Қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Канкун қаласына (Мексика) барды.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
Онда бірер күннен кейін WTA турнирінің финалдық кезеңі басталады.
Канкунде Елена кортқа шығып, алғашқы жаттығуын өткізіп те үлгерді.
WTA турнирінің ақтық кезеңі 29 қазан мен 5 қараша аралығында өтеді. Рыбакина бұл жарысқа жолдама алған Қазақстанның бірінші өкілі болды.





