананың өздері газет оқыса, балаларының да соларға еліктейтінін, ертелі-кеш ұялы телефонға телміріп, көз жанарын талдырмайтынын атап өтті.

Келелі кеңес, жылы жүзді пікір алмасу түрінде өткен басқосуға қатысқандар газет ұжымына «Алдағы уақытта да жазарың көбейе берсін «Jetіsý», болашақта да газеттен іргемізді ажыратпаймыз»  деген ізгі тілекпен тарқасты.

Нүсіпбай ӘБДІРАХЫМ
Сурет: Руслан Қадіров

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда үш көлік соқтығысты: Полиция тексеру жүргізіп жатыр

Жетісуда үш көлік соқтығысты: Полиция тексеру жүргізіп жатыр

27.07.2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды

Зейнетақы өтемақысын есептеу тәртібі өзгереді

27.07.2026
Рәкеңнен сүюді үйрендім…

Рәкеңнен сүюді үйрендім…

26.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Жаңа серпін

26.07.2026
Сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады

Елдік мүдде

26.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.