Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Карантинге жатқызылған өнімдер тасымалы

05.11.2023
КҮНДЕРЕК
Карантинге жатқызылған өнімдер тасымалы
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының 2023 жылдың 9 қазанындағы №192-н бұйрығымен ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасы міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі «ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өмірлік жағдайлардың және заңдық фактілердің тізбесі мен іс-әрекеттер алгоритмін айқындау туралы» №152-н бұйрығына өзгерістер енгізілген болатын. Осы өзгерістерге сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекцияға еліміздегі фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты тың міндеттер жүктелген еді. Төменде мүдделі органдар мен тұлғалар, жалпы тұрғындар тарапынан сол өзгерістерге қатысты туындайтын сауалдарға түсінік бере кеткенді жөн көріп отырмыз.

Бұл бұйрық ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Агро­өнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінде өмірлік жағдайлар және заңдық фактілердің тізбесі мен іс-әрекеттер алгоритмін айқындайды. Осыған орай бірінші кезекте карантинге жатқызылған өнімді елден тыс жерлерге әкету үшін өтінішті қалай беруге болатынын мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі жайында айта кетпекпіз. 

Карантинге жатқызылған өнімді басқа елдерге әкету үшін фитосанитарлық сертификат алу керек. Ол үшін жеке немесе заңды тұлғалар өтініш жазады. Өтініштер ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық бөлімшесінің кеңсесі, www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қабылданады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – өтініш берген сәттен бастап, сондай-ақ, порталға жүгінген кезде 2 жұмыс күні. Қызмет көрсетушіге, мемлекеттік корпорацияға өтініш тапсырылатын датаға дейін 7 күннен аспайтын мерзімде берілген, шетке шығарылатыны мәлімделген карантинге жатқызылған өнімдер партиясы жай-күйінің апарылатын елдегі карантиндік фитосанитарлық талаптарға сәйкестігін бекітетін карантиндік фитосанитарлық сараптама қоса тіркелген өтініш берілген сәттен бастап, сонымен бірге портал арқылы жүгінгенде 5 (бес) жұмыс сағаты ішінде орындалады. 

Сондай-ақ, қызмет көрсетушіге, мемлекеттік корпорацияға өтініш тапсырылатын датаға дейін 7 күннен аспайтын мерзімде берілген, шетке шығарылатыны мәлімделген карантинге жатқызылған жеміс-жидек, көкөніс, бақша дақылдары сияқты тез бұзылатын өнімдердің мәлімделген партиясының жай-күйі жеткізілетін елдің карантиндік фитосанитарлық талаптарына сәйкестігін растайтын карантиндік фитосанитарлық сараптама қорытындысы қоса тіркелген өтініш берілген сәттен бастап, сондай-ақ, порталға жүгінген кезде 3 жұмыс сағаты ішінде орындалады.

Дегенмен, карантинге жатқызылған жекелеген өнім түрлерін сыртқа шығаруға тыйым салынатын да естен шығармаған абзал. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» № 690 бұйрығының 1-тармағына сәйкес ЕЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4406910000 болатын «Шәруге қарсы сұйықтық сіңіріле отырып, теміржол немесе трамвай жолдарына арналып, қылқанжапырақты ағаш тұқымдардан жасалған шпалдар» кодын қоспағанда, шығарылған еліне қарамастан, ҚР аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (ЕЭО Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) сырт елдерге әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салынады. 

Карантинге жатқызылған өнімдерді ел аумағына әкелу, сыртқа әкету кезінде мына нормативтік-құқықтық актілер басшылыққа алынады. Олардың қатарында Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 «ЕЭО өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету туралы» шешімі, Еуразиялық-экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 157 «ЕЭО кедендік шегарасындағы және кедендік аумағындағы карантинге жатқызылған өнімдер мен карантинге жатқызылған объектілерге қойылатын бірыңғай карантиндік фитосанитарлық талаптарды бекіту туралы» шешімі, ҚР 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңы, ҚР Ауылшаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 «ҚР аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» бұйрығы бар. 

Сонымен бірге карантинге жатқызылған өнімдерді импорттау кезінде басқа елдердің электрондық фитосанитарлық сертификаттарының біздің елде мойындалуы туралы айтар болсақ, фитосанитарлық шаралар жөніндегі «12 фитосанитарлық сертификат» халықаралық стандартына сәйкес ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің экспорттаушы елдер тарапынан карантинге жатқызылған өнімдерге берілген электрондық фитосанитарлық сертификаттарды қабылдауға мүмкіндігі жоқ. Сондай-ақ жеткізілетін жерлердегі заңнамаға сәйкес фитосанитарлық тәуекелдігі жоғары карантиндік өнімдерге экспорттаушы елдер тарапынан берілген қағаз тасығыштағы фитосанитарлық сертификаттың түпнұсқасы карантиндік бақылауды (қадағалау) жүзеге асыру кезінде өсімдіктер карантині жөніндегі инспектормен алынып тасталады.

ҚР 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 13-бабының 2-1-тармағына сәйкес мына жағдайларда карантинге жатқызылған өнімді ҚР аумағына әкелуге тыйым салынады. Нақтырақ айтқанда, экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитарлық сертификаттарынсыз фитосанитарлық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімдерді, ЕЭО-тың бірыңғай карантиндік фитосанитарлық талаптарында көзделген жағдайды қоспағанда, карантиндік нысандар мен тегі бөтен түрлерді жұқтырған карантинге жатқызылған өнімдерді біздің елге әкелуге болмайды. Уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми-зерттеу мақсат үшін әкелінетін үлгілерді қоспағанда, карантиндік нысандардың таралу ошақтары бар аймақтардан, орындардан немесе өндіріс учаскелерінен топырақты, тамыр жайған тірі өсімдіктерді топырағымен қоса өсімдік ауруларын қоздыратын тірі саңырауқұлақ өскіндерін, бактерия, вирус, өсімдіктерді бүлдіретін жәндік, кене, нематодтар, карантиндік арамшөп тұқымдары, уақытша карантиндік фитосанитарлық шаралар енгізілген карантинге жатқызылған өнімдерді Қазақстан аумағына кіргізуге тыйым салынған. 

Елімізде шегіртке зиянкестерін қоспағанда, аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы іс-шаралардың орындалуы да бақылауға алынған. ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ күн сайын аса қауіпті зиянды организмдердің таралуы жөнінде шұғыл мәліметтер дайындайды. Комитет төрағасының 2017 жылғы 16 қарашадағы № 259-н бұйрығымен бекітілген карантинді объектілерді есепке алу мен анықтау әдістемесіне сәйкес аса қауіпті зиянды организмдер саны экономикалық зияндылық шегінен жоғары болған жағдайда, шаруашылықты көрсете отырып, тексеру актісі ұсынылады. Өсімдіктерді қорғау инспекторы зияндылықтың экономикалық шегінен асып кеткен тексеру актісі деректері бойынша (дабыл хабарламасы) бақылау субъектісіне қажетті фитосанитарлық іс-шараларды міндетті түрде жүргізу үшін бұзушылықтарды жоюдың мерзімін көрсете отырып, 2 дана ұйғарым шығарады. Ұйғарымды орындау мерзімі оны жүзеге асырудың іс жүзіндегі мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып белгіленеді. Алайда, ұйғарым тапсырылған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде орындалуға тиісті.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы, 4-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, аса қауіпті зиянды организмдер, карантиндік объектілердің таралу ошақтарында, жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша ошақтарда, қолайсыз пункттер мен карантиндік аймақтардағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаумен байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын субъектінің (объекті) орналасқан жерін, бақылаудың уақытын, мемлекеттік бақылау мен қадағалауға алынатын субъектіні (объект) алдын ала анықтау мүмкін болмаған жағдайда, ондай объектілерді мемлекеттік бақылау мен қадағалау аталған субъектіге алдын ала мәлімдеусіз және тексеру тағайындалғаны туралы акті тіркелместен жүргізіледі. 
 

Бақылау субъектісі бақылау және қадағалау органына бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымның орындалуы туралы ақпарат беруге міндетті. Бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды орындаудың көрсетілген мерзімі өткеннен кейін уәкілетті орган ұйғарымның сақталуын анықтау мақсатында тексеру жүргізеді. Ол орындалмаған немесе тиісті деңгейде жүзеге асырылмаған жағдайда, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, одан әрі сотқа жіберу үшін кінәлі адамнан шығарылған ұйғарымды орындамау себебі көрсетілген түсіндірме хат алынады және ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары шығарған заңды талапты немесе нұсқауды, ұсынымды, қаулыны орындамау немесе тиісінше орындамау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сотқа жіберу үшін құқық бұзушының түсіндірме хаттамасы, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама, кәсіпкерлік субъектісі санатының анықтамасы сынды құжаттар жинақталады.

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ жедел кезеңде апта сайын аса қауіпті зиянды организмдердің таралуы жөніндегі мәліметтерді ұсынатынын жоғарыда айттық. Зиянды организмдер саны экономикалық зиянды шегінен асып кеткен жағдайда инспектор шаруашылықты көрсете отырып, тексерудің маршруттық парағын сұратуы қажет. Ұсынылған маршрут парағы (дабыл хабарламасы) бойынша зияндылықтың экономикалық шегінен асып кеткені анықталса (мысалы, бидай трипсі немесе арамшөптер), өсімдіктерді қорғау инспекторы ҚР Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 2-тармағына сәйкес әкімшілік іс қозғайды. ҚР Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы кодексінің 802-баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ, басқа да мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан алынған материалдар әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қозғау себебінің бірі болып саналады. 

Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы кодексінің 802-бабының 2-бөліміне сәйкес осы кодекстің 741-бабында қарастырылғандай, іс бойынша өндірісті жоққа шығаратын мән-жайлар анықталмаған жағдайда әкімшілік құқықбұзушылық белгісін көрсететін жеткілікті деректер әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қозғауға негіз бола алады. Құқық бұзушыны әкімшілік іс жүргізуді қарауға шақырған кезде хабарлама шығарылады. Онда күні, уақыты, мекенжайы, ҚР «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 14-5-бабының 1-тармағында көзделген бұзушылық, «фитосанитарлық мониторинг пен фитосанитарлық шараларды жүргізу және саны зияндылықтың экономикалық шегінен асатын зиянды және аса қауіпті зиянкестердің дамуы мен таралуын болдырмау» көрсетіледі. ҚР Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы кодексінің 403-бабының 2-тармағына сәйкес, фитосанитарлық бақылау объектілерінде фитосанитарлық мониторинг пен фитосанитарлық іс-шараларды жүргізбеу, саны зияндылықтың экономикалық шегінен асатын зиянды организмдердің көбеюіне және таралуына, әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтырады. Әкімшілік іс жүргізуде әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама, құқықбұзушылық туралы түсіндірме хаттама, тағы басқалары бар. Егер субъект құқықбұзушылық деректерін мойындаса, ҚР Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы кодексінің 810 және 811-баптарына сәйкес қысқартылған іс жүргізу қолданылады (7 тәулік ішінде санкция бабында көрсетілген айыппұл сомасының 50% мөлшерінде айыппұл төлеу). Тиісті құжаттар толтырғаннан кейін барлық деректер әкімшілік базасы дерекқорына – әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізіліміне енгізіп, айыппұлдың төленуі бақыланады.

Саят Сақмолдин, 
ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің
облыс бойынша аумақтық инспекциясының басшысы

Қатысты жаңалықтар

Рәкеңнен сүюді үйрендім…

Рәкеңнен сүюді үйрендім…

26.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Жаңа серпін

26.07.2026
Сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады

Елдік мүдде

26.07.2026
Бес ұядан басталған береке

Бес ұядан басталған береке

26.07.2026
Ұлт саулығын сақтаған

Ұлт саулығын сақтаған

26.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.